Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал


«Мән-мағына» – «Негізгісін таңда» әдісі (М



бет22/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   146
Байланысты:
әдіс тәсілдер коучингқа

«Мән-мағына» – «Негізгісін таңда» әдісі (М. Жанпейісоdоs)ва)
Кез келген мәтіннің идеясын, негізгі тұжырымын табуға бағытталған әдіс.

Мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

☺ мәтіннің күрделілік деңгейіне қарай оны оқып шығуға уақыт белгіленеді. Әдетте бір бетті қарап шығуға 1 минут уақыт бөлінеді;

☺ жүргізушінің немесе оқытушының белгісімен студенттер өздері құнды деп есептейтін, мәтіннің негізгі мағынасын құрайтын жолдардың астын қарындашпен сызып қояды;

☺ студенттер аты-жөнін асты сызылған жолдың үстіне жазады;

☺ мәтін шеңбер бойымен жылжиды. Әрқайсысы қарап шығып, алдындағы ойыншыларға бес балдық жүйе бойынша баға қояды. Бұған тек бірнеше секунд қана беріледі;

☺ жүргізушінің белгісімен мәтін көршісіне өтеді;

☺ мәтін бір бағытта ғана жылжи отырып, алғашқы иесіне қайта оралуы



тиіс;
☺ ұпайлары есептеледі;

☺ ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар анықталады. Ойын аяқталады.



Бұл әдісті топтық, жекелей жұмыстардың бәрінде де қолдана беруге

болады. Ең маңыздысы – тақырыпты немесе мәтінді студентттің өз бетімен оқып үйренуіне ықпал ету.

«Тірек белгілер» мәтінді оdоs)қу әдісі (М. Жанпейісоdоs)ва)
Ең алдымен мәтін оқылады, студенттер неғұрлым жақсы түсінуге тырысып, конспектілеулері тиіс. Конспектілерде

сөздер мен сөйлемдер болмауы керек. Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен беру - басты талап. Мәтінді бөліктермен бейнелеуге де болады.

Сызбаларды кезекпен көрсетіп, түсіндіреді, ал басқалары оны бағалап озық идеяны таңдайды. Бейнелеудің ерекше шешім тапқан бірегейлігі есепке алынады.

Мысалы, «Ат-ер қанаты» деген ойды беру үшін ер адамды және құс қанатын салуға болады, т.с.с. Сөйтіп, тұтас мәтінді беріп шығуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет