Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын



бет16/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Байланысты:
синтаксис

13. Қиысу

Қиысу — синтаксистік байланыстың жиі қолданылатын түрі, сөйлемдегі бағыныңқы мүше басыңкы мүшенің грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғаланып байланысады. Қиысу сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың арасын байланыстырады. Бастауыш пен баяндауыш жіктік жалғаулары арқылы не жіктелу ретімен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп байланысады. Мысалы: Мен айттым — сен айттың — ол айтты. Біздер айттық — сіздер айттыңыздар — олар айтты. Қолданбалы тіл білімі (орыс. прикладное языкознание) — тілге байланысты практикалық мәселелерді шешу әдістерімен шұғылданатын тіл біліміндегі бағыт.

Орыс тілінде сөздер жақ, септік, тек (род) жағынан қиысады. Қазақ тілінің өзгешелігі сол – бастауыш пен баяндауыш қана қиысады.Сөйлемнің басқа мүшелеріне бұл байланыс тән емес. Қазақ тілінде бастауыш пен баяндауыш екі тұстан қиылысады: жақ жағынан, сан жағынан. Баяндауыштың белгілі бір жақтық мағынада айтылып, сол тұлғада тұруын бастауыштың жақтық мағынасы билейді. Мен, сен, сіз, біз, сендер, сіздер есімдіктері I, II жақтың бастауышы болады, қалғандары III жақтың бастауыштары. Қиысуға ықпалы бар басқа сөздер де бар. Айталық,өздік есімдігі тәуелдік жалғауының қай жағында тұрса, жіктік есімдігінен болған бастауышпен теңесіп, баяндауышпен солайша қиысады. Мысалы: Өзім қазақпын. Өзіміз қазақпыз. Өзің қазақсын. Өздерің қазақсыздар. Өзіңіз қазақсыз. Өздеріңіз қазақсыздар Өзі қазақ. Өздері қазақ Жалпылауыш есімдіктер мен жинақтау сан есімдері тәуелдік жалғаудың жақтық көрсеткіштерін ала отырып, соған сай баяндауышпен жақ жағынан үйлеседі. Мысалы: Бәріміз барамыз. Екеуміз барамыз Бәрің барасыздар. Екеуің барасыздар. Бәріңіз барасыздар. Екеуіңіз барасыздар. Бәрі барады. Екеуі барады. Көріп отырғанымыздай бастауыш жағы үйлесіп тұр, баяндауыш көпше тұлғада, себебі бастауыш болып тұрған сөздердің лексикалық мағынасында көптік форма бар. Бастауыш пен баяндауыш екі жолмен қиысады: 1) жалғаулы; 2) жалғаусыз. Жалғаулы қиысу I, II жақтарда болады (Мұның мысалын жіктеуден көруге болады). Ал енді баяндауыш ашық райлы етістіктен болғанда, бастауыш пен баяндауыш III жақта да қиысады. Мысалы: Ол болады. Асқар болыпты. Жалғаусыз қиысу баяндауыштар есім сөздерден болғанда, III жақта байқалады. Мысалы: Ол – адам. Көз – көңілдің көрінісі. Сандық қиысу көптік мағынадағы әр түрлі жалғаулар арқылы жүзеге асады: - 1–жақта бастауышты баяндауышпен көпше трде –мыз, (-быз, -біз, -пыз, -піз); - қ,(к); лық (-лік); -дық(-дық, -дік, - тік) сияқты жақтық жалғаулар байланыстырады (әр қайсына мысал келтіріп үйреніңіз - автор); - 2-жақта бастауыш пен баяндауышты қиыстыратын – көптік жалғаулары (-дар, - дер, -лар, -лер, -тар, -тер). - 3-жақта сандық қиысудың көрісі болмайды. Бұл жақта сандық қиысу болу үшін баяндауыш бастауыштың сандық, көптік жайын ашу керек, ал баяндауыш бастауыштың спасын білдіріп бастауыш пен баяндауыштың арасында тұлғаның өзгелік болады, «Олар - ақылдылар» десек, үйлесіп сандық, жақтық тұрғыдан үйлесу болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет