Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Сыбайлас жемқорлық қылмысының жалпы сипаттамасы



бет60/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85
Байланысты:
Оакк 19-23

64. Сыбайлас жемқорлық қылмысының жалпы сипаттамасы.

1. Қылмыс—бұл ең алдымен қоғамдық қауіпті әрекет.

Қоғамдық қауіп-- сыбайлас-жемқорлық қылмысының ажырамас, қажетті белгісі, оның материалды нышаны, ол әлеуметтік маңызын ашады. Бұл ҚР ҚК 9 бабы 2

бөлшегінде ерекше көрсетіледі.ҚР ҚК ерекше бөлшегімен қарастырылған кез-келген әрекет формалды түрде іс-әрекет немесе әрекетсіздік сақтаса да қылмыс болып табылмайды, егер мағнасы аз болғандығынан зиян келтірмесе және жеке тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қаупін құрмаса.

2. Қылмыс—қылмыстық заңсыз іс-әрекет.

Қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс болып табылмайды, егер ол жасалған уақытында қылмыстық заңмен қарастырылған болмаса.Құқыққа қарсылық қоғамдық қауіптің заңды белгісі. Ол қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған адамның қылмыстық-құқықтық нормасы бар тыйымды бұзғанын көрсетеді. Сыбайлас-жемқорлық қылмыс қылмыстық заңды бұзып, көбінесе сол мезетте құқықтың басқа салаларының заңнамалық нормаларын бұзады.Мысалы, лауазымды адамдар лауазымдық құзыреттерімен заңсыз пайдаланып азаматтардың меншікті мүлкімен пайдалану, иелену, билік жүргізу құқығын бекітетін монополияға қарсы заңнаманы, лицензиялау туралы заңды, азаматтық-құқықтық нормаларды бұзады. Мұндайда құқықтың басқа салаларының нормаларын бұзу, одан қалды мораль нормаларын бұзу қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыстық деп мойындауға жеткіліксіз. Міндетті түрде бұл іс-әрекет қылмыстық-заңсыз болып табылғаны керек, яғни қылмыстық заңмен қарастырылуы қажет.

Қолданыстағы қылмыстық заңнамалықта қоғамдық қауіп және қоғамдық заңсыздық, қылмыс түсініктемесінде қалыптасып, ажырамасыз.Тек қана осы екі белгінің болуы қылмыс деп белгілейді.

3.Соған қарамастан маңызды белгілерден басқа -- қоғамдық қауіп және қоғамдық заңсыздық—қылмыстық заңнама қылмыстық жауапкершілік пен жазалауды егер адам қылмысты жасаса ғана қарастырады, яғни ол оны әдейі немесе байқамай жасаған болса.

Орыс тілінде “жауапкершілік” “өз іс-әрекетіне және ісіне жауап беру міндеті, қажеттілік, яғни өзіне мүмкін болатын салдарын қабылдау” деп түсіндіріледі.

Қылмыстық жауапкершілік, демек,--адамды жасаған қылмысы үшін соттау, мемлекет атынан кінәлау үкімінде келтіру, тіпті бұл адам заң қарастырған негіздер бойынша қылмыстық жазалаудан босатылса да.

ҚР ҚК 20 бабының 1 бөліміне сәйкес әдейі жасалған қылмыс болып тікелей немесе жанама жымысқылықпен жасалған іс-әрекет болып мойындалады. Осы баптың 2,3 бөлімінде қылмыс тікелей жымысқылықпен жасалған болып мойындалады, егер адам өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілігін сезіне отырып, қоғамдық қауіпті салдарын көре білді және соның болғанын қалады; қылмыс жанама жымысқылықпен жасалған деп мойындалады,егер ол қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің болуын білді, болғанын қаламады, бірақ санамен оның салдарының бойын білді немесе немқұрайды қарады.

Сондықтан адамның қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған мезетте өзінің іс-әрекетін сезінуі, білуі, оларға басшылық жасауы, яғни саналы болуы кінәнің міндетті бөлшегі болып табылады.

4.Қылмыстың тағы бір белгісі-- оны жазалау, бірақ ол міндетті түрде қылмыстың соңынан келетін іс емес.

Жазалауды жазалау қаупінің келуі деп түсіну керек.Қылмыс құрамы қылмыс объектісін, объективті жағын, қылмыс субъектісін және субъективті жағын сипаттайтын 4 белгі тобын құрайды.Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың нақты құрамдары ҚР ҚК баптарында беріледі.

4.1. Қандай қылмыстар Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық болып мойындалады?

Сыбайлас-жемқорлық қылмыс болып ҚР ҚК 176 баптың үшінші бөлімінің г) тармағы;193 баптың үшінші бөлімінің а)тармағы; 209,307 баптың үшінші бөлімінің а)тармағы; 308,310-315 баптардың төртінші бөлімінің в) тармағы,380 бап қарастырған қылмыстар мойындалады.Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы сыбайлас-жемқорлық және басқа қылмыстар ҚР ҚК 13 тарауында болады.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыстар, әлеуметтік-құқықтық іс болып, қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынасқа қоғамдық қауіпті әрекет жасау болып табылады.Мұндай қылмыстар қауіпті, себебі қоғамға және қоғамның мүшелеріне саяси, материалды және басқа зиян келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет