Сибирская государственная геодезическая академия



бет28/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

4. Атрибуттарын жасау:

  • атрибуттарды кеңістіктік объектілермен идентификатор немесе центроид бойынша байланыстыру;

  • интерактивті режимде атрибуттарды пернетақтадан немесе мәзірден енгізу;

  • пакетті режимде атрибуттарды идентификатор немесе центроиды бойынша байланыстыру арқылы енгізу.



5. Қателерді ашу және жою, үлгіні редакциялау:

  • растр сапасын бақылау (түпнұсқасының деформациясы, кеңейтілімі, кездейсоқ кескіндердің бар болуы) және оны түзеу;

  • векторизация сапасын бақылау (қабысу кезінде қиып өтетін сызыққа, сызықты асыру немесе жеткізбеу, полигондарды тұйықтау), геометриялық үлгіні интерактивті немесе автоматты режмдерде түзету;

  • интерактивті немесе автоматты режимдерде нүктелер координаталарының форматын және дұрыстығын бақылау;

  • интерактивті немесе автоматты режимдерде топологияның дұрыстығын бақылау және геометриялық үлгінің түзетулері;

  • интерактивті режимде векторлық объектілердің орын ауыстыруы, өзгеруі, қосылуы;

  • интерактивті режимде объектілер идентификаторларының өзгеруі және қосылуы, дұрыстығын бақылау;

  • интерактивті режимде объектілер кодтарының өзгеруі немесе қосылуы, тапсырманың дұрыстығын және толықтылығын бақылау.




      1. Геокеңістіктік мәліметтер базасын құру және басқару

Бұл топтың функцияларының ерекшелігі координаталық жүйелерді, аумақтарды картографиялаудың кеңістіктік үлгілерімен масштабтарын есепке алғандағы позиционирлеу мәліметтерін ұйымдастыруда айқындалады. Ең маңызды функциялар келесілер болып табылады:



  • кез келген типті объектілерді сипаттауды қамтамасыз ететін ГАЖ үшін, ішкі мәліметтер үлгісін беру;

  • координаталық жүйелердің келісімімен аумақты көп деңгейлі (масштабтар бойынша) ұсынуды қамтамасыз ету;

  • ақпараттың сапасы жайлы, құрамында мәліметтердің тегі, дәлдігі, бөлшектілігі және толықтылығы бар мәліметтерді енгізу;

  • аумақтың беттері және бөліктері (фильтрация, тігу) бойынша растрлық мәліметтерді енгізу және ұйымдастыру;

  • аумақтың беттері және бөліктері (фильтрация, тігу) бойынша векторлық мәліметтерді енгізу және ұйымдастыру (сілтеме, тәптіштеу, тігу – геометриялық жапсарлас объектілердің интерактивті немесе автоматты қосылысы, клиппирлеу, нүктелерді қосу немесе алып тастау);

  • атрибутивті мәліметтерді енгізу және өзгерту (идентификаторлардың өзгеруі, кодтардың бірігуі);

  • мәліметтердің массивтерін объектілердің шектеу түрі, тақырыбы, кластары бойынша ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

  • мәліметтер базасының жобаларын қолдау (нақты кеңістіктік есепті шешу үшін, анықталған аумақтың мәліметтер жиынтығы);

  • жүйелі, тура және кілт бойынша мәліметтерге қол жетулікті қолдау;

  • атрибутивті және позиционирлеу мәліметтерінің байланыстарын басқару;

  • мәліметтер жаңартуларын қамтамасыз ету (қосылу, жою, модификациялау);

  • мәліметтер базасының транзакцияларын қадағалау мүмкіндігі;

  • мәліметтер базасында оқу/жазу өкілеттігін орнату мүмкіндігі;

  • мәліметтер базасын қарап шығу;

  • мәліметтер базасының апаттық жағдайлардан кейін, қалпына келу мүмкіндігі.

2.4.4. Мәлңметтердің экспорты/импорты

Мәліметтердің экспорты және импорты функциялары ГАЖ және басқа ақпараттық жүйелердің бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етуге арналған.


Бұл топта үш негізгі функциялар бар:

    • басқа жүйелердің форматындағы сыртқы мәліметтер қатарынан ГАЖ ішкі форматына конвертациялау (мәліметтердің экспорты);

    • ГАЖ ішкі форматындағы мәліметтерді басқа жүйелердің форматындағы мәліметтерге конвертациялау (мәліметтердің импорты);

    • кең таралған халықаралық айырбас форматтарын қолдау (факт бойынша стандартты болып табылатын).

2.4.5. Мәліметтерді түрлендіру


Берілген топтың функциялары мәліметтер базасынан кеңістіктік мәліметтерді алуға және кеңістіктік талдаумен, картографилық бейнелеуге дайындау мақсатымен түрлендіруге бағытталған. Олардың жиынтығында функциялардың бірнеше шағын топтарын ажыратуға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет