62) Сыбайлас жемқорлықтың өсімін ынталандырушы ссебептер, шарттаржәне факторлар
Сыбайлас жемқорлық арқылы үнемі қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу, коммерциялық ұйымдарды құру және тіркеу, лицензиялау, қорларды бөлу, жер реформасын жүргізу және т.б. сауалдарын қарастыратын мемлекеттік құрылымдар зиян шегіп жатады.Сыбайлас жемқорлық субъектілері ретінде бір жағынан лауазымдық тұлғалар, екінші жағынан – заңды және даңсыз жеке сектор өкілдері шығып жатады. Заңмен қорғалатын және белгіленген барлық мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық қатынастар сыбайлас жемқорлық объектісі болып табылады.Қызмет саласына байланысты сыбайлас жемқорлықтың мына түрлерін айыра білу қажет: мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметкердің (шенеуніктің) мемлекеттік қорларды иемдену мүмкіндігі болуы және мемлекет пен қоғам мүддесі үшін емес жеке бас пайдасы үшін шешім қабылдауы;
- кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық, мәселен, ұйым қызметкерінің (коммерциялық немес қоғамдық) өзіне тиесілі емес қорларды иемденуі: өз пайдасын осыдан алатын екінші тараптың көмегімен ұйым мүддесін бұзатын әрекет арқылы заңсыз пайда табу мүмкіндігі бар.Экономикалық салада сыбайлас жемқорлық кері құбылыстар мен үдерістердің тұтас қатарын дамыту мен тудыруға ықпал етіп жатыр. Нарықтық бәсекелестік механизмі бұзылады, өйткені бәсекеге қабілеттілер емес, пара бергені үшін басымдыққа ие болған тарап жеңіске жетеді. Бұл экономикадағы көпполисті бағыттар туындауына әкеп соғады, оның қызмет ету тиімдігінің азаюына алып келіп, мұның соңы еркін бәсекелестік идеясының дискредитациялануына ұласатыны анық.Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының өсуіне ықпал ететін ерекше себептер мен жағдайлар арасында экономикалық қылмыскерлік аса көзге түседі. Экономикадағы нарықтық экономиканың жетілдірілмеуі, заңдағы ақтаңдақтар, азаматтардың адамгершілік ұстанымдарын қалыптастырудағы шешілмеген мәселелер осыған себепші. Құқыққорғау органдары және экономикалық қылмыскерлік біте қайнасып сыбайлас жемқорлықпен күреске ірі кедергі келтіретін ортаны құрайды.Ақырында, сыбайлас жемқорлық ұйымдасқан қылмыс пен көлеңкелі экономика қалыптасуы мен дамуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуді ықпал ететін құрал болып табылады. Бұл мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуі азаюына әкеп соғады, түсімнің шетел капиталына жыылстауы және мемлекеттің өз экономикалық, саяси және әлеуметтік қызметтерін тиімді атқару мүмкіндігін қиындатады.Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік- психологиялық себептері қоғамда моральдың түп -тамырымен өзгеруіне, азаматтардың жеткіліксіз ақпарттануы мен ұйымдасуына, биліктің өз бетімен кетуі мен жүгенсіздікке жол беруіне қоғамның енжар қарауы. Сыбайлас жемқорлық жарияланған және іс жүзіндегі құндылықтар арасындағы айырмашылықтардың елеулілігін болжамдайды және қоғам мүшелерінің мораль мен мінездің «екіжақты стандартын» қалыптастырады. Оның өзі қоғамда бәрінің шегі ақша болуына, адамның қадір-қасиеті оның табыс табу жолына қарамастан жеке дәулетінің мөлшері арқылы өлшенуге алып келіп, девальвация болып, адамдар тәртіптерінің өркениетті әлеуметтік реттеушілері: мораль, құқық, дін, қоғамдық пікір
нормаларының күл -паршасы шығуына алып келеді.Сыбайлас жемқорлық тар олигархтық топтар пайдасына өмір игіліктерін әділетсіз түрде бөліп беруге, бұқара арасындағы мүліктік теңсіздік артуына, қоғамның елеулі бөлігінің қайыршылыққа ұшырауының арта түсуіне және әлеуметтік торығудың өсуіне ықпалын тигізеді. Қоғам санасында азаматтардың билік алдындағы және қылмыстық топтар алдындағы қорғансыздығы туралы ой қалыптасады.Қоғамда тұнып тұрған моральдық-этикалық рай мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне өте күшті әсерін тигізеді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның билікке сенімін азайтып, жариялылық құндылықтарына деген сенімінен ада қылып көңілін қалдырады, мұның өзі мемлекеттік құрылымның басқа, анағұрлым қатігез түрі - диктатураға көшуіне әкеле алады.
Достарыңызбен бөлісу: |