Сибирская государственная геодезическая академия



бет29/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
1. Мәліметтерді іздеу және сұрыптау:

  • берілген облыс бойынша кеңістіктік мәліметтерді (атрибутивті, позициондық) монитор экранында тікбұрыш, дөңгелек немесе көпбұрыш түрінде сұрыптау;

  • аудандық типті кеңістіктік объектіге сәйкес келетін берілген облыс бойынша, кеңістіктік мәліметтерді (атрибутивті, позициондық) сұрыптау;

  • кеңістіктік мәліметтерді (атрибутивті, позициондық) графикалық кескінде меңзердің (курсор) нұсқауымен сұрыптау;

  • кеңістіктік мәліметтерді (атрибутивті, позициондық) объектілердің идентификаторы немесе идентификаторлар жиыны арқылы сұрыптау;

  • позициондау кеңістіктік мәліметтерін көрсетілген атрибуттар бойынша сұрыптау.



2.мәліметтерді реструктуризациялау:

  • мәліметтерді векторлық ұсынудан растрлық ұсынуға түрлендіру (растеризация);

  • растрлық мәліметтерді сығымдау (архивация) немесе архивтен ашып шығару;

  • растрлық ұяшық өлшемінің өзгерісі (растр кеңейтілімі);

  • түзу сызықты контурлардың артық нүктелерін алып тастау;

  • контурларды қисықтылықты және пішінді сақтай отырып тегістеу.



3. Мәліметтерді трансформациялау:

  • мәліметтерді бір координата жүйесінен басқасына түрлендіру (ротация, жылжу, масштабтау);

  • векторлық және растрлық мәліметтерді трансформациялау әдістерімен (икемді түрлендірулерді қолданумен) матақырыптық сәйкестендіру;

  • проекцияның параметрлері белгілі болған жағдайда карталарды бір проекциядан басқа проекцияға трансформацциялау;

  • саналуан матақырыптық негізді түрлі көздерден мәліметтердің интеграциялануы кезінде, әртүрлі жобалардың мәліметтерін бір аумаққа сәйкестендіру.

2.4.6. Кеңістіктік талдау


Бұл топтың функциялары ГАЖ аналитикалық және үлгілейтін жұмыс атқару облысын қамтиды және ерекше кеңістіктік есептерді шешуді қамтамасыз етеді, яғни ГАЖ-н құру үшін, барлық іс-әрекеттерді жасайды. Олар ГАЖ-нің маңызды функциялары және нәтижелігінен тікелей ГАЖ нәтижелігімен пайдалылығына тәуелді. Кеңістікік талдаудың көптеген негізгі функцияларын 8 шағын топшалардың жиыны түрінде елестетуге болады.




1. Геокеңістіктің геометриялық сипаттамаларын анықтау (өлшеу операциялары):
1) берілген екі нүкте арасындағы түзудің немесе сынықтың ұзындығын;
2) берілген екі нүкте арасындағы қисықтың ұзындығын;
3) полигон периметрін;
4) полигон ауданын;
5) берілген нүктеден сызыққа немесе полигонға дейінгі ең жақын арақашықтық;
6) сызықтар немесе пологондар арасындағы ең жақын арақашықтық.

ПЕРИМЕТРЛЕР



2. Геокеңістіктің топологиялық сипаттамаларын анықтау (кеңістіктік объектілердің қарым-қатынасы):
1) қосынды (включение) (В объектісі А объектісіне қосылған);
2) құрамына кіру (содержание) (А объектісінің құрамында В объектісі бар);
3) қиылысу (пересечение) (А объектісі В объектісін қиып өтеді);
4)қабысу (примыкание) (А объектісі В объектісіне қабысады);
5) көршілік (соседство) (А объектісі - В объектісінің көршісі).



3. Обьектілерде кіші операцияларды орындау

  1. А және В жиындарын біріктіру (А U В) – А, В жиындарының біреуіне болсын жататын элементтер жиыны.

  2. А және В жиындардың қиылысуы (А ∩ В) – А және В жиындарына жататын элементтер жиыны.

  3. А және В жиындарының айырымы (А\ В) – В жиынының құрамында А элементтер жиыны жоқ.

Мысалы, А объектісі – орман, Б объектісі – саз, шалшық:



4. Буферлік аймақты құру
Буферлік аймақ- бұл эквидистанттарды есептеу және құрастыру жолымен құрылған, эквидистантты сызықтармен шектелген облыс (латынның aequidistans — бірдей қашықтықтағы деген сөзінен шыққан), көптеген нүктелік, сызықтық және полигондық кеңістіктік объектілерге қатысты алғанда, бірдей қашықтықта орналасады. Буферлік аймақ кеңістіктік шектеулері әртүрлі объектілер (нүктелер, сызықтар, полигондар) айналасында екі нұсқада құрылады:

  • әртүрлі факторлардың әсерінің тұрақты мәнінде – (өлшеусіз буферлеу),

  • әлдебір факторлардың әсеріне тәуелді – (өлшеумен буферлеу).








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет