ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N 1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 27-БАБЫ.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін бекіту тәртібі
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енгiзу үшiн ұсынылатын
тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынады.
Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін
уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін
уәкiлеттi органның келiсуiмен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.
6.
ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКIШТЕРIНДЕГI ҒЫЛЫМИ-
РЕСТАВРАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N 1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 34-БАБЫ.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары
1. Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстарына:
1) ғылыми зерттеу - тарих және мәдениет ескерткiшiн сақтау жөнiнде жобалау-сметалық
құжаттама жасау және қажеттi жұмыстар жүргiзу мақсатында оның сапасын және сақталу
деңгейiн зерделеуге, бағалауға бағытталған iс-шаралар кешенi;
2) консервациялау - тарих және мәдениет ескерткiшiн одан әрi бұзылудан сақтайтын
және ескерткiштiң тарихи қалыптасқан келбетiн өзгертпей оның конструкциялық бөлiктерi мен
сәндiк элементтерiн бекiтудi және қорғауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi. Ескерткiштiң
бүтiн сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралардан тұратын аварияға қарсы жұмыстар да
консервациялауға жатады;
3) реставрациялау - тарих және мәдениет ескерткiшiн құндылығы жоқ және ескерткiштiң
келбетiн бұзатын қабаттардан тазарту жолымен оның тарихи, сәулеттiк-көркемдiк келбетiнiң
сақталуы мен ашылуын, ғылыми негiзделген деректер арқылы ғимараттың, ансамбльдiң,
кешеннiң жоғалған элементтерiнiң орнын толтыруды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi;
4) қайтадан жасау - жеткiлiктi ғылыми деректерi мен тарих және мәдениет ескерткiшiнiң
айрықша тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе өзге де мәдени маңызы болған кезде жоғалған
тарих және мәдениет ескерткiшiн қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
5) жөндеу - тарих және мәдениет ескерткiшiнiң техникалық жай-күйiн оның келбетiн
өзгертпей, кезеңдiк жұмыстар жүргiзу жолымен күтiп-ұстау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
6) бейiмдеу - тарих және мәдениет ескерткiшiнiң тарихи, көркемдiк құндылығына және
сақталуына нұқсан келтiрмей, оның қазiргi заманға сай пайдаланылуы үшiн жағдай жасау
мақсатында жүргiзiлетiн iс-шаралар кешенi.
2. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстары - уәкiлеттi органның бақылауымен,
жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау
жұмыстары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органдарының бақылауымен жүзеге асырылады.
3. Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстары бюджет
қаражаты, инвестициялар тарту есебiнен, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң
меншiк иелерi мен пайдаланушыларының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жеке
және заңды тұлғалар лицензия негiзiнде жүзеге асырады.
«ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 11
ҚАҢТАРДАҒЫ N 214 ЗАҢЫНЫҢ 31-БАБЫ.
Мәдениет саласындағы қызметті лицензиялау
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық
жұмыстарды жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етіледі.
«ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТУРАЛЫ»ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 11
ҚАҢТАРДАҒЫ N 214 ЗАҢЫНЫҢ 33-БАБЫ.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағықызметті лицензиялау
2) Жобалау қызметі.
Қызметтiң
бұл
түрi
мынадай
кiшi
қызмет
түрлерiн
қамтиды:
қала
құрылысын
жобалау
(тарих
және
мәдениет
ескерткiштерiндегі
ғылыми-
реставрациялықжұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын
қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:
жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi
схемаларын – аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды,
шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары
мен салу жобаларын);
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2001 ЖЫЛҒЫ
16 ШІЛДЕДЕГІ N 242 ЗАҢЫНЫҢ 3-БАБЫ.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары
2) қоғамдық мүдделердi - жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар мен басқа да
қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын, экологиялық
ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауіпті (зиянды)
әсерлердiң
алдын
алуды,
елдi
мекендер
мен
оған
iргелес
жатқан
аумақтардыңинфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн, табиғат
құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделерiн.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ»ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2001 ЖЫЛҒЫ
16 ШІЛДЕДЕГІ N 242 ЗАҢЫНЫҢ 5-БАБЫ.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi
7) мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарих және мәдениет,
табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi.
«СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 16 ШІЛДЕДЕГІ N 242 ЗАҢЫНЫҢ 6-БАБЫ.
Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала
құрылысы регламентациясының объектiлерi
2. Ерекше реттелетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен қала құрылысы
регламентациясының аумақтық объектілеріне:
4) тарихи-мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын бірегей және сирек
кездесетін ландшафтық объектілері бар аумақтар;
3. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы
регламентациясының елдi мекендерiне:
4) тарихи, мәдени құндылықтар не қорғалатын ландшафтық объектiлер бар елдi мекендер,
олардың бөлiктерi немесе оған iргелес жатқан аумақ, сондай-ақ қорықтар мен ұлттық
парктердегі қоныстар;
4. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы
регламентациясының жылжымайтын мүлiк объектiлерiне:
1)
тарих
және
мәдениет
ескерткiштерi
мен
олардың
ансамбльдерi;
5. Ерекше реттеу режимi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң
актiлерiмен белгiленедi.
7.
ЖАҢА ЕСКЕРТКIШТЕР МЕН МОНУМЕНТТЕРДІ ОРНАТУ
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОРНАТЫЛАТЫН ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН
МОНУМЕНТТЕР ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ҚҰРУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 1 НАУРЫЗДАҒЫ N 311
ҚАУЛЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi
мемлекеттiк комиссия орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және
көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ осы
ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссияның негiзгi функциялары мен өкiлеттiктерi
3. Комиссия жергiлiктi атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық
ұйымдардың ескерткiштер мен монументтер орнату туралы ұсыныстарын қарайды және:
1) ескерткiштiң немесе монументтiңең таңдаулы жобасына конкурстар өткiзу;
2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс
шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудiң басқа да түрлерiн беру;
4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу;
5) ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн, тұғырдың
сызбаларын, жұмсақ материалдан жасалған құрылыс мөлшерiндегi мүсiн моделiн, құрылыс
материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегiндегi аумақтың
көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын қабылдау
жөнiнде ұсынымдар бередi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi – ҚР Үкiметiнiң 2002.11.21. N 1235 қаулысымен.
4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша:
1) республикада ескерткiштер мен монументтер орнату мәселелерiн реттеу жөнiнде
ұсынымдар әзiрлеуге;
2) Комиссия құрамына өзгерiс туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар
енгiзуге;
3)ескерткiштердi немесе монументтердi жобалау және құрылысы процесiнде авторлармен
консультативтiк жұмыс жүргiзуге;
4) ескерткiштер мен монументтер жобаларын дайындау және iске асыру жөнiнде уақытша
және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыру бойынша
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзуге;
5) ескерткiштер мен монументтер жобаларын бағалау, басым жобаларды таңдау жөнiнде
ұсыныстар әзiрлеу мен енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк
органдары мен ұйымдарының мамандарын және консультанттарды тартуға;
6) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат
сұратуға;
7) Комиссия мүшелерiнiң мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
органдары мен ұйымдарының жауапты өкiлдерiн, сараптама және жұмыс топтары жетекшiлерiн
тыңдауға;
8) ескерткiш және монумент құрылысына арналған гранттар мен техникалық көмек түрiнде
қаржыландыру тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;
9) Комиссия мүшелерiн ескерткiштер мен монументтер жобаланатын және орнатылатын
жерлерге iс-сапарға жiберу туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi – ҚР Үкiметiнiң 2004.07.30. N 807 қаулысымен.
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссияның мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi және
егер оған оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен кiсi қатысса, құқылы деп саналады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi – ҚР Үкiметiнiң 2002.11.21. N 1235 қаулысымен.
5-1. Комиссия құрамына жетекшi сәулетшiлер мен мүсiншiлер, өнер танушылар,
мемлекеттiк органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерiнiң, шығармашылық одақтардың
және басқа да мүдделi ұйымдар мен мекемелердiң өкiлдерi кiредi.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкiметiнiң 2002.11.21. N 1235 қаулысымен.
5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердiң тiзбесiн түсуiне қарай жергiлiктi
атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары
бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.
Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкiметiнiң 2002.11.21. N 1235 қаулысымен.
5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздерi мен модельдерi мәжiлiстерде алдынала қаралмаған
ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды.
Ескерту. 5-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкiметiнiң 2002.11.21. N 1235 қаулысымен.
5-4. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық
етедi, жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге
асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап бередi. Төраға болмаған
кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
Ескерту. 5-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкiметiнiң 2008.06.28 N 643 Қаулысымен.
5-5. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжiлiсiнiң күнтәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды,
қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамаларын
ресiмдейдi.
Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.
Ескерту. 5-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкiметiнiң 2008.06.28 N 643 Қаулысымен.
6. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру мен қабылданады және егер олар үшiн комиссия
мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар
тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия
мүшелерi ерекше пiкiрге құқылы, олайтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы тиiс.
Комиссия мәжiлiстерiнiң нәтижелерi бойынша, оған қатысушы мүшелер қол қойған хаттама
жасалады. Оған осы мәжiлiсте қаралған ескерткiш немесе монумент жобасының сол сатыдағы
фото суреттерi қосымша берiледi.
7. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiнiң Мәдениет комитетi Комиссияның
жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгертуенгiзiлдi – ҚР Үкiметiнiң 2004.07.30 N 807 қаулысымен, 2005.02.28
N 173, 2008.06.28 N 643, 2010.10.26 N 1113 Қаулыларымен.
8. Комиссия қызметiнiң ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етiлуiн жұмыс органы
қамтамасыз етедi.
Ескерту. 8-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкiметiнiң 2008.06.28 N 643 Қаулысымен.
9. Комиссия өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде
тоқтатады.
ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІН САЛУ ЖӘНЕ ОРНАТУ ЖӨНІНДЕГІ
ИНСТРУКЦИЯ тек орыс тілінде.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ҚАРАУЫНА
БЕРІЛГЕН
МОНУМЕНТТЕР
МЕН
ОРНАТЫЛАТЫН
ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ, МАЗМҰНЫ МЕН ЭСКИЗДІК
ЖОБАНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫН
РӘСІМДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР тек орыс тілінде.
8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА
ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI ЗАҢДАРЫН
БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН
БАҚЫЛАУ
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 14-БАБЫ.
Күтімсіз ұсталатын тарих және мәдениет ескерткіштерін алып қою
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесі осы ескерткіштерді күтіп ұстамай, бұл
олардың өз маңызын жоғалту қаупін төндіретін жағдайларда, мемлекет мұндай ескерткіштерді
меншік иесінен сот шешімі бойынша сатып алу арқылы алып қояды немесе олар, осы бапта
көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жария сауда-саттықта сатылады.
Меншік иесінен жеке меншігіндегі оның тұрғын үйі немесе тұрғын жайы болып табылатын
тарих және мәдениет ескерткішін алып қою оған Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен өзге тұрғын жай берілмей және шарт бойынша тиісті өтемақы төленбей
жүзеге асырылмайды.
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 42-БАБЫ.
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау жөнiндегi заңдарын
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау туралы заңдарының
бұзылуына кiнәлiлiгi әрекетiнен немесе әрекетсiздiгiнен көрiнген тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тарих және мәдениет ескерткiшiне немесе оның қорғау аймағына зиян келтiрген жеке
және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына
келтiруге,
ал
бұл
мүмкiн
болмаған
кезде
келтiрiлген
зиянды
Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi. Тарих және мәдениет
ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiру уәкiлеттi органның бақылауымен
жүзеге асырылады.
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 43-БАБЫ.
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы
заңнамасының орындалуын бақылау
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы Қазақстан
Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды:
1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары;
2) уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАҢТАРДАҒЫ N155
«ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ 357-1-БАБЫ.
Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз
(куәлiгінсiз),
басқа
да
рұқсатсыз, хабарламасыз
кәсіпкерлік
немесе
өзге
қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру
1. Рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi), хабарлама жасау мiндеттi болған
жағдайларда, кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен тiркеусiз немесе лицензиясыз,
арнайырұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз
айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде
қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау
заттары және (немесе) құралдары тәркiленiп не онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк
көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын
немесе орта кәсiпкерлiксубъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан қырыққа
дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден
екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге
қызметпен лицензиясыз айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған
табысты (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, - әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысанасы және
(немесе) құралы тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi
мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк
субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден жетi жүзге дейiнгi
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз
айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны,
бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады. Ескерту. Осы бап бойынша жауаптылық
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының
Заңынасәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға, сондай-ақ «Табиғи
монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |