Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отыра, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.

Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметтіатқарады:
-әртүрлі бағытта сыныптағы оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру;
- сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмек көрсету.
70–80 жылдардағы мектептен өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді.
Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және рухани-психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты қарастырылады.

Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, онда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.