Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының балаға жасайтын тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының балаға жасайтын тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.
Ол үшін:
сыныпта жұмыс істейтін басқа пән мұғалімдермен бірге оқушыларды мектеп Ережесіне сай тәрбиелеу;
оқушылардың танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту, олардың оқу үлгерімін көтеру және кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу;
оқушылардың денсаулығын қорғау және дене бітімінің дұрыс дамуына қамқор болу;
оқушылармен бірге оқудан тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
оқушылардың қоғамдық пайдалы істері мен балалар ұйымдары және бірлестік жұмыстарына педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету;
бала тәрбиесінде оқушылардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас орнату және олармен педагогикалық ағартушылық жұмыстар жүргізу т.с.с.
4.2. Сынып жетекші институтының қалыптасу тарихы мен жұмысының ерекшеліктері.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін ССРО ағарту министрлігінің «Класс жетекшісінің жұмысы туралы» (1975) методикалық хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің Жарғысымен және т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет. Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетілді.
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі.
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек ХІХ ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.
Дегенмен, тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды. Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде “күтушілер”/няньки/, кейіннен “гувернанткалар” ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы “Университеттік мекеме Жарғысына” сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші - ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) негізінен өз оқушыларының мінез-құлқын бақылап, тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген.