Шокпарова дана канатхановна


  ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
 



ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
 
2.1 
Зерттеу нысандары 
Зерттеу нысаны ретінде Іле Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан 
Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімшілік территориясын қарастырдық.
1922 жылдан Қастек, ал 1928 жылдан бастап Жамбыл ауданы аталып келген 
аудан жерінің аумағы 19,3 мың км² [72]. Халқының саны 124 мың 400 адам. Оның 
36 970 адамы аудан орталығында тұрады. Ауданда 24 ауылдық, кенттік округтер, 
61 елді мекен бар. Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылы. Бастапқы атауы – 
Ұзынағыс. Бұлай аталу себебі аудан жерін басып өтетін тау өзенінің Күртінің 
жазығына дейін кететін кең алқапты алып жатуынан және ағысы қатты 
болғандығынан. Орыс мұжықтары ХІХ ғасырдың екінші жартысында осы жерге 
қоныстанғаннан кейін Ұзынағысты «Узынагыс» деп, бара бара Узунагач аталып, 
оны қазақшалағанда Ұзынағаш болып кеткен.Жамбыл ауданының оңтүстігін Іле 
Алатауының батыс бөлігі алып жатыр, ал, оңтүстік батысын Шу-Іле тауларының 
шығыс сілемдері алып жатыр. Солтүстікке қарай ауданның жер бедері 
жазықтыққа ұласады. Мұнда Бозой үстірті және Қараой аңғарымен әрі қарай 
Аңырақай және Жусандала жазығымен, Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды 
алқаптарымен шектеседі. Кен байлықтары түсті металдар, әктас , құрылысқа 
арналған тас кездеседі.
Географиялық орны мен ерекшеліктері. Аудан Алматы облысының 
батысындағы Қырғызстанмен шектесіп жатқан Жамбыл облысының Қордай 
ауданымен жалғасып жатыр. Ауданның оңтүстігін Іле Алатауының батыс
оңтүстік батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солтүстікке 
қарай ауданның жері жазықтыққа ұласып, Бозой үстірті мен Қараой аңғары, ал 
одан әріқарай Аңырақай, Жусандала жазықтарымен жалғасып, Тауқұмның 
Сарытауқұм құм-даласы және Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі.Алматы 
облысының аумағы солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Сарыарқаның оңтүстік 
сілемдерімен (Шолақ, Қызылтатар, Қаракеңгір, т.б.) солтүстік-шығысында 
Тарбағатай жотасымен, Барлық Майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен 
бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы, Борохоро, Боротола жоталары 
арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь-Шанның Кетпен 
(Ұзынқара) жотасымен және Күнгей Алатауымен, оңтүстігінде Іле, Теріскей 
Алатауларымен және оңтүстік-батысында Шу - Іле тауларының Жетіжол және 
Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу - Іле тауының 
Айтау, басқа да аласа таулар мен тауаралық аңғарлармен шектеседі. Солтүстік-
батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді-шөлейтті 
өңіріне толасады. 
Жер бедері мен геологиялық құрылымы, олардың ерекшеліктері. Ауданның 
жер бедері бір-бірінен айырмашылықтары бар геоморфологиялық бірліктер –


10 
таулы, тауалды және жазықтық болып келеді. Іле Алатауының аласа таулы–тау 
алды белдемінде (800-900 метрден 1400-1500 метрге дейін, Іле Алтауы аумағының 
шамамен 35%) орналасқан. Бұл белдем жотаның орталық сілемесінен солтүстік 
бағытта созылып жатқан тау қырқаларымен сипатталады. Шатқалдар түрінде 
келетін өзен аңғарларының тереңдіктері 300-500 м-ге жетеді. Басты ағын 
сулардың ысыранды конустары айқын байқалады. Бұл белдемге үштік және 
қойтас-ірі 
малтатасты 
төрттік 
шөгінделерінің 
сығысып 
қатпарланған 
қабаттарынан тұратын жайпақ массивті қырқалар – «бөктерлер» тән. Жалпы 
алғанда, аласа таулы белдемдерде биіктіктердің амплитудалары шамалы, бірақ 
айтарлықтай көлденең тілімделген. Аумақтың 5,8 пайызында тілімдену 600-700 
метрге дейін жетеді [73]. Аласа таулы-тау алды белдемі қатты ағындының 
қалыптасуындағы рөлі биік таулы-мұздықты және орта таулы белдеулермен 
салыстырғанда айтарлықтай төмен. Беткейлер еңістігінің төмендеуі, шамалы ғана 
тік тілімдену, жауын-шашынның аз мөлшері, шымдану үдерісінің кең орын алуы 
және тағы басқа табиғи салдарынан болады.
Іле Алатауы геологиясын зерттеулерге көптеген жұмыстар арналған. Ең 
танымалдары Н.Г. Кассин [74], Д.Н. Казанли [75], Г.Ц.Медоев [76], Н.Н.Костенко 
[77, 78], А.А. Абдуллин [79] және Е.Д. Шлыгин [80] т.б. еңбектері.
Жотаның баурайында төрттік шөгінділермен түрлі қалыңдықта ысыранды-
конустары қалыптасқан. Жергілікті жер биіктіктерінің өсуімен төрттік 
шөгінділердің таралуы мен тереңдігі азаяды да, ірілігі ұлғаяды. Оңтүстік 
беткейінде солтүстік беткейлерімен салыстырғанда борпылдақ шөгінділердің 
қабаты қалың болып келеді [81].
Басты жоталары солтүстікке қарай сатылап төмендейтін, жазықтау тауалды 
жоталар Дегерес, Қазы - Басы, Үшқоңыр және т.б. Абсолютті көрсеткіші теңіз 
деңгейінен 1200-ден 1800 м болатын таулар жатыр. Бұл таулар конус тәріздес тау 
шлейфтеріне құятын тау өзендерінің арналары бар тау етегі жазығын тең бөледі. 
Төбе конустары 750-1200 м биіктікте орналасқан. Төбе конусының шекарасында 
және тау асты жазығында Қопа өзенінің жағалауын көрсететін сазды жазық 
басталады. Жағалаудың шеттері солтүстік және оңтүстікке қарай көтеріңкі. 
Бұндағы ерекше геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдай арқасында 
жерасты сулары жоғарыға жылжу нәтижесінде ылғалдылық болады, сондықтан 
қыртыс жартылайморфты және гидроморфты тұзды қыртыстар таралған. 
Солтүстіктен Қопы жағалауына солтүстік-батыста ауданда ұсақ тауға айналатын – 
Іле тау төбелері баяу жоталы үстірт қабысады.Тағы солтүстікке қарай ұсақ 
төбелер одан әрі жазық бедерге айналады және жайлап Жускен дала жазығынан 
кейін сары Тау көл құм массиві орналасады.
Іле Алатауының Солтүстік бөктері негізінен мезазой, үшінші және қазіргі 
кездегі қалдықтар негізінде құралған. Ауданның бұл бөлігінде қыртыс түзуші 
шикізат таудың кристалды түрлерінің сары топырақты ауыр саздақтар, тұзды 
үшінші қабатты саз балшық (орта таулы және төмен таулы) Ұзынағаш, Шолақ-


11 
Қарғалы, Ақтерек, Ырғайты өзендерінің борпылдақ, тұрпайы ірі жұмыртасты және 
ұсақ тасты қабаттардан түзілген шошақ конусты төбе көтермелері болып 
табылады. 
Жирен-Айғыр, Самсы, Құтырған, Куруөзен өзендері бөліп жатқан тауалды 
құлама етек жазықтар өзінің механикалық құрамы жағынан түрлі қайта 
қабатталған проллювиальды және делювиальды түрлерден түзілген. 
Қызылтүсті құмды-саз топырақты ұсақ тасты түрлерден түзілген үшінші 
қабаттың күштілігі бірнеше метрден ондаған метрге дейін созылады. Ауданның 
солтүстігі төртінші қабаттар – құмдар күштілігі 1,5-5м. Олар жеңіл механикалық 
құрамды ашық түсті сұртопыраққа арналған қыртыс түзуші түр болып табылады. 
Жер өңдеуде ашық түсті сұртопырақ қыртыстың дефляциясында кең таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет