+ Грипп// Риновирусты инфекция
***
40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады. Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық. Аурудың ағымын бағалаңыз//
Вирусты гепатит В, ауыр ағымы//
--Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IVдәреже//
--Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже//
--Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже//
+ ++Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже ***
20 жасар науқастың шағымдары: көп мөлшерлі, сулы, «күріш қайнатпасы» тәріздес жиі нәжіс, көп реттік құсу, бұлшық еттердің әлсіздігі, шөлдеу, ауыз құрғауы, бұлшықеттердің құрысуы. Дене қызуы қалыпты. Тері қабаты құрғақ, тургоры төмен, ауз қуысының кілегей қабаты құрғақ, дауыстың қарлығып шығуы байқалады.Науқастың жағдайы сусызданудың қай дәрежесіне сәйкес//
0 дәрежесіне//
I дәрежесіне//
+ II дәрежесіне// III дәрежесіне//
--IV дәрежесіне
***
17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.Сіздің болжам диагнозыңыз//
Иерсиниоз//
Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1//
Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2//
Жеделдеу (баяу) бруцеллёз//
+ Жедел бруцеллёз
***
32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз//
+ Псевдотуберкулёз//
--Жәншау (Скарлатина)//
Лептоспироз//
Қызылша//
Листериоз
***
35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°С-дейін дене қызуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған. Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жанұясында барлығы сау.Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн//
Дексаметазон//
Цефтриаксон//
Ацикловир//
+ Иммуноглобуллин//
Вакцина
***
21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Зәрдің түсі ауырғаннан 3 күннен соң қоңырлаңған, 4 күннен соң денесі сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ.Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында.ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%.Келтірілген биохимиялық анализдің қайсысы бұл ауруға анағұрлым сәйкес//