Сіби білім беру


ӘЖ сымдарын жалғау және жөндеу



Pdf көрінісі
бет167/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   256
ӘЖ сымдарын жалғау және жөндеу.
Әдетте осы шараларды тарқатқаннан кейін бірден немесе сымды тіреуге 
көтеру алдында оны тартқату кезінде іске асырады.


385 
ӘЖ сымдарын жалғау бұрау, қысу немесе сопақ жалғауларындағы 
қысыммен тексеру, термиттік дәнекерлеумен, бұранда жалғауларымен 
және басқа да тәсілдермен орындай алуы мүмкін.
Қысумен 
сымды 11.16 суретінде көрсетілген құрылғысының 
білдегінде жалғайды.
Білдеу 2 топсасымен жалғанған 1 және 6 тетіктерінен, 1 жылжымалы 
тетігі бар 11 топсасымен байланысты 7 қапсырмаларынан тұрады. 
Қапсырмада ішкі кескіні бар 9 саңылауы бар, оған 8 бұрандасын салады, 
ол өз кезегінде 5 тұтқа тетігімен қысу кезінде айналып отырады. Білдек 
3 болатты астарлармен жабдықталған, олар екі бөліктен тұрады – 
жоғарғы және төменгі. Астар бұрамалармен 4 орындарында бекітіледі. 
10 бұрамасы қысу күшін реттек үшін қызмет атқарады.
Әрбір астарда сымның анықталған қимасына сәйкес келетін сандар 
қағылған. Жұмыста екі астар біруақтылы қатысып отырғанына орай, 
әрбір жұпқа бірдей реттік санды береді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін астарларды шығарып алып, бензин 
немесе керосинде шайып алып, техникалық вазелинмен майлап қалың 
қағаздың ішіне орап қою керек. Білдекті машина майымен майлаған 
дұрыс. Білдекті де, сол сияқты астарды да құрғақ жерде сақтаған жөн 
болады.
Сымдарды жалғау үдерісіне көшер алдында, олардың тіреуде 
көрсетілген 
реттік 
орналасуына 
сәйкестігін 
тексеріп 
алады. 
Орамдардың, сымдардың және арқандардың тарқатылуының алдын-алу 
үшін олардың үштарына жалғау орындарына жұмсақ байлау сымынан 
құрсауды орнатады. Жалғанатын ұштарды қол арасымен кесіп немесе 
осы білдекте кескіш астарларын қоя отырып, тегістейді.
Ары қарай, сымдардың ұштарын жалғау қысқышына оларды өңдеу 
ұзындығынан кем дегенде 1,3...1,5 учаскісінде қорғайды. Егер сым 
қатты тотығып кеткен болса, онда оның орамын тарқатады және әрбір 
11.16 сурет. Қысумен сымдарды жалғауға арналған білдек:
1, 6 — тетік; 
2, 11
— топса; 3 — астар; 4 — орын; 
5 — тұтқа тетігі; 7 — қапсырма; 8 — бұранда; 9 — саңылау; 
10 — бұрама 


386 
сымжы бөлек қорғайды. Алдымен құрған шүберекпен, одан кейін 
бензинге малтылған, кейін қайтара құрған шүберекпен сүртеді, 
жалғанып отырған ұштарды техникалық вазелиннің немесе қорғаныс 
пастасының қалың қабатымен майлайды және болатты ысқышпен 
қорғайды. Тура сондай кезекпен жалғастырғыштың ішкі байланыс 
бөліктерін қорғайды, бір ерекшелік – ол үшін болатты ысқышты 
қолданады.
Қорғаныс пастасы байланыс бетін тотығып кетуден, алюминийден 
қатты бола отырып, сымның металына батып кететін және жалғанудың 
барлық ұзындығы бойымен байланыс көпірлерін түзетін мырыш 
шаңынан сақтайтын вазелиннен тұрады. Қазіргі кезде мырыш шаңының 
орнына кварцты құмды қолданады.
Сымдарды қысумен жалғауға көшер алдында 3 астарлардың және 
сопақ жалғастырғыштардың тұтастыруға жатқызылатын сымдар 
диаметріне сәйкестігін тексереді. Одан кейін астарларды онда баср 
әріптер мен сандар бір жақтан орналасатынын бақылай отырып, 
орнатады. 10 тірек бұрандамасымен 0,4...0,5 мм тең болатын астарлар 
арасындағы ең аз қуысты орнатады да, оны қуыс бұрғысымен тексереді. 
Одан кейін сымдарды жалғастырғышқа ұштары оның ішінен 15...20 мм 
екі жағынан шығып тұратындай етіп салады. Жалғастырғыштың 
шеттеріндегі тәуекелдер сымның шығып тұрған ұштары жағынан болуы 
керек.
Жалғастырғышты оған салынған сымдар ұштарымен астарларға 
төсейді және 5тетік тұтқасының көмегімен қысуды іске асырады. Әрбір 
қысу кезінде 6 тетік 10 тірек бұрамасымен жанасқаннан кейін 1...1,5мин 
үзіліс жасайды.
СОАС түрлі (болатты алюминий сымдарына арналған сопақ 
жалғастырғышы) сопақ жалғастырғышы тұтастай тартылған металды 
гильза ретінде сипатталады, оның пішіні жалғанатын сымдардың 
қисмаларынан тәуелді. Мыс сымдары мыс жалғастырғыштарында, 
алюминий және болатты алюминий сымдары – алюминий, ал болатты 
көпсымдылар – болатты немесе мы жалғастырғыштарында жалғанады. 
Жалғауға даярлау кезінде сопақ жалғастырғышты ластанудан тазартады, 
бензинде шаяды, таза шүберекпен құрғақ болатындай етіп сүртеді және 
вазелинмен майлайды. Егер жалғастырғышта (немесе сымда) коррозия 
белгілері байқалса, онда оларды болат ысқышымен жояды да, қорғалған 
жерлерде вазелинмен майлайды.
Қимасы 95 мм дейінгі алюминий және болатты алюминий сымларын
сопақ жалғастырғышты бұрау әдісімен жалғау үдерісін келесідей 
әдіспен орындайды (11.17 сурет). 1 сымдарының даярланған ұштарын 2 
жалғастарғышысына кіргізеді, оны МИ-189А (немесе МИ-190А) 
аспабына салады және бір ұшымен қозғалмалы қысқышта, ал екінші 
ұшын – аспаптың бұрау бастиегінде қысады.


387 
11.18 сурет. Сымдарды қысыммен тексеруге арналған агрегат:
1 — бак; 2 — манометрге арналған штуцер; 3 — шұра; 4 — сорғы; 5 — қысым; 6 — 
бітеуіш; 7, 8 — жоғары және төменгі матрицалар сәйкесінше; 9 — құрылғылар 
жәшігі; 
10
— құбыр желісі 
11.17 сурет. Сымдарды сопақ
жалғастырғыштармен жалғау:

_ сым; 
2
— жалғастырғыш
Осы күйде тетіктің көмегімен жалғастырғыштың қысылған ұшы бар 
бастиекті 4...4,5 айналымға бұрайды, одан кейін дайын жалғауды 
қысқыштардан босатады да, аспаптың ішінен шығарып алады.
Болат сымдарын СОС түрлі сопақ жалғастырғыштарымен, 
СОАС түрлі жалғастырғыштарындағы алюминий сымдарын тәрізді 
технологиясы бойына жалғайды, бірақ, осы жағдайда жалғастырғышты 
2...2,5 айналымға ғана бұрайды. Сонымен қатар, жалғастырғыштың 
монтажынан кейін жалғастырғыштың болатты тұрқысын коррозияға 
қарсы бояғышпен немесе ЗЭС маркалы майлау затымен сылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет