атқарушы билік аясындағы қоғамдық қаттынастарды императивті реттеудің әлеуметтік қажеттілігін сезінуді бейнелейді;
мемлекет мүдделерінің заңдық басымдығын ескеретін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері бар;
ресми және жалпыға бірдей міндетті сипаты бар, сонымен бірге қолдану барысында сендіру мен мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі;
әкімшілік құқық шығармашылық актісі болып табылады және мемлекетпен танылатын әкімшілік құқық бастауларында болады.
(Сонымен әкімшілік-құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік билік органдарымен (заң шығарушы, атқарушы) орнатылатын және атқарушы билік аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері. Әкімшілік құқық нормалары әр түрлі критерийлерге байланысты сыныпталуы мүмкін, осыдан олардың сәйкесінше түрлерін бөліп алуға болады.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну үшін ең қажетті болып келесі критерийлер табылады:
а) мазмұны;
ә) субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі;
б) мақсаттық арналуы;
в) қолданылу аясы;
г) заңды күші;
ғ) әрекет ету шегі (кеңістіктегі, уақыттағы, субъектілерге байланысты әрекеттері).
Әкімшілік құқық нормаларын мазмұны бойынша материалдық және процессуалдық деп бөледі. Материалдық нормалар азаматтардың, ұйымдардың, атқарушы органдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін бекітеді. Бұл, мысалы, атқарушы билік субъектісінің құқықтарын, міндеттерін, құзыретін, сонымен қатар әкімшілік құқық реттейтін қатынастар қатысушыларының жауапкершілігін анықтайтын нормалар.