Сынып жетекшісінің педагогикалық әрекетінің мазмұны және тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі оның жан-жақты педагогикалық қызметі арқылы анықталады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық қызметі. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыру; тұлғалық өзекті мәселесін шешу; әлеуметтік өмірге араластыру; өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен өзара тығыз байланыс орнату. Рухани-адамгершілік және рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру және т.б.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, шығармашылық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту. Тәрбиелеуші ортаны қалыптастыру.
3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару және әдістемелік қызметі. Оған: диагностикалық, мақсатқоюшылық, жоспарлау, болжам жасау, жобалау, талдау жүргізу, бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметтерін жатқызуға болады.
3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару және әдістемелік қызметі. Оған: диагностикалық, мақсатқоюшылық, жоспарлау, болжам жасау, жобалау, талдау жүргізу, бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметтерін жатқызуға болады.
Диагностикалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылардың тәрбиелік деңгейі мен сапасын анықтап отыруы, соған сәйкес олардың тұлғалық және жеке-дара қабілеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеуі, оған талдау жүргізуі; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын және т.б. қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностикалық зерттеу жұмысының нәтижесін талдауда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл процесс оқушылардың жас және дара ерекшелігімен сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.