Сибирская государственная геодезическая академия



бет27/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Сипаттамасы

ГАЖ

САПР

Міндеті

Жобалау,басқару

Жобалау, құрастыру

Қызмет түрі

Гуманитарлық

Техникалық

Пайдаланушылары

Барлық мамандық иелері

инженерлер

Жұмыс пәні

Геокеңістік объектілерінің үлгілері

Конструкция элементтері

Аналитикалық
функциялары

Талдау, бағалау, болжау

Конструкцияларды тиімдеу

Нәтижесі

Кеңістіктік шешімдер

Жобалар



ГАЖ инструменталды (бағдарламалық) құралдары


ГАЖ – қабықша екі негіз бойынша классификацияланады:

  • мәліметтер форматы бойынша;

  • негізгі функциялары бойынша.

Мәліметтер форматы бойынша ГАЖ- қабықша 4 түрге бөлінеді:

  • векторлы;

  • растрлы;

  • біріктірілген;

  • үш өлшемді.

Негізгі функциялары бойынша ГАЖ- қабықша 5 түрге жіктеледі:

  • векторизаторлар – мәліметтерді растрлы-векторлық түрлендіру үшін ( Easy Trace, MapEdit);

  • вьюверлер (визуализаторлар) – мәліметтерді визуализациялауға арналған Map);

  • үстелдік картографиялық жүйелер – (MapInfo) карталарын құру үшін;

  • кескіндерді өңдеу жүйесі ДЗЗ (ERDAS);

  • жартылай функционалды ГАЖ (ArcInfo, ArcView).



ГАЖ – қосымша айқындағыштар 3 түрге ажыратылады:

  • аумақтық (мысалы, аймақтық, қалалық, муниципалдық);

  • салалық (мысалы, экологиялық, көліктік, орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар және т.б.);

  • кешенді (мысалы, агро өндірістік кешен, мұнай компаниясының қызмет ету зонасы).

2.4 ГАЖ бағдарламалық құралдарының негізгі функциялары

ГАЖ бағдарламалық құралдарының негізгі функциялар жүйесі жеке, бірақ өзара байланысқан ГАЖ- технологияларының жүзеге асуын қамтамасыз ететін бағдарламалық блоктар жүйесі ретінде, ГАЖ-қабықшасын ұсынуға негізделеді. Жеке бағдарламалық компоненттер ГАЖ жеке ірілендірілген уақыт бойынша бірі-бірінен бөлек орындалуы мүмкін технологиялық процестерін жүзеге асыратын мұндай тәсіл, ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етуінің құрылымдылығын және модульдігін көрсетеді.




Жүйе 10 блоктан тұрады:

  • пайдаланушылармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету (интерфейс);

  • кеңістіктік мәліметтерді жинау;

  • мәліметтердің кеңістіктік базаларын құру және басқару;

  • мәліметтердің экспорты/импорты;

  • мәліметтерді түрлендіру;

  • кеңістіктік талдау;

  • ақпаратты картографиялық бейнелеу;

  • соңғы ГАЖ- өнімді қалыптастыру;

  • ГАЖ- қосымша айқындауыштарын жасалуын қамтамасыз ету;

  • ГАЖ әкімшілік ету.




      1. Пайдаланушылармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету

Берілген функциялар тобы интерфейс арқылы ГАЖ қамтамасыз етілуі мен пайдаланушылардың өзара әрекеттесун қамтамасыз етуге арналған. Бұл кезде интерфейс функциялары екі топты құрайды:



  • Жүйенің жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету бойынша ГАЖ жүйелік администраторының іс-әрекеттерін жүзеге асыруға арналған қызметтік интерфейс функциялары;

  • Соңғы пайдаланушының интерфейс функциялары.

Соңғы пайдаланушының интерфейсінің негізгі функциялары болып келесілер табылады:



  • ГАЖ пәндік облысының орыс тілді терминдерін пайдалану;

  • нақты пайдаланушының талаптарына сәйкес интерфейс элементтерін икемдеу;

  • пайдаланушының құқығына байланысты операцияларға рұқсатты шектеу, пароль бойынша рұқсат алу;

  • құлап түсетін және қалқып шығатын мәзірлерді, алқымды прнелерді пайдалану;

  • анықтамалармен және анықтамаларсыз командаларды таңдау;

  • үнсіздік жағдайында жауап алу;

  • орындалған операцияның жағдайы жайлы хабарлама беру (жасау, операция ұзақтығы, істен шығу, аяқталуы және т.б);

  • жауапты операцияларды орындау алдында ескертпе хабарламаларды шығару;

  • операцияларды қате пайдаланудан қорғау;

  • алдыңғы күйді сақтаумен орындалып жатқан команданы болдырмау;

  • команданы орындаудан кейін бұл команданы орындауға дейінгі бастапқы жағдайына қайтару;

  • пайдаланушыға қателер жөніндегі достық хабарламаларды жіберу;

  • бағдарламалық қатеден кейін қалпына келтіру;

  • контекстті гипер мәтіндік анықтамалық жүйеге қолжетімділік (Help-жүйесі);

  • пайдаланушының машиналық басқаруына қолжетімділік.




      1. Геокеңістіктік мәліметтерді жинау

Осы фукциялар блогы мәліметтерді тікелей картографиялық әдіспен немесе салалық мәліметтер базасынан үлгілердің қалыптасуына және геоақпараттық есептерді шешуге қажетті іріктеу арқылы алуды қамтамасыз етеді. Салалық мәліметтерді кеңістіктік анықтау координаталық тәсілмен, сондай-ақ топографиялық немесе географиялық карталардың контурына байланыстыру арқылы орындалады.


Бұл топтың функцияларының орындалуы, әртүрлі режимді бір типтік функцияларды біріктіретін 5 функционалды шағын топтарды құрады.


1. Растр бойынша векторизация:

  • нүктелер мен контурларды қолмен сандық түрге келтіру;

  • нүктелер мен контурларды жартылай автоматты сандық түрге келтірілу;

  • нүктелер мен контурларды автоматты сандық түрге келтіру.



2. Объектілерді кодтау және идентификациялау:

  • объектілерді олардың сипаттамалық қасиеттері бойынша пернетақтадан енгізу арқылы кодтау;

  • объектілер кодын олардың сипаттамалық қасиеттері бойынша мәтіндік мәндер мәзірінен таңдау;

  • алдыңғы мәндердің үнсіздігі және қайталануы бойынша кодтарды беру;

  • объектілерге идентификаторларды қолмен иелікке беру;

  • объектілерге идентификаторларды автоматты түрде иелікке беру;

3.Топологины жасау:

  • түйіндерді автоматты немесе қолмен орнату;

  • доғаларды (қабырғаларды) автоматты немесе қолмен орнату;

  • полигондарды доғалардан автоматты түрде немесе қолмен жасау;

  • полигондарды автоматты түрде тұйықтау;

  • түйіндері бар сызықтың соңғы нүктелерін автоматты немесе қолмен тартып жақындату;

  • күрделі полигондарды бір немесе бірнеше іші ойылып кесілген облыстармен автоматты немесе қолмен байланыстыру;

  • полигон центроидын автоматты түрде немесе қолмен анықтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет