Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ!


Әкімшілік құқық нормалар заңды күшіне байланысты заңнамалық және заңасты болып бөлінеді



бет7/10
Дата28.03.2023
өлшемі166,46 Kb.
#76833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әкімшілік құқық нормалар заңды күшіне байланысты заңнамалық және заңасты болып бөлінеді.

Әкімшілік құқық нормалар заңды күшіне байланысты заңнамалық және заңасты болып бөлінеді.

Нормаларды аталған түрлерге жатқызу оны шығарған органның мемлекет органдары иерархиясындағы орнына тікелей байланысты. Заңнамалық нормалар Парламент қабылдаған заңдарда, сонымен қатар Парламент оған заң шығару құзыретін берген кезеңде Президент шығарған және заң күші бар Президенттің жарлықтарында бар болады. 

Заңдасты нормалар – Президент жарлықтары мен өкімдерінде, Үкіметтің қаулыларында және атқарушы билік органдарымен өз құзыреті шегінде шығаратын т.б. нормативтік актілерде болады. Кеңістікте қолданылу шегі бойынша нормалар жалпыға бірдей міндетті және ішкіжүйелік болып бөлінеді. Жалпыға міндетті нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің орындаулары үшін орнатылады.Ішкіжүйелік нормалар атқарушы биліктің төмен тұрған органдарына белгілі бір талаптар таратады.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық нысандары.

      • Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық нысандары.
  • Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздері ретінде мына алты нысан танылады:
  • 1) құқықтық әдет;
  • 2) нормативтік акт;
  • 3) сот прецеденті;
  • 4) келісімшарт;
  • 5) сот тәжірибесін жалпылау;
  • 6) ғылыми құқықтық доктрина.

Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздеріне:

Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздеріне:

- ҚР Конституциясы;

- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

- ҚР Парламенті қабылдайтын заңдар;

- Конституциямен анықталған ҚР Президентінің актілері: жарлықтар; өкімдер; заң күші бар жарлықтар;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет