61) 1999 жылғы 27 қаңтардағы сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа Кеңесі Конвенциясының мазмұны
Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында Еуропа Кеңесінің тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады. Соның растығы ретінде 1996 жылы Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрекетінің Бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаның аясында сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенциялар қабылданды. Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Конвенциясы 1999 жылы 27 қаңтарда қол қойып, бекітуге әзірленді, ал Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенция Страсбург қаласында 1999 жылы 4 қарашада қол қоюға ұсынылды. Екі конвенцияға Еуропа Кеңесінің құрамына әзірше кірмейтін, шақырылған еуропалық мемлекеттер, сондай-ақ еуропалық емес мемлекеттер (АҚШ, Канада, Жапония және конвенцияларды дайындалу барысына қатысқан өзге де елдер) мүше бола алады. Әр конвенция 14 мемлекет мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы Конвенцияның преамбуласында құқықтық тәртіпке, демократияға, адам құқықтарына, әлеуметтік әділеттілікке, экономикалық дамуына, моральдық ұстанымдарға төнетін қатер баса көрсетілген. Алайда жемқорлықтың ортақ ұғымы Конвенцияда келтірілмеген. Дегенмен ІІ бөлімде «Ұлттық деңгейде қабылданатын қажет шаралар» жемқорлықпен байланысты қылмыстардың 13 түрі анықталды – ұлттық мемлекеттік лауазымды тұлғаларды белсенді түрде параға жығу (2 бап), ұлттық мемлекеттік лауазымды тұлғаларды белсенсіз түрде параға жығу (3 бап), ұлттық мемлекеттік жиын мүшелерін параға жығу (4 бап), шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларды және шетелдік мемлекеттік жиын мүшелерін параға жығу (9 бап), халықаралық парламент жиналыс мүшелерін параға жығу (10 бап), халықаралық соттың лауазымды тұлғаларын және судьяларды параға жығу (11 бап). Мұндай қылмыстық әрекеттер ішінде – қызмет бабын пайдақорлықпен қолдану (12 бап-14 бап). Сонымен, Еуропа Кеңесі бірінші кезекте қол жетерлік географиялық шектер аясында тиімді құқықтық өзара көмек көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен трансұлттық және мемлекетішілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған құқықтық нормалардың үлгісін жасайды. Сондықтан Конвенцияның 4-11 баптарымен қарастырылған параға жығу туралы Конвенциялық нормалар жоғарыда аталған белсенді және белсенсіз параға жығудың нақтылауы болып табылады. 13 бапқа сәйкес жеқорлықпен байланысты қылмыстардан түскен кірісті жылыстаудың дербес сыныптамасы жөнінде сөз қозғалады. Осылайша, бап мағынасы бойынша параны алу не беру былайша айтқанда, заңсыз жолмен табылған ақша қаражаттары немесе өзге де мүлікті жылыстау немесе заңдастыру болып табылады. Конвенцияның 2-12 баптарымен қарастырылған жемқорлық қылмыстарды жасау, жасыру және жағдайларын бұрмалау болып табылатын қасақана іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жөнінде сөз қозғалады: 1) жалған немесе толық емес ақпараты бар құжаттарды қолдану немесе ресімдеу, немесе 2) төлем операцияларын бухгалтерлік кітаптарға енгізбеу
Достарыңызбен бөлісу: |