Силлабус пәннің ОҚу бағдарламасы



бет34/48
Дата15.12.2023
өлшемі153,84 Kb.
#138679
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Маңыздылық деңгейі - α=1
* Сенімділік деңгейі = 0,95
* α = 1- 0,95
* α = 0,05
Әдетте, көптеген зерттеу әдістемесінің тұжырымын жасау α=0,05 немесе α<0,05 болған жағдайда статистикалық маңызды болып есептеледі.
Мысалы, мектеп әкімшілігі оқушының 80% мектепке ұялы телефон алып келеді дейді. Бірақ мұғалімдер бұл тым көп көрсеткіш және кездейсоқ алынған 50 оқушының маңыздылық деңгейі көрсеткіш болады дейді. H0 және Ha гипотезасын жазып көрелік:
* H0: µ≥0,80 n=50
* Ha: µ<0.80
* α = 0,02
* Сенімділік деңгейі=1- α
* Сенімділік деңгейі=1-0,02
* Сенімділік деңгейі=0,98

10дәріс


Тақырып: Мәліметтерге талдау жасау
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Мәліметтерге талдау жасау
2. Факторлық талдаулар: бір факторлық талдау, көп факторлық талдау


Мақсаты: Студенттерді зерттеу жұмысына байланысты жинаған мәліметтерге талдау жүргізуге дағдылау.

Зерттеу жұмысына байланысты жинаған мәліметтер оқырманға түсінікті етіп жеткізілуі қажет. Мәліметтер сауалнама және сұхбат алу, құжаттар мен статистикалық мәліметтерге зерттеу жасау сияқты жолдармен жиналады. Сауалнама немесе сұхбат және басқа статистикалық мәліметтер жазба жұмысында талдау арқылы беріледі. Оқырманға түсінікті болу үшін талданған мәліметтерді түрлі графикалармен, шеңберлермен және кестелермен беруге болады. Бұл арнайы компьютер бағдарламалары арқылы жасалынуы мүмкін. Ондай бағдарламалар түріне Excel, R, SPSS, STATA, Gretl, SPAD және тағы баска бағдарламаларды жатқызуға болады.


Мәліметтерді талдау барысында әр түрлі кескіндерді қолдану күрделі ақпараттарды, яғни құбылыстарды, үдерісті анық түсінікті етіп жеткізуге болады. Сонымен қатар, кескіндер мәліметтердегі маңызды ақпаратты айқындауға септігін тигізеді. Кескіндердің бірнеше түрі бар, олар: графикалар мен кестелер, техникалық программалар, суреттер және т.б.
Кескіндерді қолданбай тұрып, олардың қолдану мақсаты мен қолдану барысында қалай мәліметтерді тиімді жеткізу жолдарын ескеру керек. Кескіндер жасап болған соң байқалған немесе жеткізілуі тиіс негізгі ақпараттарды сипаттап беру керек. Бұл әдетте нәтижелерді сипаттау бөлімінде жазылады.
Мәліметтерді сипаттау барысында ең алдымен негізгі ақпаратқа, тұжырымға көңіл бөлген жөн. Талдайтын және сипаттайтын негізгі мәлімет туралы сенімді болу қажет, яғни графикадағы сипатталған басты ақпараттар анықталып алынуы тиіс.
Қолданылған кескінді дұрыс сипатталғандығын мынадай қарапайым сұрақтарды қою арқылы тексеруге болады:

  • Мәлімет не туралы?

  • Негізгі өзгерістер қандай? Мәселен, ауа-райын сипаттайтын кесте болса, қай кезде тым жоғарылып немесе өте төмен болып кеткен?

  • Бағыты қандай?

Негізінен басты өзгерісті немесе құбылысты тауып алып, соған ұқсас өзге құбылыстарды қоса сипаттау қажет. Дегенмен, талдау барысында мына жайттарды ескерген дұрыс:
Көп ақпараттарды берудің қажеті жоқ;
Графикада берілген барлық құбылысты, яғни ақпаратты сипаттап немесе талдап беру қажет емес;
Графиканы сипаттау барысында басынан аяғына дейін, солдан оңға қарай сипаттау міндетті емес. Оның орнына негізделген ақпаратты талдаудан бастаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет