Сімдіктер экологиясы


Ӛсімдіктерге суықтың әсері



Pdf көрінісі
бет22/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
 
Ӛсімдіктерге суықтың әсері
. Антарктикада қыс айларында 
температура – 90
0
С-қа дейін тӛмендейді, бірақ онда ӛсімдіктер 
жоқ. Ӛсімдіктер ӛскен, бірақ ең суық нүкте Якутиядағы 
Оймякон, онда температура –68
0
С, ол жерлерде балқарағай ор-
маны ӛседі. 
Жер шарының қоңыржай және арктика белдеулерінде, тау-
дың ең жоғарғы жағында ӛсімдіктер ұзақ уақыт бойы суық тем-
пература әсерінде болып ӛседі. Яғни, ӛсімдіктердің 
қатты 
суыққа (аязға) тӛзімділігі
және 
қыс кезеңіне тӛзімділік
түсі-
нігі бар. 


34 
Қоршаған орта температурасы белгілі тӛмен (суық) деңгей-
ге жеткенде ӛсімдіктер тыныштық жағдайға ауысады. Бірақ тем-
пература одан әрі тӛмендегенде және қатты суық әсерінен алды-
мен клеткалар арасындағы, сосын клетка ішіндегі сулар қатып, 
мұз кристалдарына айналады. Цитоплазма сусызданады, клетка-
лар механикалық зақымданады, белок каогуляцияланып, цито-
плазма ыдырайды. Суық кезең ұзарған сайын, оның зиянды әсе-
рі күшейе түседі. Клеткадағы судың мұз кристалдарына айна-
луы күшейіп, цитоплазма сусызданады. Нәтижесінде фермент-
тер жүйесінің жұмыс істеуі нашарлайды, әсіресе АТФ синтезде-
луіне және фосфорлану процесіне қатысатын ферменттердің ак-
тивтілігі (белсенділігі) күрт тӛмендейді. Цитоплазмадағы мұз 
кристалдарына айналмаған су ерітіндісінде тұз иондары мен ор-
ганикалық қышқылдар концентрациясы деңгейі қатерлі (токси-
калық) мӛлшерге жетуі мүмкін. Бірақ, цитоплазмадағы қант жә-
не қант тәрізді қосындылар, белгілі амин қышқылдары мен бе-
локтар биомембраналар мен ферменттер жүйесін зиянды заттар-
дан қорғайды. Бұл ӛсімдіктердің суыққа тӛзімділігін күшейтеді. 
Сонымен, 
салқын температураға төзімділік
бұл жылы 
сүйгіш ӛсімдіктердің ұзақ уақыт бойы оң (+0°-тан +10°С-қа де-
йін) салқынға шыдамдылығы. Ӛсімдіктердің салқын температу-
раға тӛзімділігі тропикалық, субтропикалық аймақтар ӛсімдікте-
ріне және қоңыржай аймақтың кейбір ӛсімдіктеріне тәр құбы-
лыс.
 
Суыққа (аязға) төзімділік дегеніміз
– ӛсімдіктердің ӛте 
суық, аязға ұзақ уақыт бойы шыдауы, ал күн жылынғанда қайта-
дан ӛсіп дамуы.
Ӛсімдіктердің суыққа (аязға) тӛзімділігін күшейтуде олар-
дың 
шынығуының
(шыңдалуының) мәні зор, яғни суық темпера-
тураның әсеріне ӛсімдіктер біртіндеп дайындалуы керек. Ӛсім-
діктердің әртүрлі мүшелерінің аязға тӛзімділігі, яғни 
шынығуы
бірдей емес. Мысалы, жемісті ағаштардың тамыр жүйесі -10-
14°С-та үсіп ӛледі, ал жер бетіндегі мүшелері -40°С-қа дейін 
шыдайды. Күзге, қысқа қарай жапырағын түсіретін ағаштардың 
жапырақтарының шынығу қасиеті жоқ. 
И.И. Тумановтың зерттеу нәтижелері бойынша, 
шынығу
екі 
кезеңнен тұрады. 
Біріншісі
– орта температурасы 0°С-тан шама-


35 
лы жоғары және жарық жағдайда ӛтеді. Бұл кезеңде ӛсімдік 
клеткасында қанттар жинақталады, ӛйткені аяз күшейген жағ-
дайда қант клетка цитоплазмасын және оның субмикроскопия-
лық құрылымын суықтан, сусызданудан қорғайды. 
Шынығудың
бірінші кезеңінде ӛсімдіктердің суыққа тӛзімділігі -5°, -10°,
-12°С-қа дейін артады. Бірақ, бірінші кезеңге дейін ӛсімдік ӛзі-
нің ӛсуін тежеуі керек.
 
Шынығудың екінші кезеңі
(мысалы, күздік бидай) жарықта 
немесе қараңғыда, шамалы деңгейдегі аязда (-3°-8°С) тоңып қат-
қан кезден басталады. Бұл кезеңнің дұрыс жүруі үшін ӛсімдік-
тер шынығудың бірінші этапынан ӛтуі керек, сонда ӛсімдіктер-
дің аязға тӛзімділігі артады. В. Лархер (1978) осы этаптарға қо-
сымша 
үшінші кезеңді
ұсынады. Бұл кезеңде ӛсімдікті ұзақ уа-
қыт бойы -10°-30°С температуралық суықта ұстап, қатыру ке-
рек. Сонда ӛсімдіктердің суыққа тӛзімділігі ӛте күшейіп, аяз әсе-
рінен сусыздануға да шыдайды. Осыдан кейін ӛсімдікті сұйық 
азотқа да (температурасы -190°С) салуға болады және онда да 
ӛсімдік зақымданбайды, шыдайды. Суыққа, аязға шыдамдылық 
ӛсімдіктердің Жер бетінде таралуына әсері зор.
Тӛмен температураның басқа да зиянды әсерлері бар. Мыса-
лы, қатты суық әсерінен топырақ нығыздалады және жарылады, 
ал бұл ӛсімдіктер тамырының механикалық зақымдануын туын-
датады. 
Қысты күнгі қар қалың болып, 0°С температурада ұзақ 
уақыт ерімей жатса, ӛсімдіктердің қорға жиналған органикалық 
заттары тыныс алу процесіне жұмсалып тауысылады. Нәтиже-
сінде әлсірейді, сосын ӛледі. Тундрада, Солтүстік тайгада топы-
рақ бір мезгілде емес, әртүрлі уақытта қатуына сәйкес және ыл-
ғалдың (судың) кӛлемі ұлғаюына байланысты кейбір жерлер 
томпайып кӛтеріледі де, ӛсімдіктер топырақтан сыртқа шығып 
қалады, тамырлары үзіледі. Сыртқа шығып қалған ӛсімдік мү-
шелері (әсіресе тамырлары) қатты суықтан зақымданады. Сон-
дықтан ӛсімдіктердің суыққа (аязға) тӛзімділігінен басқа, қыс 
кезеңінің қолайсыз жағдайына тӛзімділік, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет