Процессуалдық норма ретінде материалдық нормаларды қолдану барысында және мемлекеттік билік органдарымен нормативтік актілерді басуда мемлекетпен орнатылған немесе санкцияланған ұйымдастырушы қатынастарды жүзеге асыру ережелері танылады. Әкімшілік құқық нормаларын субъектінің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі бойынша міндеттейтін, тыйым салатын және құзырет беретін деп бөледі.
Міндеттейтін нормалар тұлғаға белгілі бір әрекеттер жасауға міндет орнататындар болып табылады. Мысал ретінде әділет органдарында заңды тұлғаларды міндетті тіркеу туралы нормаларды, белгіленген мерзім ішінде басқару органдарымен (лауазымды тұлғалармен) азаматтардың шағымдарын қарау қажеттілігі туралы нормаларды келтіруге болады.

Тыйым салатын нормалар берілген нормалармен анықталатын жағдайларда белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан көрініс табады. Тыйым салулар жалпы және арнаулы сипатта болады.
Жалпыға мысал ретінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді жасамауды талап етуді келтіруге болады.
Ал арнаулыға мысал ретінде салық қызметкерлеріне егер салық төлеуші олардың туысы болса, онда өздерінің кәсіби міндеттерін осы салық төлеушіге қатысты орындауға тыйым салынады.
Ал арнаулыға мысал ретінде салық қызметкерлеріне егер салық төлеуші олардың туысы болса, онда өздерінің кәсіби міндеттерін осы салық төлеушіге қатысты орындауға тыйым салынады.
Әкімшілік құқық нормаларын мақсаттық арналуы бойынша реттеуші және қорғаушы деп бөледі. Реттеушілерге немесе бастапқыларға мемлекеттік билік аясындағы қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу міндеттерін жүктеумен немесе субъектілерге құқық берумен байланысты нормалар жатады.
Қорғаушы нормалар құқық бұзушылықтардың құқықтық салдарларын орнататын, яғни әкімшілік теріс қылық құрамдары мен оларды жасағаны үшін өндіру болып табылады.