Шұжық және консерві өндірісі


Ішектерді ағынды-механикалық желілерде өңдеу



бет33/81
Дата06.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#15629
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81
Ішектерді ағынды-механикалық желілерде өңдеу. Сиыр ащы ішегін ФОК-К агрегатында өңдейді. Олар үстелден сеткілі бүртіктері бар сыққыш вальцтерге түседі. Олар ұстаушы-тасымалдағыштармен ұсталынып, майсыздандыратын машинаға жіберіледі. Екінші сыққыш вальцтерден өткеннен соң, ішектер айналдыратын ваннаға келіп түседі. Судың көмегімен оратылған ішектер жылы суы бар ыдысқа сілекей қабықшасынан тазалау үшін түсіріледі. 10-минуттан кейін оларды жылы сумен суландыру арқылы, шлямовкалау машинасында тазалайды. Тазаланған ішектерді ваннада суытады, сонан соң сорттау, метрлеу және уыстап байлау үстеліне жібереді. Ащы ішектердің сапасын-органолептикалық майсыздану, тұздау алдында (түсінен, иісінен) шлямнан тазалау дәрежесіне, төзімділігі және ауамен үрлеп, іріктеуіне байланысты анықтайды. Ащы ішектерді уыс күйінде тұздап, содан соң бөшкелерге салып, сақтайды.

Шошқа ащы ішегін – ФОК желісінде өңдейді. Шажырқайдан бөлініп алынған ішек жылы сумен суландыратын торшалы алаңға келіп түседі, осыдан соң олар сыққыш вальцтерге жіберіледі.

Ішек - ішіндегі заттарсыз ыстық суы бар ваннада 1-2 сағат батырылып тұрады. Ішекті сероз, бұлшық және кілегейлі қабықшаларынан тазалау үшін шлям айырушы машиналарға жібереді, осыдан кейін олар қайтадан ыстық сулы ваннаға түсіріледі, содан соң ішектерді екінші сыққыш вальцтерде қысып, тағы да ваннаға жібереді және соңында шлямовка машинасына тазалануға келіп түсіреді. Осыдан кейін оларды суытады, сумен толтырады, сапасы бойынша сорттап, іріктеп, тұзды ваннаға жібереді.

Қойдың ащы ішегін ФОК-Б желісінде өңдейді. Оларды сыққыш вальцтерден, шлямүгіткіш машинасынан, екінші сыққыш вальцтерден және шлямовкалау машинасынан ақырындап өткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет