Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл туралы



Pdf көрінісі
бет24/39
Дата07.04.2022
өлшемі4,63 Mb.
#30174
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Екінші, қаржыландыру жобаларын қарау рәсімдерінің жетілдірілмеуі

Ғылыми жобаларды қаржыландыруға өтінімдер қарастырудың екі кезеңінен 

өтеді: мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу және Ұлттық ғылыми 

кеңестердің отырысы.

Бірқатар жағдайларда мүдделер қақтығысы байқалады.

25 баллдан астам жобаларды қаржыландырудан бас тартқан 28 237 002 теңге 

сомасындағы қаржыландыру «Қар массасын кәдеге жарату және су ресурстарын 

толықтыру  үшін  кешен  әзірлеу»  жобасы  17  баллмен  мақұлданды.  Аталған 




22

III ТАРАУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Уәкілетті  органның  тиісінше  бақыламауы  және  заңнама  ағаттықтары  зият-

керлік  меншік  және  авторлық  құқықтарды  қорғау  саласында  сыбайлас 

жемқорлық тәуекелдерінің болуына ықпал етеді. 

Бұдан басқа, құқық иелеріне төлемдердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік 

беретін авторлар мен туындылар туралы деректер базасы жүргізілмейді.

Сондай-ақ,  қаржыландыруды  мақұлдау  кезінде  артықшылық  көрсетуге, 

кеңестердің жасырын дауыс беру рәсімі де ықпал етеді. Дауыс беру қорытын-

дылары бойынша жобаны ұсынған тұлғаларға түсініктемелер берілмейді, осыған 

байланысты олардың жобалары мақұлданбаған.

толықтыру  үшін  кешен  әзірлеу»  жобасы  17  баллмен  мақұлданды.  Аталған 

жобаны  Қазақстан  Ұлттық  жаратылыстану  ғылымдары  академиясы  ұсынды. 

Аталған бағыт бойынша кеңестің төрағасы жоғарыда аталған академияның бас 

ғылыми хатшысы болып табылады.

Бұл  жеке  сот  орындаушыларының  сыйақы  мөлшерін  өндіріп  алынған 

соманың немесе өндіріп алынған мүлік құнының 3-тен 25% - ға дейінгі шегінде 

белгіленуіне байланысты. 

Субъективті  фактор  әсерін  және  атқарушылық  құжаттардың  біркелкі 

бөлінбеуін  болдырмауға  бағытталған  атқарушылық  іс  жүргізу  органдарының 

автоматтандырылған интеграциялық жүйесі түзету мүмкіндігіне жол береді.

АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДА

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДА

Іс жүзінде «тиімді» атқару құжаттарына қол жеткізу жеке сот орындаушыла-

рының  өңірлік  палаталарының  басшылығымен  не  сот  органдарында  бай-

ланыстар,  танысу  есебінен  алынуы  мүмкін.  Мысалы,  Астана  қаласы  бойынша 

Әділет  департаментінде  қағаз  тасығыштарда  жіберілетін  барынша  «тиімді» 

материалдар  жеке  сот  орындаушыларының  шектеулі  тобы  арасында  ғана 

бөлінді.  

Сот актілерін орындау кезінде бір сот орындаушысында іс жүргізудегі құжат-

тардың шамадан тыс саны, сондай-ақ «тиімді» атқарушылық құжаттарды алуға 

ұмтылу жүйелі проблема болып табылады

Республика  бойынша  мүліктік  құқықтарды  ұжымдық  негізде  басқаратын 

9  ұйым  аккредиттедтелді,  оларға  қатысты  3  жылдан  астам  уақыт  бойы 

тексерулер жүргізілмеген.

Қолданыстағы  зияткерлік  меншік  және  авторлық  құқықтарды  қорғау 

мәселелері бойынша заңнамада сыйақыларды жинау, бөлу және төлеу жүйесі, 

сыйақыларды төлеуді растайтын құжаттар тізбесін нақтылау және авторларды 

іздеу  жөніндегі  шаралар  бөлігінде  олқылықтар  бар.  Бұл  мүліктік  құқықтарды 

ұжымдық  негізде  басқаратын  ұйымдарды  тексеру  кезінде  уәкілетті  органға 

дискрециялық өкілеттіктер жасайды.

Мысалы,  жиналатын  сыйақыға  байланысты  мәселелерді  егжей-тегжейлі 

реттеудің болмауы тексерушілер тарапынан да, ұйымдар тарапынан да ықтимал 

теріс пайдалану тәуекелдерін тудырады.

Авторлық  сыйақыларды  жинау,  бөлу  және  төлеу  рәсімдерін  реттейтін 

заңнамалық  актілердегі  кемшіліктер,  аталған  ұйымдардың  миллиардық 

пайдасы-мен  қоса  және  уәкілетті  органның  тарапынан  бақылаудың  болмауы  

ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін құрады.



23

III ТАРАУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Сондай-ақ, тәркіленген контрафактілік тауарларды тіркеу, сақтау және жоюға 

қойылған талаптар орындалмайды.

Бірқатар  ұйымдарда  қайырымдылық  қорлары  құрылған.  Мысалы, 

«Зияткерлік  меншік  құқықтарын  басқару  жөніндегі  қазақстандық  қоғам» 

ұйымында  «Өнерді  қолдау  қоры»  қайырымдылық  қоры  құрылған,  оған 

2016-2017 жылдары 77 млн. теңге аударылған. Сонымен қатар, уәкілетті орган 

аталған сұрақ бойынша мониторинг және бақылау жүргізбейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет