Сімдіктер экологиясы


Ӛсімдіктердің ыстыққа, суыққа



Pdf көрінісі
бет21/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83
Ӛсімдіктердің ыстыққа, суыққа 
тӛзімділігі. Жылу жағдайларының әртҥрлілігі және жер 
бетінде ӛсімдіктердің географиялық бағытта 
таралуына жылудың әсері 
 
Экстремальды (шеткі, қатерлі) температураға тӛзімділігіне 
байланысты ӛсімдіктер 
суыққа тӛзімді
және 
ыстыққа
(аңы-
заққа) тӛзімді болып бӛлінеді.
 
Ыстыққа тӛзімділік
. Кӛк-жасыл балдырлардың ӛмір сүре 
алатын ең жоғары температура + 85°С, бактерия + 88°С. Жоғары 
сатыдағы ӛсімдіктер ыстық бұлақтарда ӛспейді. Ыстық жағдайға 
(температураға) шыдамды ӛсімдіктердің бірі – қына. Ыстық ке-
зеңде қына денесінде су ӛте аз болып, ӛсімдік тыныштық (ана-
биоз) жағдайда болады, ал ылғал болғанда қайтадан тіріліп, ӛсіп 
дамиды.
Ыстыққа тӛзімділігіне байланысты ӛсімдіктер үш топқа бӛ-
лінеді: 
1.
Ыстыққа шыдамсыз
– бұл ӛсімдіктер ыстық жағдайда 
қарқынды транспирация арқылы дене температурасын тӛменде-
тіп, қалыпты деңгейге келтіреді. Бірақ, ылғалдың, транспира-
цияның азаюына шыдамсыз. 
2.
Ыстыққа төзімді
– бұлар Күн сәулесі кӛп түсетін, құр-
ғақ жерлерде ӛсетіндер, +60°С-дейінгі қысқа мерзімдік ыстыққа 
тӛзімді, шыдамды. 
3.
Өте ыстық жағдайға төзімді
– негізінен тӛменгі саты-
дағы ӛсімдіктер, термофильді бактериялар, кӛк-жасыл балдыр-
лар. Қоршаған орта ӛте ыстық болған жағдайда ӛсімдіктердің 
денесі сусызданады, денедегі су мӛлшері 8-10 %-ға дейін аза-
йып, сосын тыныштық жағдайда болады, мысалы, қыналар. Ал, 
ылғал қайтадан болып, қоршаған орта шамалы салқындағанда 
қайтадан тіріліп, ӛсіп дамиды.
Жоғары температура болғанда ӛсімдіктер үшін 
қауіпті 
(стрессті)
жағдайлар:
клеткада ылғал азайып кеуіп қалады
ӛсімдіктер үсті күйікке шалдығады. Хлорофилл ыдырайды, ты-
ныс алу процесі күшейеді және бұзылады, белок жиырылып, 
денатурацияға ұшырайды, цитоплазма каогуляцияланып, сосын 
ӛледі. 


33 
Ӛсімдіктердің жоғары (ыстық) температурадан қорғану нә-
тижесіндегі 
бейімделу өзгерістері:
 
жапырақ пен сабақтарда ты-
ғыз түктің пайда болуы және түсінің ақшыл болуы, бетінің жыл-
тыр болып, жапырақ кӛлемінің кішірейіп тік орналасуы (күн 
сәулесі жапырақ бетіне перпендикуляр болып түспейді), жапы-
рақтың ӛзгеріп (редукцияланып) сабақ, тікен тәрізденуі, злак 
тектес ӛсімдіктердің жапырақтарының жиырылуы, цитоплазма-
да кӛмірсулардың кӛбірек болуы, фотосинтетикалық аппарат-
тың зақымдануы, т.б. Мысалы, картофельдің тыныс алу процесі 
+50°С-қа дейін жоғарылап, күшейе береді, фотосинтез процесі-
нің жақсы жүретін оптимальды температурасы +20°С, ал +40°С-
та фотосинтез толық тоқтайды. Яғни, ӛсімдік қоректің азаюынан 
ӛледі. П.А. Генкельдің пікірі бойынша, жоғары температурада 
цитоплазма белоктары ыдырайды, белок-липоид комплексі бұ-
зылып, аралық улы заттар пайда болады, физиологиялық-био-
химиялық зат алмасу процесінің бағыты ӛзгеріп, цитоплазманың 
субмикроскопиялық құрылысы (структурасы) бұзылады. 
Сонымен, экологиялық факторлардың комплексті әсерінен 
ӛсімдіктердің бейімделіп ӛзгеруі де алуан түрлі, яғни кӛптеген 
қасиеттердің, белгілердің бірқатар, бір текті ӛзгеруімен сипатта-
лады. Ӛсімдіктердің ыстыққа тӛзімділігі географиялық жағдай-
ларға да байланысты. Мысалы, шӛл және шӛлейт аймақтардағы 
ӛсімдіктер ыстыққа ӛте тӛзімді және бейімделу ерекшеліктері 
әртүрлі (7-ші тақырыпты қара).
Әртүрлі ӛсімдік түрлері ӛзгерген экологиялық жағдайға 
ӛзінше бейімделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет