Школьные предметы 19 века



бет2/9
Дата31.12.2021
өлшемі1,79 Mb.
#23230
1   2   3   4   5   6   7   8   9
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

(1893-1938)

Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы).

1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл ) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды

Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

1910 -1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды

1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады

1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласыпАқмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болд

''Педагогика'' оқулығы –

әрі оқулық, әрі әдістемелік тұрғыдағы, автордың көзінің тірісінде екі мәрте жарық көрген. Бірі 1922 жылы Орынборда, екіншісі 1923 жылы Ташкент қаласында басылған. Мағжанның ''Педагогика'' кітабы онбес бөлімнен тұрады. Онда рухани жан тәрбие мен дене тәрбиесі жан-жақты терең қамтылған Жұмабаев кітабының Орныборда шыққан нұсқасына М. Жолдыбаевтың қазаққа ''Педагогика'' кітабы қажетті де ғажап дүние, тұңғыш оқулық деуінің маңызы үлкен. Мағжанның пайымдауынша бұл кітап, баланың бесікке салған күнінен бастап, тәй-тәй басқан әр қадамына, елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз жігіт, азамат болады, осы заманғы өркениет өресіне қол артады-деп толғануы ғажап пікір, нағыз педагогикалық толғаныс таза шешім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет