56.Тәртіп этикасы-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру негізі.
Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл осы бағыттағы жұмысқа талдау жасай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және тұрақты жүйелі мониторингті ескере отырып, жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде Сот жүйесіндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары әзірленді.
Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзулықытарының салдарларын азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық, ұйымдық және өзге де механизмдерін әзірлеу және енгізу сот қызметі тиімділігінің қажетті элементі болып табылады.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын одан әрі іске асыру 2018-2020 жылдарда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, мыналар оның негізгі басым бағыттары болып табылады:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әрі жүйелі басты шарты ретінде тәуелсіз сот төрелігін нығайту;
- заңнаманы одан әрі жетілдіру;
- сот процесіне қатысушылар арасында жүргізілетін кезеңдік әлеуметтік зерттеулердің тиімділігі мен жариялылығын арттыру;
- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану дәрежесін кеңейту;
- соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан-жақтылы тереңдету;
- соттардың жұмысының анықтығын арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жолымен арттыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып отырған алдын алу-профилактика шараларының тиімділігін арттыру.
I. Жоспардың мақсаты мен міндеттері
Жоспардың мақсаты: соттардағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне үзілді-кесілді ымырасыздық ахуалын құру жолымен сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру, судьялар корпусының бүкіл құрамы мен сот жүйесінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыруға көмектесу.
Жоспардың міндеттері:
- соттарда сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды дереу жою;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу;
- сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктеріне қарсы әрекет жасайтын механизмдерді әзірлеу және енгізу;
- сыбайлас жемқорлық іс-қимылдары тәуекелінің мүмкіндіктерін азайту;
- судьялар корпусы, сот жүйесінің қызметкерлері мен қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |