АЙМАҚТАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАЗАНДАҒЫ № 1218
ҚАУЛЫСЫ «ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚОРҒАУ АЙМАҚТАРЫН,
ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫ РЕТТЕУ АЙМАҚТАРЫН ЖӘНЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ
ЛАНДШАФТ АЙМАҚТАРЫН АЙҚЫНДАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ РЕЖИМІ».
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу
аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидалары және
оларды пайдалану режимі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 9) тармақшасына
сәйкес әзірленген және тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс
салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін
және оларды пайдалану режимін белгілейді.
2.
Тарих
және
мәдениет
ескерткіші
деп
танылған
және
Тарих
және
мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерінің (бұдан әрі –
тарихи-мәдени мұра объектілері) қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтары,
құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары
белгіленеді.
2. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағын айқындаудың тәртібі
3. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағының шекарасын тиісті жергілікті
атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.
4. Сәулет және қала құрылысы ескерткіші жерден оның ең биік нүктесіне дейінгі
арақашықтық көлеміне тең, бірақ 20 метрден кем болмайтын қорғау аймағымен қоршалады.
5. Археологиялық ескерткіш оның шекарасынан, топталған ескерткіштерде – шеткі
орналасқан объектінің сыртқы шекарасынан 50 метр болатын қорғау аймағымен қоршалады.
Көзбен шолу қамтамасыз етілуге тиіс археология ескерткіші үшін қорғау аймағының радиусы
оның ортасынан 200 метрге тең болуға тиіс.
6. Тарихи-мәдени мұра объектісінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен
немесе жыртылған жермен немесе қоршаулармен не олардың шекара сызықтарының бойына
бұталар отырғызу арқылы белгіленеді.
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің төрт жағынан объектінің атауы, оның қорғау
аймағының ауданы көрсетілген қорғау белгілері орнатылады.
7. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймағы тиісті жердің тарих және мәдениет
ескерткіштері мен жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің орналасуы
тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.
3. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағын және
қорғалатын табиғи ландшафт аймағын айқындаудың тәртібі
8. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын
табиғи ландшафт аймағының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы
бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді
органдары бекітеді.
9. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағы қорғау аймақтарының
көлеміне екі есе тең мөлшерде бекітіледі. Құрылыс салуды реттеу аймағы қорғау аймағының
шетінен бастап өлшенеді.
10. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғалатын табиғи ландшафт аймағының көлемі
құрылыс салуды реттеу аймағына тең мөлшерде белгіленеді. Қорғалатын табиғи ландшафт
аймағы құрылыс салуды реттеу аймағының шетінен бастап өлшенеді.
11. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағы және қорғалатын
табиғи ландшафт аймағы тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан
анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек
жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.
4. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын
және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын пайдалану режимі
12. Қорғау аймағы:
тарихи-мәдени мұра объектілері және оның аумағына жапсарлас тарихи қалыптасқан
ортаның сақталуын қамтамасыз ету үшін;
тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени
құндылықтарын анықтауға ықпал ететін жағдай жасау үшін белгіленеді.
Қорғау аймағының аумағында тарихи-мәдени мұра объектісінің сақталуына, оның тарихи-
мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін жұмыстар жүргізілмейді.
13. Құрылыс салуды реттеу аймағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің қалаларды, елді
мекендерді, табиғат көріністерін жоспарлаудың және салудың тарихи қалыптасқан жүйесіндегі
кеңістіктік, композициялық рөлін сақтау үшін, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қазіргі
заманғы қала құрылысы немесе табиғи ортамен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін
белгіленеді. Қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру
жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органдары тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және
пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, барлық санаттағы тарих және мәдениет
ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет
тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi.
14. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы тарихи, сәулет-көркемдік немесе өзге де мәдени
құндылығы бар табиғи және жасанды ландшафтардың, баулардың, саябақтардың сақталуын
қамтамасыз ету үшін белгіленеді. Қорғалатын табиғат ландшафт аймағының аумағында
ландшафтың, сумен қамту жүйесінің, өсімдіктердің және басқа да аймақ режимінде көзделген
элементтердің сипатын өзгертпейтін қызметке рұқсат етіледі.
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 36-БАБЫ.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары
1. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен қорғау аймақтары,
құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары
белгiленедi.
2. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу
аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тиiстi жергiлiктi
атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары (мәслихаттар) бекiтедi және олар тиiстi жердiң тарих
және мәдениет ескерткiштерi мен жаңадан анықталған объектiлердiң орналасуы тiркелетiн
тарихи-сәулет тiрек жоспарына және карта-схемасына енгiзiледi.
3. Уәкiлеттi орган көзделген аймақтардың шегiнде Қазақстан Республикасының
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негiздерде және тәртiппен
әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдануы мүмкiн.
5.
ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ,
ЕСЕПКЕ АЛУ, ОЛАРҒА МӘРТЕБЕ БЕРУ ЖӘНЕ ОДАН АЙЫРУ
ЕРЕЖЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 2 ҚАРАШАДАҒЫ
«ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ, ЕСЕПКЕ АЛУ, ОЛАРҒА
МӘРТЕБЕ БЕРУ ЖӘНЕ ОДАН АЙЫРУ ЕРЕЖЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» №1032
ҚАУЛЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен
одан айыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және
пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 17-бабының 5)
тармақшасына сәйкес әзірленген әрі тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу,
оларға мәртебе беру мен одан айыру тәртібін айқындайды.
Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
алдын ала есепке алу тізімі - тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру
мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;
есепке алу карточкасы - тарихи-мәдени мұра объектісінің алғашқы мәліметтерін, қысқаша
сипаттамасы мен иллюстрациялық материалын қамтитын құжат;
қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі
жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп
ұстау шарттары тіркелетін құжат;
тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты (бұдан әрі - паспорт) - тарих және мәдениет
ескерткіші туралы ғылыми және нақты мәліметтерді қамтитын, ескерткіштің негізгі құжаты
болып табылатын құжат;
меншік иесі - оларды өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, тарих және мәдениет
ескерткішіне қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе
заңды тұлға;
тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - Заңға сәйкес тарих және мәдениет
ескерткішін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке
немесе заңды тұлға;
тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган
(уәкілетті орган) - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы
мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
тарихи-мәдени мұра объектілері - тарихи оқиғалар нәтижесінде пайда болған тарих,
археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе
антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты
бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық
мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері;
тарихи-мәдени сараптама - тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және
сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-
шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды.
2. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтау және есепке алу тәртібі
3. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтауды облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы
органдар) қамтамасыз етеді.
4. Анықтау мыналарды қамтиды:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мақсатында тиісті аумақтарда зерттеу
жұмыстарын жүргізу;
2) анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізіміне енгізу.
5. Тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз
етеді.
6. Есепке алу осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектісінің есепке алу
карточкасын жасау жолымен жүзеге асырылады.
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің кешені ретінде ансамбль үшін есепке алу карточкасы
әрбір объект бойынша жеке жасалады.
7. Тарихи-мәдени мұра объектісін есепке алу карточкасы жеке қосымша бетпен
ресімделетін жаңа деректер алынған кезде толықтырылуы тиіс.
8. Тарихи-мәдени мұраның анықталған объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі
және олар өздерінің мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тарих және
мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалуы тиіс.
3. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мәртебе беру және одан айыру тәртібі
9. Тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану оларды
міндетті түрде ресми жариялануға тиісті халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы
бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде бекіту арқылы баянды етіледі.
Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері
мәртебесін алады.
10. Тарихи-мәдени мұра объектісі тарих және мәдениет ескерткіші деп танылғаннан кейін
жергілікті атқарушы орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспортты
ресімдейді.
11. Ескерткіштің паспорты жекелеген қосымша бетпен ресімделетін жаңа дерек алынған
кезде толықтырылуы тиіс.
12. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мәдени және Табиғи Мұра тізіміне енгізу үшін
ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесін Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынады.
13. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің мәртебесін беру тарихи-
мәдени мұра объектісін республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің
мемлекеттік тізіміне енгізу болып табылады.
14. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін
уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді
Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қарауына мынадай құжаттармен қоса енгізіледі:
1) есепке алу карточкасының көшірмесі;
2) тарихи-мәдени сараптаманың оң қорытындысы;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану туралы,
сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айыру туралы қорытындыларды
дайындау жөніндегі уәкілетті органның арнайы комиссиясының (бұдан әрі - арнайы комиссия)
шешімі.
15. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру тарихи-мәдени
мұра объектісін уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы бекітетін жергілікті маңызы бар Тарих және
мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға мыналарды келісу үшін ұсынады:
1) қолдаухат;
2) жергілікті атқарушы органның шешімі;
3) есепке алу карточкасының көшірмесі;
4) тарихи-мәдени сараптаманың оң қорытындысы.
16. Жергілікті атқарушы органның шешімімен келісу уәкілетті органның бірінші
басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұрыштамасымен ресімделеді және мөрмен
куәландырылады.
Бұрыштамада орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адам лауазымының
атауы, бұрыштама соғушының жеке қолы, қолдың толық жазылуы, күні мен елтаңбалық мөр
қамтылады.
Келісім белгісі шешімнің соңғы парағының сол жақ төменгі бұрышына орналастырылады
және "КЕЛІСІЛДІ" деген сөзден тұрады.
17. Тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыруға әрі Тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және
(немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда уәкілетті органның, жергілікті атқарушы
органдардың уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісілген ұсынысы бойынша тарихи-
мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен
ғана жол беріледі.
18. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру және
республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен
шығарып тастау үшін уәкілетті орган арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды
ұсынады:
1) паспорттың көшірмесі;
2) есепке алу карточкасының көшірмесі;
3) мөлшері 15x20 сантиметр фотосуреті;
4) қорғау міндеттемесінің көшірмесі;
5) объектінің толық түгел жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқандығы
туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы.
19. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру және
жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімнен шығарып
тастау үшін жергілікті атқарушы орган арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды
ұсынады:
1) паспорттың көшірмесі;
2) есепке алу карточкасының көшірмесі;
3) мөлшері 15x20 сантиметр фотосуреті;
4) қорғау міндеттемесінің көшірмесі;
5) объектінің толық түгел жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқандығы
туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы.
20. Арнайы комиссия республикалық және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет
ескерткіштерін мемлекеттік тізімнен шығарып тастау туралы шешімді хаттамамен ресімделетін
тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде қабылдайды.
21. Республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
мәртебесінен айыру әрі республикалық және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік тізімнен шығарып тастау үшін уәкілетті орган мен жергілікті
атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын мынадай
құжаттармен қоса Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады:
1) паспорттың көшірмесі;
2) есепке алу карточкасының көшірмесі;
3) мөлшері 15x20 сантиметр фотосуреті;
4) қорғау міндеттемесінің көшірмесі;
5) объектінің толық нақты жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқандығы
туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы;
6) уәкілетті органның арнайы комиссиясы отырысының Тарих және мәдениет ескерткішін
мемлекеттік тізімнен шығарып тастау туралы шешімі бар хаттамасы.
22. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын дайындау Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
« ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 5-БАБЫ.
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң мәртебесi
Тарихи-мәдени мұра объектiлерi тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесiн осы Заңда
белгiленген тәртiппен өздерi тарих және мәдениет ескерткіші деп танылған кезден бастап
иеленедi.
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік
тізіміне енгiзу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлеген тәртiппен ұсынылады.
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану оларды
мiндеттi түрде ресми жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы
бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде бекiту арқылы баянды етiледi.
Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері
мәртебесін алады.
Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткiштерi, осы Заңда көзделген
тәртiппен мiндеттi түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың, оларды
меншiктену құқығын өзгертудiң және оларды мәртебеден айырудың ерекше құқықтық режимi
болады.
Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айыруға, оны Тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және
(немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана уәкiлетті органның, облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының тарихи-мәдени
мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның арнаулы комиссиясымен
келiсiлген ұсынысы бойынша, тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негiзiнде Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен ғана жол берiледi.
Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын ала есепке алу тізіміне
енгізіледі және олар өздерінің мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн, осы
Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуы тиiс.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 15 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ N 207
«МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ 33-БАБЫ
.
Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі
1. Мәдени мұраны сақтау мақсатында осы Заңның 32-бабында аталған, айрықша
құндылығы бар объектілер Мемлекеттік тізілімге енгізіледі.
2. Жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ескерткіштерді (тарихи, археологиялық,
сәулет және басқа) зерделеумен айналысатын зерттеу ұйымдары уәкілетті органға Мемлекеттік
тізілімге енгізілуге жататын объектілер туралы мәліметтер беруге міндетті. Жаңа объектілер
мен заттардың анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар ақпарат ұсынылады.
3. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Мемлекеттік тізілімге енгізу
туралы өтінімдері уәкілетті органның қарауы үшін міндетті болып табылады. Аталған
өтінімдердің берілуі мұндай объектілерге мәселе мәнісімен шешілгенге дейін, бірақ екі айдан
аспайтын уақытқа, ерекше режимді уақытша беру үшін негіз болып табылады.
« ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
Достарыңызбен бөлісу: |