Графикалық редакторлар Бұл графикалық кескіндерді құруға, түзетуге және көруге арналған бағдарламалардың қуатты жиынтығы. Олар кез келген графикалық кескіндердің, соның ішінде картографиялық кескіндердің құрылуын қамтамасыз етеді. Алайда бұл жүйелер объектілердің семантикалық ақпаратын сипаттауға мүмкіндік бермейді, нүктелік объектілерді, стандартқа сай емес қаріптерді (шрифт), доғал қисықтарды бейнелеуде шектеулері болады.
CorelDraw, Adobe Illustrator, Free Hand векторлық редакторлары және Adobe Photoshop, GIMP растрлық редакторлары кең қолданылады.
АК, ИБЖ (СУС) және ГР өзгешеленетін және САПР мен ГАЖ үшін ортақ болып, жергілікті жердің кеңістіктік үлгісін құру және онымен жұмыс істеу болып табылады. Сонымен қатар, САПР жеке функция, ал ГАЖ- негізгі болып табылады.
Соңғы жылдары ГАЖ функциялары интеграцияланған AutoDesk ltd., Intergraph, MicroStation жаңа САПР пайда болды. Оларда стандартты геометриялық ақпараттың үлкен санын өңдеуге және геометриялық объектілермен әртүрлі манипуляциялар жасауға, сонымен қатар жобаланатын объектілерді орналастыру үшін геокеңістіктің үлгісін құруға мүмкіндік беретін қуатты графикалық ядро пайдаланылған.
Демек, мағынасы бойынша неғұрлым жақын болып ГАЖ және САПР бағдарламалық жүйелері болып табылады, дегенмен маңызды айырмашылықтар да сақталады:
САПР оның түрлендіру жобасын жасау үшін, негіз ретінде бір рет геокеңістіктің нақты үлгісін пайдаланады, басқаша айтқанда: виртуалды геокеңістікті құрастыру үшін (жобаланып жатқан және бар болған объектілерді жаңа виртуалды геокеңістікке синтездеу) пайдаланады. Жобаны орындаудан кейін, геокеңістік өзгереді, пайдаланған құндылығын жоғалтқан үлгіге сәйкес келмейді және келесі түрлендіруге жаңа үлгі қажет болады;
Геоақпарат негізіндегі ГАЖ геокеңістікің нақты үлгілерін құрады және оларды геокеңістікті оқып, талдау үшін және сол жерде болып жатқан процестерді басқару үшін пайдаланады.
Ол үшін қажетті мәліметтер: а) келесілерімен салыстыру нәтижесінде процестер тенденциясын айқындауға мүмкіндік беретін ертерек құрылған үлгілерді сақтау; б) мониторинг нәтижесінде алынатын геокеңістіңтің осы заманғы күйіне пара-пар үлгі; в) геокеңістіктің болжанатын күйі болуы мүмкін үлгі.
ГАЖ және САПР түбегейлі айырмашылықтары кесте 5 келтірілген.