Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ!



бет9/10
Дата28.03.2023
өлшемі166,46 Kb.
#76833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
әқ

Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың ынтасы бойынша пайда болады. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар әкімшілік тәртіп қағидасы бойынша, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және өкім ету жолымен шешіледі. 

4-сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.

4-сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері болып табылатындар: 

- Субъект;

- Объект;

- Заңды факт.

Заңдық нысан құқықтар мен міндеттер берген қоғамдық қатынастардың қатысушылары:

- ҚР азаматтары; шетел азаматтары;

- азаматтығы жоқ адамдар;

- мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық бөлімдері, кәсіпорындар, мекемелер және т.б.

- мемлекеттік ұйымдар;

- қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

- мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері;

- әкімшілік құқықтар мен міндеттер берілген қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып басқару аясындағы адамдардың әрекеттері табылады. 

Олардың көмегімен мынадай қоғамдық қатынастар қарастырылады: жалпы объект – мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар; тікелей объект – субъект адамдардың әрекеттері. Мұндай әрекеттер өзінің сипаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін.олар материалдық игіліктерде қолданылуы мүмкін (мысалы: азаматтардың денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау және т.б.).

Әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен анықталған жағдайлар болғанда ғана пайда болады және тоқтатылады, яғни заңды фактілер негізінде. Заңды факт болып әрекеттер мен оқиғалар танылады.

Әкімшілік құқық екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.

Әкімшілік құқық екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.

Әкімшілік құқықтың жалпы бөлімінің жүйесі – мемлекеттік басқару саласының жалпы сұрақтарын реттейтін нормалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет