Мен істедім дегенше,
Мың істеді десеңші.
Мың істеді дегенше,
Ер істеді десеңші.
Ер істеді дегенше,
Ел істеді десеңші.
Мен мыңдікі болмасам,
Ер елдікі болмаса,
Кім істеді дер едің?
ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «За оборону Москвы», «За Победу над Германией», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, Ұлан ауданы Тарғын ауылының құрметті азаматы атағымен марапатталған ардагер Ибрагимов Раздық атамыз 2002 жылы өзінің туған күні қарсаңында Өскемен қаласында өмірден озды. Оның жиі жастарға айтатын ақылы «Бұл өмірде құр бос арба сияқты өтпей, өмірді мазмұнды етіп өткіз. Ат атандырып, сүйек сындырмаңдар» дейтін.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
Каирбеков, Кокебаев. «Всемирная история». Алматы қаласы. 2000 ж.(§25-26).
«Ұлан есімі - ұлағат бесігі».Анықтамалық./ «Обетованная - земля Уланская». Энциклопедия - Барнаул: Азбука. 2008.- 3126 (141 б.).
«Мәдениет және тұрмыс» №6 - 1972, июнь.
«Ұлан таңы» 2002 ж. 19 қаңтар (2 бет) «Ерлік ұмытылмақ емес» (Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовтың туғанына 80 жыл толуына орай.).
«Рудный Алтай» 1998 ж. 26 желтоқсан,
«Рудный Алтай» 2005 ж. 7 мамыр, (3 бет) «Семь минус семьдесять семь или Правда в наследство».
1 қосымша
Раздық Ибрагимов және оның жұбайы Уасиля Шаймарданқызы
2 қосымша
Ардагер жұбайымен Петерборда
Достарыңызбен бөлісу: |