Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығына сәйкес 2-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына
192-қосымша ретінде берілген негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) әзірленген.
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты –ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат; Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
тыңдалым және айтылым;
оқылым;
жазылым;
әдеби тіл нормаларын сақтау.
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) мәтіннен ақпаратты анықтау;
4) негізгі ойды анықтау;
5)тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;
6) сөйлеу мәдениетін дамыту.
«Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
ақпаратты түсіну;