55
9 – Тақырып.
Атмосфералық ауаның қҧрамы.
Жел, оның экологиялық маңызы. Анемофилия.
Анемохория. Жел эрозиясы
Атмосфера
– жер ғаламшарының ең жеңіл әрі ғарыштық
кеңістікпен шектесетін және заттармен алмасатын қабығы. Ауа
әртүрлі аймақ температурасының күрт ӛзгеруін, құбылмалылы-
ғын
азайтады, ультракүлгін сәулелерін “ұстап” қалады, ӛсімдік
фотосинтезіне керекті кӛмір қышқыл газымен (СО
2
), тыныс алу-
ға қажетті оттегімен (О
2
) қамтамасыз етеді. Ӛсімдіктер тозаңда-
рының, спораларының, тұқымдары мен жемістерінің таралуына
әсер ететін табиғи орта. Биосферадағы атмосфера құрамы кӛп-
шілік жағдайда тұрақты.
Ӛсімдіктерге атмосфералық ауа ӛзінің газ құрамы, оған қо-
сылған әртүрлі шаң, аэрозоль, түтін, т.б., ауаның ылғалдылығы
және қозғалыстары арқылы әсер етеді. Атмосфераның ең тӛменгі
қ
абаты –
тығыз әрі динамикалық қозғалыста болатын бӛлігі, ал ең
жоғарғы қабатында ӛте жеңіл газдар (сутегі, гелий) бар (7– кесте).
Атмосфера құрамында бұлардан басқа күкірт диоксиді
(SO
2
), аммиак (NH
3
), шаң, түтін, ӛсімдіктер шығаратын аромати-
калық газдар т.б. болады.
Аталған қоспалардың, егер олар ауа
құрамында болса ӛсімдіктердің ӛсіп дамуына зиянды әсері күшті.
Үлкен қалалардағы ӛндіріс кәсіпорындарынан шыққан тү-
тін, әртүрлі газдар қоспасы, жеңіл автомобильдер мен жүк тасы-
малдайтын машиналардың трубаларынан шыққан кӛміртегі ок-
сиді,
азот оксиді, күкірт оксиді, қорғасын оксиді ӛсімдіктерге
ӛте зиянды.
7 – кесте
Атмосфераның газ құрамы
Ауа құрамы
Кӛлемі бойынша, % Салмағы бойынша,%
Азот
78,06
75,5
Оттегі
21,0
23,2
Аргон
0,9
1,2
Кӛмір қышқыл газы
0,03
Жақында Балқаш маңындағы
және Жезқазғандағы зауыд
трубаларынан шығатын күкірт оксидінен күкірт қышқылын да-
56
йындайтын (жасайтын) қазіргі заман технологияларымен жаб-
дықталған зауыд салынды. Мұның үш жақты пайдасы бар:
1) аймақтың экологиясы жақсарады;
2) күкірт
қышқылы жасалынып, ішкі ӛндірісте пайдаланы-
лады және экспортқа шығарылады;
3) жаңа жұмыс орындары ашылады.
Атмосфера құрамындағы газ күйінде болатын азот (N
2
-
78 %) ӛсімдіктер үшін бейтарап газ.
Тек молекулалы азотты сі-
ңіре алатын түйіршікті (клубенькалы) бактериялармен симбиоз-
да, селбесіп тіршілік ететін ӛсімдіктер, негізінен бұршақ тұқым-
дастар, мысалы, жоңышқа, түйежоңышқа, беде, асбұршақ, до-
бия, соя, люпин т.б. тіршілігінде молекулалы азот маңызды роль
атқарады (14-сурет).
Ӛсімдіктер тіршілігінде маңызды
роль атқаратын атмосфе-
ралық газдар – бұл оттегі (О
2
) және кӛмірқышқыл газы (СО
2
).
Оттегі.
Биосферадағы бос оттегі ӛсімдіктер фотосинтезі
нәтижесінде ұзақ (миллиондаған жылдар) бойы жинақталған.
Қазіргі кезеңде атмосферадағы оттегі мӛлшері тұрақты – 21%.
Сондықтан, ӛсімдіктердің жер беті мүшелері үшін оттегі жеткі-
лікті. Бірақ, ӛсімдіктердің тамырлары, ӛніп, ӛсе бастаған тұқым-
дары және микроорганизмдер үшін
кейбір жағдайларда оттегі
жеткіліксіз, лимиттеуші фактор. Сондықтан топырақты қонсыту
(аэрация) ӛсімдіктер үшін аса маңызды агротехникалық, яғни
биологиялық шара.
Достарыңызбен бөлісу: