Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


ҚР ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ұғымы мазмұны құрылымы



бет30/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
32.ҚР ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ұғымы мазмұны құрылымы

2016 жылдан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6) тармақшасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық әрекетіне «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу» жатады. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бойынша жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады және мемлекет пен қоғам осындай жағымсыз құбылысқа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ерекшелігі – сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық жағымен қатар, ол мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларымен де тығыз байланыста болуында.2009 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды [28], ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігін қатаңдатуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жағдай жасайтын нормаларды алып тастауға бағытталған. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономиканың мәселесін қағазбастылықсыз шешуге бағытталған кешенді саясиқұқықтық реформа, азаматтық құқықтарды іске асырудың рұқсатнамалық тәртібінен өтініш берушіге көшу нәтижесінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай болмаған жағдайда кез келген реформалар, тіпті заң тұрғысынан ең кемелді заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әмбебап құралына үміттене отырып, жемқорлар үшін және жалпы алғанда бюрократия үшін ең үздік сыйлық болады. Мемлекет қабылдаған іс-шаралардың дұрыстығы мен тиімділігі Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы өзінің беделін жоспарлы түрде арттыруымен, экономикасы мен халықтың әлауқатын көтеруімен расталады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет