Сынып жетекшісі, оның тәрбие жұмысын ұйымдастыру қызметі мен міндеттері



бет2/15
Дата08.12.2023
өлшемі0,97 Mb.
#135243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
сынып жетекшісіне қойылатын талаптар

Сынып жетекшісі – ол оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы және мектептің тәрбие жүйесінің субъектілерінің (мұғалімдер мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен ата-аналар және жұртшылық) өзара бірлескен тәрбиелік әрекетін үйлестіруші басты тұлға. Оны мектеп әкімшілігі мектептің педагогикалық кеңесінің шешіміне сай тағайындайды. Ол белгілі бір сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырады және ынтымағы жарасқан оқушылар ұжымын құрады, сол сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің тәрбие әрекеттерін үйлестіреді және ата-аналар мен жұртшылықты бала тәрбиесіне ортақтастырады. Оған тікелей балалардың өмір сүруі және оқу-тәрбе жағдайын қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеледі.

  • Сынып жетекшісі – ол оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы және мектептің тәрбие жүйесінің субъектілерінің (мұғалімдер мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен ата-аналар және жұртшылық) өзара бірлескен тәрбиелік әрекетін үйлестіруші басты тұлға. Оны мектеп әкімшілігі мектептің педагогикалық кеңесінің шешіміне сай тағайындайды. Ол белгілі бір сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырады және ынтымағы жарасқан оқушылар ұжымын құрады, сол сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің тәрбие әрекеттерін үйлестіреді және ата-аналар мен жұртшылықты бала тәрбиесіне ортақтастырады. Оған тікелей балалардың өмір сүруі және оқу-тәрбе жағдайын қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеледі.
  • Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мен тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады. Оған К.Д.Ушинскийдің «...тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие» деген тағылымдық мәні зор пікірі дәлел болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет