3. Модуль. Қазақ әдеби сыны және зерттеу Жоспар: 1. 30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдары. Мәдени мұраға көзқарас
2. Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдеби сынының дамуы
3. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетін зерттеу
№ 10 ДӘРІС, 10 апта, 1 сағат
ТАҚЫРЫБЫ:Жылымық кезңінің бастауы болған сыншылар мен сыни еңбектер. 30-шы жылдардың бірінші жартысындағы қазақ әдебиет сыны Сәкен, Мағжан, Мұхтар төңірегінде шыр айналып, басқа салаларға назар аудармаған екен деп түсініп қалуға болмайды. Өзінің идеялық-эстетикалық өрісі мен өресін айқындау үшін талай талпыныс жасағаны, әр түрлі өңірге жарығын түсіре бастағаны сол кезде жарияланған көптеген мақалалардан анық байқалады. Оларды топтамай, проблема бойынша іріктемей, шық-қан мезгілдеріне қарай шолатын болсақ, онда Сейфуллиннің «Әдебиет һәм оның, бағыттары», «Асау тұлпар туралы», Сегізбаевтың «Халық әдебиеті туралы,», Сыздықовтың «Сынға сын», Дәулетбаевтың, «Қазақ һән музыка», «Театр жайы», М. Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің казіргі дәуірі», М.Жұмабаевтың «Ақан сері», Т. Рысқұловтың «Кеңес өкіметі тұсында мәдениет қандай болу керек», Нұржановтың «Наши поэты и литература», Тоғжановтың «Сын беріліп тұрсын», «Көркем әдебиет туралы марксшілдер не дейді, Жүсіпбек не дейді», С. Мұқановтың «Ыбырай һәм халық әдебиеті», «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер шешендер», Б. Кенжебаевтың «Абай», Сәдуақасовтың «Бейімбет өлеңдері», Сәрсенбиннің «Көркем әдебиет туралы», Баймахановтың «Жастарды тәрбиелеудің, қаруы — әдебиет», Бабасұлының «Әдебиет жайынан» деген сияқты жалпылық және даралық сипаты бар мақалалар, зерттеулер жарияланды. Олар орайы келген шақта әңгіме арқауына тартылмақ.
Отызыншы жылдардағы әдебиет сынының дамуы біркелкі емес. Онда әдебиет дамуының бағыты, жеке шығармалар жөніндегі пікір айтумен қатар кейде әсіресе сынампаздық, автордың жеке басына тіл тигізу, оларға әр түрлі айыптар тағуға құмарлық сияқты мінездер де бой көрсетті. Отызыншы жылдар ішіндегі әдеби қозғалысқа өзінің сыншылық ой-пікірлермен үлес қосқан қаламгерлердің ішінде С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ә.Тәжібаев т.б. болды. Әсіресе, өзінің пролетариялық әдебиет позициясын қорғаған мақалалармен С.Мұқанов ерекше көзге түсті. Әрине, Сәбиттің айтқандарының бәрі бірдей дұрыс емес еді. Бірақ дәуір шындығы тұрғысынан қарағанда, өз түсінік-ұғымының дәрежесінде ол сыншылық ой-пікірлер айтты.Бұл кезде қазақ әдебиеті сынында мамандаған сыншылдар легі көріне бастады. Олардың ішінде кейінгі әдебиет дамуы жолында зор келешегін танытқан Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов М.Қаратаев сияқты сыншылар бар еді. Олар өздерінің алғашқы мақалаларымен сынның әдеби өрісін танытты, оны жетілдіруге қызмет етті. Бұл жылдары әдебиет зерттеу саласында да әр алуан жұмыстар атқарылды. Қазақстанда ұлт мектептерінің көбеюі, оларда ана тілі мен әдебиетінің пән ретінде оқытылуы, тіл мен әдебиет мамандығы бойынша кадр тәрбиелеу міндеттері оларға арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды алға қойды. Мұндай жұмыстарды атқаруға жазушылар мен сыншылар атсалысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының алғашқы жүйеленуі, жанрлық жіктелуі, тарихи әдебиеттің дәуірленуі алғаш осы оқулықтар көлемінде іске асты. Бұл тұрғыдан С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтың, С:Мұқановтың, М:Жолдыбаевтың, Е.Ысмайыловтың, М.Қаратаевтың Қ.Жұмалиевтің, т.б атқарған қызметі үлкен. Олардың оқулықтары мектепте ұзақ уақыт қолданылып, әдебиет оқу ісінің орнығуына себепкер болды, әдебиеттануды қалыптастырды.
Бұл жайлар әдебиет сыны мен әдебиет зерттеу ісінің 20—жылдармен салыстырғанда көп ілгеріленгенін, олардың көркемдік ізденістерінде сыншылық пен зерттеушіліктің тереңдей түскенін байқатты. Тәжірибесіздік пен балаңдық іздері бола тұрса да, қазақ сыншылар мен әдебиет зерттеушілер қаламгерлер жасағында белсенді қызмет етті.
Жалпы алғанда, 30-шы жылдардағы қазақ әдебиеті ұлттық әдебиеттің дамуына елеулі кезең болып табылады. Әдебиет өз дәуірінің қоғамдық міндеттеріне үн қоса отырса да, негізінен, өзінің көркемдік ізденісіне, жанрлардың даму бағытында жемісті еңбек етті. Әр жанрда әдебиет шығармалар туды. Жаңа кейіпкерлер ашылды. Бұл жағдайлар қазақ әдебиетінің кейінгі жолына да бағыт берді.
Әдебиет майданындағы жағдайдың шиеленісуі. ҚазАПП-тың өрескел әреттері. ҚазАПП-тың таратылып, Жазушылар Одағының құрылуы. Әдеби сынның дами түсуі. М. Қаратаев, Е. Ысмайылов, Ә. Тәжібаев т.б. сынға келуі. Жазушылардың I, II күрылтайларының өтуі. Түрлі пікірталастардың көбеюі. Отыз жетінші жылғы репрессияның әдеби сынның дамуына тигізген кері әсері.
Тапсырмалары мен сұрақтары: 1.Көптеген ақын-жазушылардың шығармаларында сыншыл реализм принциптерінің аңғарылуы. 2 А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы», М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» , С. Мұқановтың «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» еңбектерінің тарихи -теориялық маңызы. 3.Социалистік реализм мен сыншыл реализмнің арақатынасы жайында. № 11 ДӘРІС, 11 апта, 1 сағат