ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2014 ЖЫЛҒЫ 3 ШIЛДЕДЕГІ № 226-V ҚРЗ
ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 203-БАБЫ
.
Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру
1. Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған
объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар
заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру –
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған;
2) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан;
3) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-
әрекет –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп
соққан іс-әрекеттер –
жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
«ӘКІМШІЛІК
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ
ТУРАЛЫ» КОДЕКСІНІҢ 145, 447 БАПТАРЫ (ЖАҢА РЕДАКЦИЯДА) тек орыс тілінде.
9.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ
ДАМУ КОМИТЕТІНДЕ 2014 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАДА ӨТКЕН ОТЫРЫСТА «ТАРИХИ-
МӘДЕНИ МҰРАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ
ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ» ҚОРЫТЫНДЫСЫНА ОРАЙ.
1-тармақ бойынша.
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының 39-бабына сәйкес, аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін
тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жумыстары жүргізілуге тиіс.
Тарихи, ғылымы көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған
жағдайда, жеке және заңды тұлғалар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы уәкілетті
органға хабарлауға міндетті.
Сонымен бірге, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін
жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Заңнаманың аталған қағидаларына сәйкес, Білім және министрілігіне қарасты Ә.Марғұлан
атындағы Археология институты, «Археологиялық сараптама» ЖШС, «Қазархеология» ЖШС
және т.б. археологиялық мекемелер соңғы кезде Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан облыстары аумақтарындағы шаруашылық игеру кезінде тарихи мәдени мұра
объектілерін анықтау мақсатында мемлекеттік жер телімдерінде археологиялық барлау мен
зерттеулер жүргізді.
Аталған шаралар нәтижесінде зерттелген жер телімдерінде ондаған археологиялық
объектілер табылып, олар зерттеліп, жергілікті атқарушы органдарға бағынысты тарихи-мәдени
объектілерін қорғау инспекциялары тарапына қорғауға алынды.
Археологиялық ескерткіштердің қорғалуын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыстық
деңгейде бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы өңірінде
археологиялық ескерткіштерде зерттеулер жүргізіліп, облыстың 13 ауданында ескерткіштер бар
селолық округтер әкімдерімен қорғау міндеттемелері рәсімделді. Аталған бағыттағы жұмыстар
басқа облыстарда да жалғасын табуда.
Сонымен қатар, республикалық кейбір аумақтарында мемлекеттік жер телімдеріндегі
археологиялық ескерткіштерді сақтау түйінді мәселеге айналып отыр. Яғни, өңірлердегі аудандық,
ауылдық әкімшіліктер тарапынан мемлекеттік жер телімдерін жалға беру алдында ол жерлерде
археологиялық зерттеулер жұмыстарын жүргізу қағидалары орындалмай отыр.Соның нәтижесінде
жалға берілген жерлердегі археологиялық объектілер көпшілік жағдайларда жойылуда, не жойылу
үстінде.
Осыған орай, Мәдениет министрлігі мен барлық жергілікті органдар тарапынан аталған
Заңдағы баптың орындалуы қатаң бақылауға алыңды.
2-тармақ бойынша.
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан
Республикасының Заңының 3 – бабы 13 – тармақшасында тарихи-мәдени сараптама ұғымы
берілген. Ұғымда тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу
дәрежесін белгілеуге бағытталған талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығын қамтитын
қорытынды делінген.
Әйтседе, Мәдениет министрлігі әзірлеп жатқан «Қазақстан Республикасының мәдени
саясатының тұжырымдамасы» жобасына орай, археология саласына байланысты өзекті мәселелер
аталған Заңға толықтырулар арқылы енгізіледі. Соның ішінде археологиялық сараптама,
археологиялық объектілерді есепке алу, сақтау, қорғау, мәртебе беру, мониторинг жүргізу, бірегей
мемлекеттік электрондық реестрге енгізу мәселелері қаралады.
3-тармақ бойынша.
Қазақстан аумағында 30,0 мыңға жуық тарихи-мәдени ескерткіштер бар, олардың 25,0
мыңы- археологиялық объектілер. Ол ескерткіштердің баршасы ҚР Үкіметінің тиісті қаулылармен
бекітілген Халықаралық Республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.
Қазіргі кезде Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің тізімін жасақтау бағытында іс-шаралар
жүзеге асыру және оларды электрондық жүйеге көшіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар,
аталған жұмыстарды жүзеге асыру республикалық бюджеттен қаржы бөлуді талап етті.
Осыған орай, Мәдениет министрлігі 2012 жылы «Мәдени құндылықтар және ұлттық
мәдениет игіліктері» веб- порталын құрып, оның құрамына аса маңызды тарихи-мәдени және
археологиялық құндылықтар енетін электрондық Тізбені жасау мақсатында, оның теңге шығысы
бюджеттік өтінім құрамымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігіне ұсынды.
Алайда, бұл ұсыныс республикалық бюджеттік комиссия тарапынан қолдау таппады.
Министрлік ағымдағы жылы аталған жобаның шығыстарын 2015-2017 жылдардағы арналған
республикалық бюджеттік өтінім құрамымен республикалық комиссияның қарауына қайта
ұсынады.
Сонымен қатар, Әділет министрлігінің пікірінше, құрамына археология ескерткіштері де
енген жергілікті, республикалық және халықаралық маңыздағы Мемлекеттік тізілімнің болуына
орай, жеке археологиялық реестрді жасаудың қажеттілігі жоқ деп санайды.
Жалпы, мемлекеттік тізімдерге енген археологиялық объектілер жергілікті атқарушы
органдарға бағынысты тарихи-мәдени объектілірін қорғау инспекцияларының бақылауында.
4-тармақ бойынша.
Мәдени-танымдық туризмді дамытудың әлеуеті жоғары екені белгілі. Тарихи ескерткіштер,
соның ішінде археология объектілері еліміздің маңызды игілігі болып табылады және мәдени
туризмді дамытуда аталған мұра оның перспективті бағыты болып отыр.
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің
хабарлауынша (бұдан әрі-Министрлік) Қазақстан Республикасыныңтуристік саласын дамытудың
2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді.Тұжырымдамада саланы дамыту жөніндегі нақты
жоспарларды және оның құраушыларын анықтауға бағытталған шаралар кешені жан-жақты
қарастырылған, соның ішінде Мәдени туризм және турне-мәдени ескерткіштер және тарихи мұра
орындары бойынша ұйымдастырылған турлар негізгі туристік өнімдер ретінде анықталады.
Сонымен бірге бугінгі таңда:
Министрліктің Туризм индустриясы комитетімен тарих, археология, мәдениет
нысандары орналасқан Қазақстанның туристік карта-схемасы әзірленді. Аталған
карта-схема Қазақстанда және шетелде өткізілетін туристік іс-шараларда таратылады.
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп,
туризм объектілерінің, тарихи және ескерткіш бар жерлердің, санаторийлердің,
курортты аймақтар мен өзге де көрікті жерлердің орналасқан жерлерін көрсете
отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай цифрлық картасын әзірлеу мәселесі
пысықталуда.
Жалпы, тарихи-мәдени және танымдық туризмді дамыту мақсатында бірқатар іс-шаралар
өткізілуде. Соның ішінде мәдениет және тарих нысандары бойынша туристік маршруттардың
танымалдылығын жылжыту және жаңа туристік маршруттарды әзірлеу үшін қазақстандық және
шетелдік
БАҚ
және
туроператорлық
компанияларға
арналған
ақпараттық
турлар
ұйымдастырылуда.
Сонымен бірге 2013 жылғы 7-8 қазан аралығында Министрлік Бүкіләлемдік туристік ұйым
және ЮНЕСКО бірлесіп «Қытай және Орта Азия мемлекеттеріне туризмді дамыту және Ұлы
Жібек жолы мұрасы дәліздері бойында туризмді дамытудың стратегиясы» тақырыбында жұмыс
отырысы өткізілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Қытай және Орта Азия мемлекеттеріне туризмді дамыту
және Ұлы Жібек жолы біріңғай брендін пайдалану бойынша ұсыныстар берілді, соның ішінде
Жібек жолы дәлізі бойында туризмді дамыту бойынша жол картасын әзірлеу, Ұлы Жібек жолының
бай мәдени мұрасын сақтау мақсатында өнер және қолөнерді дамыту, материалды емес мәдени
мұра, дәстүрлі қолөнерді сақтау және дамыту үшін қаржы бөлу және т.б. басқа бойынша ұсыныстар
берілді.
Мәдени-танымдық, қажылық туризмді дамыту мақсатында, өңірлерде тарих және мәдениет
нысандары бойынша туристік маршруттар әзірленді және жүзеге асырылуда.
Алматы облысы.Туристік маршруттарға келесі нысандар енгізілді: Ұлы Жібек жолы
бойындағы ежелгі Жаркент қаласы, «Сақ қорғандары», «Тамғалы», Жамбыл Жабаевтың әдеби-
мемориалды мұражайы; «Талдықорған-Жетісу гаухары» және басқалары. Бүгінгі таңда
«Тамгалы»мұражай қорығы, «Жаркент» мешіті, «Алтын адам» нысандары, Қарасай, Наурызбай,
Қабанбай, Райымбек батырлары ескерткіштері, Даркембай ұста мұражайы, сонымен бірге
«Аңырақай шайқасы» нысандары туристер үшін қызығушылық орындары болып табылады.
Сонымен бірге, Жамбыл ауданында «Талхиз» тарихи-этнографиялық кешенін және
«Мойнақ» этнотуристік кешен құру жоспарлануда.
Ақмола облысы. Туристік маршруттраға келесі нысандар енгізілді: Абылайхан алаңы,
«Қарсақ» қонысы, «Орманды бұлақ» қорғаны, Бұрабай және Көкшетау МҮТП аумақтарындағы
басқа да тарих ескерткіштері.
ОңтүстікҚазақстан облысы.Туристтік маршруттарға келесі нысандар енгізілді: Түркістан
қ.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (Юнеско-ның Бүкіләлемдік мұра ескерткіштерінің тізіміне
енгізілген), Отырар аудынындағы «Арыстан баб» кесеңесі, «Бәйдібек ата», «Домалақ ана», «Зеріп
сыланды», тарих ескерткіштері, «Әппақ ишан» мешіті және басқалары.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласында «Халық қол өнері шеберлері орталығы» ашылды,
«Саяхатшыларға қызмет көрсету орталығының» құрылысы жүргізіліп жатыр.
Қызылорда облысы.Туристік маршруттарға келесі нысандар енгізілді: Қорқыт ата
мемориалды кешені, Жент (Жанқала) қалашығы (V-XVII ғғ.), Мұлқалан (Мулла-Калан) кесенесі
(XVI ғ.), Қара-Сопы кесенесі (XVIII-XIX ғғ.),Сығанақ қалашығы (VI-XIX ғғ.), Жанкент (Янгикент)
қалашығы (V-XV ғғ.) және басқалары.
2014 жылы «Қорқыт ата мінажат ету орталығы» ашылды (Батыс Европа-Батыс Қытай
автожолының бойында) Орталық 20 орындық қонақ үй, 140 адамға арналған мешіт, мейрамхана
және т.б. қамтиды.
Жамбыл облысы.Туристік маршруттарға келесі нысандар енгізілді:
Қарахан кесенесі (XII ғғ.), Дауытбек-Шамансура кесенесі (XIII ғ.), ортағасырлық мешіт (IX-
XIII ғғ.), Қали жүніс моншасы (XIX-XX ғғ.), Ақыртас кешені (VIII -XII ғғ.), Айша бибі кешені (XI-
XII ғғ.), Бабаджа хатун кесенесі (X-XI ғғ.) және т.б.
Қарағанды облысы.Туристік маршруттарға келесі нысандар енгізілді: «Ұлытау» тарихи-
мәдени және табиғи қорық-мұражайы, «Теректі әулие» тас сүреттері, «Жошы хан», «Алаша хан»,
кесенелері, «Басқамыр», қалашығы, Құнанбай қажы мешіті, кент сарайы және т.б.
Шығыс-Қазақстан облысы. Туристік маршруттарға келесі нысандар енгізілді: М.Әуезовтің
үйі, Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу мазары, «Берел» мемлекеттік қорық-мұражайы және т.б.
Ақтөбе облысы. Туристік маршруттарға келесі нысандар енгізілді: Абат-Байтақ некрополі,
Қобыланды батыр мемориалды кешені, «Караван Сарай» архитектуралық кешені (XIX ғғ.) және
т.б.
Маңғыстау облысы. . Туристік маршруттарға келесі нысандар енгізілді: «Бекет ата»,
«Шолпан ата», «Шақпақ ата» жерасты мешіттері, «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені, «Қазал қала»
ежелгі қалашығы, «Қошқар ата», «Ұштам» кесенелері, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени
қорығы және т.б.
Атырау облысы. Туристік маршруттарға келесі нысандар енгізілді: 1943-1948 жж.
«Мұнайшыларды»тұрғын қалашығы, «Исатай-Махамбет» архитектуралық-мемориалды кешені,
«Тас кешу» Караван- сарайы, Сарайшық қалашығы және т.б.
Батыс-Қазақстан облысы. Туристік маршруттарға келесі нысандар енгізілді: В.И. Чапаевтің
мұражай кешені, Бөкей ордасы кешені және т.б.
Солтүстік-Қазақстан облысы. Туристік маршруттарға келесі нысандар енгізілді: Қарасай
және Ағыбай батыр мемориалды кешендері, Сырымбет үйі және т.б.
Археологиялық ғылымдыкең насихаттау және археологиялық мұраны сақтау және пайдалану
мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары кең пайдалануда.
Мысалы, Археология институты тек қана 2013 жылы археологияның өзекті мәселелеріне
байланысты 13 монография басып шығарды.
Сонымен бірге, «Аруна» баспасы республика өңірінде сақталып, мемлекеттік қорғауға
алыңған және жаңадан аңықталған археологиялық тарихи, көне қала құрылысы ескерткіштерінің
10 жинағын (Свод) басып шығарды. Әрбір жинақ жеке облыстар ескерткіштерінің ғылыми-
анықтамалық мақалалары ретінде энциклопедиялық бағытта баяндалады. Бұл жұмыс әрі қарай
жалғастырылады.
«Қазақстан», «Хабар», және басқа да телеарналарда археологиялық қазбалар, одан табылған
құндылықтар жөнінде апта сайын репортаждар, сұхбаттар жүргізіледі.
Республиканың баспа БАҚ-нан- «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Казахстанская правда»,
«Литер», «Экспресс К», газеттерінде апта сайын тарихи ескерткіштер мәселелері бойынша
материалдар шығады.
2013 жылдың өзінде археология саласына байланысты біршама деректі фильмдер, атап
айтқанда «Археология Казахстана», «Из прошлого в будущее» және т.б. шықты.
Республиканың тарихи-мұражайлары мен тарихи-мәдени қорық-мұражайлары археология
және тарихи ескерткіштеріне арналған буклеттер, каталогтар шығаруда.
Сонымен қатар, «Мәдени мұра» вэб-сайттарында Археология институтының, бірқатар
тарихи-мәдени қорық-мұражайлардың вэб-сайттарында археология саласындағы жаңалықтар
жарияланады.
Аталған жұмыстар алдағы кезенде жандандыра түседі деген сенімдеміз.
Археология саласындағы кадр мәселесі жөнінде.
Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, археология және ескерткіштерді қорғау
саласы бойынша кадрлар дайындау Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде,
Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Е Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінде және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік
университетінде жүргізіледі.
Бұл университеттерде «Археология және этнология», «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау»
мамандықтары бойынша оқу жүргізіледі. Олардың оқу жоспарларында «Тарихи антропология»,
«Археологиялық қазба методикасы», «Археологиялық есекерткіштерді қорғау, реставрациялау
және консервациялау», «Археологиялық материалдарды реконструкциялау» пәндері бар.
Аталған оқу процестерін жүргізуге Археология институтының, Россия Ғылым Академиясы
Сібір бөлімінің білгіш мамандары шақырылатын болады.
Сонымен бірге, Археология институтының дирекциясы, жыл сайын жас археологтарға
аталған сала бойынша семинар-практикум өткізуді ұсынады.
5-тармақ бойынша.
«Қара археология» және заңсыз археологиялық қазбалар жүргізу жөнінде.
«Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 357-
1- бабына сәйкес, кәсіпкерлік қызметпен лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз
айналысу айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айппұл салуға әкеп
соғады.
Сонымен бірге, Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, археология объектілерінде заңсыз
қазба жұмыстарын жүргізген үшін жауапкершілік күшейтілді. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі жаңа редакциясының жобасының 203 бабына сәйкес, тарихи-мәдени
ескерткіштерді қасақана жою немесе оларға зақым келтіргені 3 жылдан 10 жылға дейін
бостандықтан айырылады.
Оған қоса, Мәдениет министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, археология
объектілерінде заңсыз қазба жумыстарын жүргізген кезде арнайы техникалық құрылғылар
қолданғаны үшін жаупкершілікке тарту жөнінде Қазақстан Республикасынынң Бас
прокуратурасына ұсыныс енгізді.
Управление культуры, архивов и документации ВКО
КГУ «Восточно-Казахстанское областное учреждение по охране
историко-культурного наследия»
ЗАКОНОДАТЕЛЬНЫЕ АКТЫ В СФЕРЕ ОХРАНЫ ОБЪЕКТОВ
ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Методическое пособие
Усть-Каменогорск, 2014 год
Содержание
10.
Компетенция местных исполнительных органов районов (городов областного
значения) ...............................................................................................................................
11.
Особый режим объектов национального культурного достояния ............................
12.
Правила выдачи охранных обязательств на памятники истории и культуры......
13.
Зоны охраны памятников истории и культуры ...........................................................
14.
Правила выявления, учета, придания и лишения статуса памятников истории и
культуры ………………………………………………………………………..…...…..
15.
Научно-реставрационные работы на памятниках истории и культуры ……........
16.
Сооружение новых памятников и монументов ……………………………….......…
17.
Ответственность за нарушение законодательства Республики Казахстан об охране и
использовании объектов историко-культурного наследия и контроль за его
исполнением …………………………………………………………….....….…..
18.
Дополнительные материалы ...........................................................................................
|