Банкаларды маркілеу және буып-түю. Банкілерді маркілеу, буып-түю стандарт талаптарына сай келуі шарт. Консервілердің жапсырма қағазында дайындаған кәсіпорынның атауы; мекен-жайы; тауарлық белгісі; консервінің атауы; сорты; салмағы; консервілерге қойылатын техникалық шарттар немесе стандарт нөмірі; сақтау шарты; консервінің құрамы; пайдаланар алдындағы дайындау тәртібі көрсетіледі. Литографиялық этикеткасыз қаңылтыр банкалардың қақпағы мен түбіне консервілердің дайындалған орны мен мерзімін сипаттайтын шартты белгілер басылады. Банкалардың түбіне ведомость индексін әріппен, зауыт нөмірін санмен және дайындалған жылдың соңғы санын штампілейді. Қақпағына кезек (смена) нөмірін, дайындалған уақытын (айы - әріптерді рет-ретімен, З әріпінен басқасын), консервінің ассортиментті нөмірін басады.
Банкілерді ағаш немесе картон жәшіктерге салады. Жәшіктің бір бүйірінде мынадай жазу болуы тиіс: «Құрғақ, әрі қараңғы жерде сақтау қажет». Шыны ыдыстағы консервілер салынған жәшіктерге: «Жоғары қаратып қойыңыз!», «Абайлаңыз – шыны ыдыс! » деген жазулар басылады.
Достарыңызбен бөлісу: |