Қазіргі мектепте сынып жетекшісінің қызметіне қатаң қойылған регламент жоқ. Ол өзінің ұстанымын өзі таңдайды, тәрбиенің мазмұны мен құралдарын өзі таңдайды, оқушылармен гуманистік қарым-қатынасты орнату бағытын өзі белгілейді. Оның табысты болуы, негізінен сынып жетекшісінің қойылған мақсатқа сай өзінің педагогикалық әрекетінің түпкі нәтижесін алдын-ала жақсы көре, болжай, сезіне білсе ғана мүмкін болады.

Соңғы 80-90 жылдары сынып жетекшісі қызметінің шамадан тыс артуы белең алды. Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы /октябрят, пионер, комсомол/ жұмысының тоқталуымен байланысты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да тәрбие жұмысына кері әсерін тигізді. Соған орай, мүмкіншілігі жоқ кейбір балалар тобы, оның қызметін көре алмауда. Бұл сынып жетекшілері үшін де қосымша жұмыс болып есептелінді. Оның орнын толтыру, ендігі жерде сынып жетекшілерінің басты мәселесіне айналды.
Сондай-ақ, қазіргі қоғамда ғылымның, техниканың, өндірістің, мәдениеттің жоғары дамуы тәрбие жұмысының мазмұнын қыйындатуда және оған қойылатын талаптар да артуда. Бұған қосымша қоғамды демократияландыру жағдайы да мектептің сипатын, мазмұнын, тәрбиелік іс-әрекеттің формасын және оны басқару стилінің өзгеруіне де өз ықпалын тигізуде.

Мұндай жағдай, сынып жетекшілері және пән мұғалімдерінен мектептің оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен, ізденпаздықпен қарым-қатынас жасауы, оны ұйымдастыруда жаңа бейдәстүр формаларды көптеп ендіру қажеттілігін күшейтіп отыр.