Шокпарова дана канатхановна



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
а) Далалық зерттеу әдістері ландшафттарды сапалық бағалау кезіндегі ең 
басты және алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Негізгі мақсаты - 
далалық зерттеу кезінде таксономиялық бірліктерден бастап ландшафттардың 
шекаралары мен алып жатқан аумақтарын анықтау.
Сонымен қатар, ландшафттардың негізі болып саналатын топырақтың 
қасиеттері мен типтерін анықтау барысында топырақ қимасы жасалынды. Қиманы 
жасау барысында топырақтың әрбір 10 см аралығынан топырақтың үлгілерін 
алып, механикалық құрамы, карбонаттар мен гумус мөлшерін анықтау үшін 
қажет.
ә) Зертханалық әдістер ландшафттардың жеке бөліктері, ерекше қасиеттері 
мен топырақтың құрамы, олардың қасиеттері, микроклиматы, гидрологиялық 
жағдайы туралы мәліметтерді далалық зерттеулер нәтижесінде жинақталған 
мәліметтерді ландшафттарды сипаттау кезінде пайдаландық.
б) Статистикалық әдіс далалық және зертханалық жұмыстардың 
нәтижесінде алынған сандық мәліметтер арқылы ландшафттарды "сапалық" 
бағалауының уақыт және кеңістік аралығында өзгерістерін анықтау үшін 
пайдаланылады.
а) Морфометриялық әдіс.


17 
Морфометрия – геоморфологияның бір бағыты бедерді анықтап, сипаттау 
мақсатында толық сандық мәліметтерді зертейтін ілім. Морфометриялық талдауда 
арнайы өлшемдер мен бедердің сандық көрсеткіштерін анықтау арқылы 
зерттеулер жүргізеді. Сандық сипаттамалардың жинағы әртүрлі болуы мүмкін. Ол 
морфометриялық зерттеулердің мақсаты мен оны аймақтық бірліктерге 
пайдалануға да байланысты болады. 
Географиялық талдау жұмыстарының бастамасы ретінде бедердің рөлін 
анықтауда сандық мәліметтерін анықтап алған өте қажет. Зерттеудің ең тиімдісі - 
морфометриялық әдісті пайдалану. Бұл әдіс геоморфологияда кеңінен 
пайдаланылады және де зерттелетін нысандардың өзгерістерін сандық 
көрсеткіштері арқылы сипаттауда көп қолданылады. Морфометриялық әдістің 
ауқымы осымен ғана шектеліп қоймайды, оның зерттелу көлемі өте кең және 
басқа да геоэкологиялық мәселелерді шешу үшін де пайдаланылады. 
Жер бедері арнайы морфометриялық көрсеткіштері бар карталарда кеңінен 
зерттелініп, талқыланады. Алайда, бедер туралы мағлұматтарды жинақтау және 
солардың негізінде морфометриялық карталарды дәстүрлі «қолмен» құрастыру 
әдісі үлкен ауқымды аймақтар үшін пайдалануда өте көп еңбек пен күшті қажет 
етеді. Қазіргі ғылым мен технологияның дамыған кезінде, геоақпараттық 
жүйелердің кеңінен дамуы зерттелетін аймақ туралы сандық мәліметтер алуды 
айтарлықтай жеңілдетті. Сондықтан, бедердің электрондық бейнесі, географиялық 
ақпараттық жүйелердің негізінде оның сандық үлгілерімен көрсетілген. Аталған 
мағлұматтарды алу және ГАЖ технологияларын пайдалану барысында 
орындаушының алдында тұратын басты міндеті – үлгілердің нақтылығы мен 
сапасының жоғары болуы. 
б) Картографиялық зерттеу әдістері. 
Жер бедері келбетінің картографиялық сұлбасы аумақта болып жатқан 
құбылыстар мен олардың арасындағы қарым-қатынасты, байланысы мен дамуын 
көрсететін графикалық әдістің бірі болып саналады [85, 86]. Осыған байланысты 
картографияда жеке белгілік жүйелер пайдаланылады. Басты зерттеу тәсілдеріне 
келесілері жатады: белгілер, сызықтық белгілер, изосызықтар, сапалық фон, 
жекеленген диаграммалар, нүктелік әдіс, картодиаграммалар және басқалары.
Белгілер карта нысандардың сипаты, орналасуы, түрлері, уақыт 
аралығындағы көріністерін көрсетеді. Картографиялық нысандарды сипаттауда 
пішін, өлшем және реңктер пайдаланылады. Пішіндері бойынша геометриялық, 
әріптік және көрнекілік болып бөлінеді. 
Сонымен қатар, пішіндік белгілер нысандардың сандық көрсеткіштері мен 
аудандық мәліметтері туралы да ақпарат береді.
Сызықтық белгілер, біріншіден, геометриялық сызықтар (әкімшілік-
аумақтық шекаралар, қабатальдар), екіншіден - карта масштабында сызық 
бойымен ұзаққа созылып жататын (өзендер, көлдер, жолдар, т.б.) белгілер. 


18 
Сандық және сапалық мәліметтері суретпен, әртүрлі пунктирмен, түспен және 
сызықтардың ені арқылы ерекшеленіп көрсетіледі. 
Сапалық фон әдісі зерттелетін аумақты табиғи, экономикалық және саяси-
әкімшілік сипаттарына байланысты бөлінуін көрсетеді. Жер бетінде жайғасып 
жатқан, ортақ, біртекті құбылыстарды (мысалға, топырақ жамылғысы) сапалық 
бағалауда немесе бір жерде шоғырланған таралу түрін көрсетуде (елді мекенді 
орналастыру) пайдалнылады.
Нүктелік әдіс жер бетінде шоғырланып таралған нысандарды (ауылдық елді 
мекендері, егіншілік алқаптары, мал шаруашылығы және т.б.) карта бетіне 
түсіруде пайдаланылады. Өлшемдеріне, мақсаттарына байланысты олардың
мәндері арқылы түрлі өлшемдер, түстер беріледі. Осы арқылы нысанның орналасу 
тығыздығы немесе топастырылған нысандар туралы ақпарат береді.
Ареалдар (егістік алқаптары, полигондар, өсімдіктер мен жануарлардың 
таралу және т.б.) карталарда үлескінің толықтай немесе пунктир белгілері арқылы 
сұлбасы, пішіні белгіленіп, бояумен немесе штрихпен безендіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет