Сөйлемдердің грамматикалық жағынан екі негізгіделеді және бір негізді болып құрылатыны рас. Предикативтілік: субьект – предикативтік қатынас бастауыш-баяндауыш. «Осылай етуге тура келеді. Топырақты күрекпен қазады». Бұл сөздерге ортақ белгінің болмауы, оның субьектімен сәйкеспеуі. Бір ғана предикат негізінде құрылуы. Жақты сөйлем
1. Жақты сөйлемдер.
Субьектінің мәні предикативтілік бас мүшедегі жақ тұлғаларынан аңғарылып, С-ң атау тұлғалы есімдермен берілуін керек етпейтін бір негізді түрін белгілі жақты сөйлем дейміз.
Кез келген тілдік тұлға нақты, тура мағынасынан басқа жалпылық та мағынаға ие бола алады. Осы тұрғыдан келгенде, белгілі бір жақтық жалғау тура мағынасынан басқа жалпылық жақты білдіретін мәнге де ие бола алады, яғни абстрактіленеді. Сөйлемнің бас мүшесі қандай жақтық көрсеткішпен берілгеніне қарамастан тыңдаушы оқырман мазмұнынан сол хабардағы іс-әрекет, қимыл –қозғалыстың өзіне де, сөйлеушіге де, бөгде жаққа да қатысы бар екенін ұғынады. Сонда «жалпылық» деген ұғым іс-әрекетке ие бола алатындай сан мыңдаған субьектілердің бәрін емес, 1,2,3 –жақтардың ғана белгілі бір қимыл - әрекетке қатысты бола алуын білдіру болып саналады. «Келбеті келгеннен кеңес сұра»
Сөйтіп, бас мүшесі белгілі бір жақтық тұлғада тұрғанымен семантикасы жалпыланған жақтық мәнді білдіретін, соған сай іс-әрекет үш жаққа тән боп көрінетін бір негізді сөйлемді жалпылама жақты сөйлем дейміз.
Жасалу жолдары:
1. 2 –жақ жіктік жалғауы.
а) етістіктің дара, курделі болымды – болымсыз ашық райынан. Өмір деген сол, қуанасың, ренжисің....
2. Кей пікірлерде, мақал –мәтелдер, афоризмдер I жақтың жеке тұлғада ауыспалы мәнде көпше тұлғада осындай жалпылық мәнге ие болады. Қысыла – қысыла қыз болдық. Онға келдім –ойнадым, қызығына тоймадым.
2. Жалпылық мағына мақал –мәтел, афоризмдердің III – жақ тұлғасынан байқалады. Белгісіз жақтыдан өзгеше. Сөйлем семантикасында 1,2 –жаққа да қатысты болатындай мағынада болса, оны жалпылама жақты деп есептеу керек. Көре –көре көсем болады. (жалпылама);
3. 4 компонетті құрылымның тұрлаусыз мүшелерінің орын ауыстыруына қарай бірнеше варианты болады.
Суды сіңетін жеріне құй, сөзді ұғатын адамға айт.
БЕЛГІСІЗ ЖАҚТЫ
Предикаты 3 - жақта келіп, әрекет иесі белгісіз жақ болатын, тек әрекеттің орындалуы жайында хабар болдыру мақсатын көздейтін бір құрамды сөз түрін белгісіз жақты сөйлем дейміз. Жиналыста басшы өзгергенін хабарлады. Мұны «өмір» дейді.
Құрылымы:
1. Дара предикат.
Етістіктің ашық, бұйрық райларында, шаққа қатысты көсемше, есімше, етіс тұлға тұлғасында келуі арқылы беріледі: Бормен жазады. Ананы құрметтейді. Амандыққа жазсын!
2. Күрделі предикат.
а) есімше, көсемшелерге көмекші сөздердің тіркесуі арқылы. Бұрын атпен жүруші еді.
ә) фразеологизм: Білімдіні жақсы көре бермейді.
б) «де» + сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Сақалы жоқ еркекті көсе дейді.
ЖАНАМА ЖАҚТЫ (ЖАҚСЫЗ)
Бір құранды сөздердің басқа түрлеріне қарағанда бұл сөз ертеден зерттелді. Басты белгілері:
1) тек предикаты ғана болады;
2) предикатының арнаулы тұлғадағы өзгеше құрылымы граматикалық субьектінің болуына мүмкіндік бермейді;
3) субьект-жақтық мән арнаулы септік жалғаулы сөздерден не контекстен логикалық ыңғайда аңғарылып тұрады. Кейде предикаттағы ырықсыз етіс тұлғасы арқылы іс-әрекет ешбір субьектіге қатыссыз модальдік мағына береді: Ол туралы естігенім бар едім. Оны көруге болмайды.
Жақсыз сөздердің предикатының түрлі-түрлі модальдік тұлғаларда келуі оның қолданылуында мол мүмкіндіктер ашады. Сонымен, граматикалық субьектысы жоқ, субьект мәні арнаулы септік және тәуелдік жалғаулы сөздер арқылы логикалық ыңғайда байқалатын не мүлде көрінбейтін бір құрамды сөздерде жақсыз сөйлемдер дейміз.
Предикатының жасалу жолы:
1.–у тұлғалы қимыл есімі.
а) аналитикалық форманттар ыңғайында құрылған тұйық етістіктер «керек» сөздермен тіркеседі. Маған бару керек.
ә) Тұйық етістік + ма: Оны сүймеуге бола ма?
б) дара, күрделі тұйық етістіктер тәуелденіп + керек: