Силлабус 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі


ТАҚЫРЫБЫ: Екінші дүние жүзілік соғыстың әдебиет пен сындағы көрінісі



бет18/36
Дата29.01.2023
өлшемі124,26 Kb.
#63581
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
Әдеби үдеріс және сын 2022-23

ТАҚЫРЫБЫ: Екінші дүние жүзілік соғыстың әдебиет пен сындағы көрінісі.
Қазақтың ұлы ағартушы-демократының сыншылық ой-пікірлерін шола баяндаған уақытта үшеуіне тән үш ерекшелік анық бой көрсетеді де, олардың ой-пікіріне арналған. Шоқан, Ыбырай, Абай қоғамдық сананың үш мәнді саласы бойынша ой өрбітті. Шоқан Уәлиханов өзінің әдебиет жайындағы ойларын ғылыми арнамен, Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйемен баяндаса, Абай Құнанбаев эстетикалық таныммен тұжырымдап отырды. Демек, қанатын қомдап ұшуға талпынған сәби сынға бүл үш сала, яғни ғылымның, педагогикалық және эстетикалық танымдар мен түсініктер үлкен таяныш болып, оның алар қамалдары мен асар асуларын бірсыдырғы дәл белгіледі. Келешекте айтылар әлеуметтік-эстетикалық ойлардың, озықтығы мен жарқындығы ғана емес, өрелі де биік болуы әдебиеттің өркендеуіне, өркен жаяр кейінгі ұрпақтың көркемдік таным-біліміне тәуелді байланысты екені анық аңғарылды. Мұның өзі тарихи, сондай-ақ әдеби-мәдени даму барысында қазақтың ағартушы-демократтары нәр алған ұлы арналардың, үлгі-өнегесін ардақтап қана қоймай, барынша терең игере білуге, тиімді насихаттай білуге, жаңа дәуірге сай жаңалық нышандарын өркендетіп, салаландыра түсуге үндейтіні сөзсіз. Қазақтың әлеуметтік ойын ояту жолында тарихи ұлы еңбек сіңірген Шоқан, Ыбырай, Абайлар сыншылық ой-пікірдің алымын молайтып, айтарын нақтылай түсті. Сөйтіп жаңа заман тудырған қазақтың үш данышпаны ғылыми, педагогикалық, эстетикалық тұрғыдан сыншылық өнердің қарлығашын ұшырып, мәнді өнеге көрсетті.
Шоқанның қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауы және пікір айтуы. Ғалымның әдебиет, өлең өнері туралы сыни ой-пікірлері. Шоқан -»Манасты» бірінші жинаушы ғана емес, оның қоғамдық-әлеуметтік мәніне, көркемдік құнына тұңғыш рет дұрыс ғылыми анықтама жасаушы. «Қазақтың халықтық поэзиясының түрлері туралы» деген зерттеуі Ш. Уәлихановтың эстетикалық талап-талғамы мен білігінің биік өресі екендігі. Ғалымның әдебиет туралы ойлары мен зерттеулері қазақтың сыни ойы мен әдебиеттану ғылымының бастауы.
Ы.Алтынсарин эстетикалық талап-талғамды қалыптастырудағы үлесі. 1879 жылы «Қырғыз(қазақ) хрестоматиясын» жасауындағы тарихи мәні. Ыбырай Алтынсариннің сыены-ғалым ретінде бой көрсетуі. Ы.Алтынсариннің «Қазақтарға орыс тылын үйретудің алғашқы нұсқасы» және араб әрпімен басылған «Мақтубат», мұсылман дінінің аят-хадисі негізінде жазған «Шарият-әл-ислам» атты оқулықтары.
Өнерді өнегелі іспен, әлеуметтік мәнмен, үлкен мақсат-арманмен сабақтастыру, оған эстетикалық қатаң талаптар қою - Абайдың сыншылық ойының өрелі биігі. Мақал-мәтелді түсіну, тыңдаушыны тәрбиелеу, көркем сөзге қояр талап-талғам мәселелері төңірегіндегі Абайдың сыншылық ой-пікірінің айрықша қатаң екендігі. Қазақтың мақал-мәтелдері туралы сыни ой-пікірлері. Абай сыны - қазақ әдебиетін өркендету жолындағы жаңа эстетикалық норма.


Тапсырмалары мен сұрақтары:
1.Шоқан - қазақ халқының ғылыми ой-пікірі оянуының қарлығашы
2.Ыбырай - қазақ халқының педагогикалық ой-пікірін жүйелі негізге салған, сыншылық ойға педагогикалық арна дарытқан дарын.
3.Абай Құнанбаев - сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа эстетикалық мұратты қалыптастырған.
4. Сөз өнерінің қадір-қасиетін жаңа сатыға көтерген ұлы ақын.
5.Абай - қазақтың эстетикалық таным-білігінің жаңа нормасын жасаушы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет