Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ!



бет2/10
Дата28.03.2023
өлшемі166,46 Kb.
#76833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
әқ

Әкімшілік-құқықтық актілердің көбісінің жүйе құраушылық белгілері бар. Бір жағынан, мұндай актілер өзіндік мәнге ие, себебі қатынастардың белгіленген тобын реттейді (мысалы органдардың, лауазымды тұлғаның мәртебесі немесе құзыреті), келесі жағынан – нақты сұрақтарды шешудегі қызметтің процессуалдық шегін анықтауда сақталады (мысалы көлік инспекциясы органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өндіру бойынша нұсқау).

Әдебиетте әкімшілік құқықтың пәнін құрайтын қатынастар сыныптамасын анықтауда келіспеушіліктер бар. Мысалы Д.Н. Бахрах оларды: Ішкі аппараттық қатынастар; Әкімшілік биліктің азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынасы деп бөледі.


Ал, А.П. Алехин, Ю.М. Козлов бұл қатынастарды басқару аясына, қатысушыларына, мақсаттарына, мемлекеттік құрылысына байланысты бөледі. Сыныптамалау үшін негіздер бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты әкімшілік, басқарма, ішкіаппараттық қатынастар мемлекеттік емес ұйымдарда да орын алуы мүмкін. Яғни қатынастарды сыныптамалау негіздері әкімшілік биліктің табиғатын сипаттайтын типологиялық байланыстарды табуға көмектесуі керек.
Сондықтан әкімшілік құқықтың пәніне келесі қатынастарды жатқызуға болады: атқарушы билік органдарының ұйымдастырылуымен байланысты; азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен әкімшілік билік органдарының арақатынасы мен басқарудағы әкімшілік-биліктік құзіреттерді жүзеге асыру барысында пайда болатын; әкімшілік-деликттік сипаттағы.
2 - сұрақ. Әкімшілік кұкықтың әдісі. Құқықтык реттеу әдісінің жалпы сипаттамасы.
Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, яғни әкімшілік құқықтың әдісі болып әкімшілік-құқықтық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін әдіс-тәсілдер, шаралар жиынтығы саналады.
Бұл жиынтықты құрайтындар:
а) құқық беру – тұлғаларға өздерінің жеке белсенді әрекеттеріне құқық беру;
ә) тыйым салу – белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды талап ету;
б) позитивті міндеттеу – тұлғаларға өздерін дұрыс ұстау міндетін жүктеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет