Сибирская государственная геодезическая академия


ГАЖ инструменталды (бағдарламалық) құралдары



бет25/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
2.3 ГАЖ инструменталды (бағдарламалық) құралдары

Ақпараттық технологиялар облысында кеңістіктік- таралған ақпаратты өңдеуге арналған бірқатар бағдарламалық құралдар бар:



  • автоматандырылған жобалау жүйелері – САПР (Computer-Aided Design - CAD);

  • автоматтандырылған картографиялау жүйелері - АК (Automated Mapping - AM);

  • желіні басқару жүйелері – СУС (Fault Management - FM);

  • геоақпараттық жүйелер – ГАЖ (geographic information system - GIS);

  • графикалық редакторлар (ГР).



Автоматтандырылған жобалауға арналған жүйелер
Бұл машиналық графика құралдарының көмегімен жүзеге асырылады және конструкторлық жұмыстарға, жобалауға бағдарланып, конструкторлық, жобалық құжаттарды жасауға арналған. САПР- да анықтамалықтарда құрылған конструкция элементтерінен құралған үш өлшемді конструкцияларды құру және сипаттау үшін, декарттық координаталар жүйесін пайдаланады, анықтамалықтарда олардың кеңістіктік қасиеттері, функциялары, материалдары, техникалық және экономикалық мінездемелері, шартты белгіленулері сипатталған. Әлемге кең таралғаны және қолданысқа ие болғаны AutoCAD, Intergraph, MicroStation жүйелердің туындылары.


Автоматтандырылған картография жүйесі
Бұл жүйелер жоғары сапалы картографиялық өнімді кәсіби өндіруге арналған. Олар карталардың сандық баспалық түпнұсқаларын, полиграфиялық өндірістің ең жоғары талаптарына сәйкес келетін сапамен алуға мүмкіндік береді.
АК геокеңістіктің объектілерін бейнелейтін, объектілердің үлгілерінен басқасын негізгі картографиялық кескіннің элементтерін манипуляциялайды. Олар мәліметтерді басқаруға арналмаған, талдау құралдарынан айырылған.


Инженерлік желіні басқару жүйесі
Бұл жүйелер су құбыры, кталдауация, энергетикалық және телефон желілері сияқты желілік объектілерді, яғни әрбіреуімен мазмұнды ақпарат байланысқан, бірақ объектілердің кеңістікте нақты орналасуы ескерілмеген кеңістіктік таралған объектілерді (графтар түрінде ұсынылған) басқаруға арналған. Алайда, соңғы кезде бұл жүйелер талдау, жобалау және пайдалануға берілу функцияларына ие болып жатыр, сол себепті бұл өз кезегінде желі элементтерінің өзара әсер етулерін тіркеу үшін дәл координаталық байланыстырылуының қажеттілігіне алып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет