4.Жатыс жалғаулы сөз тіркестері. Жатыст жалғаулы етістіктен мынадай қатынастарда жұмсалады:
Объектілік(толықтауыштық). Қимыл процесінің қандай заттың үстінде не қандай затпен байланыста болатынын білдіреді: өмірде кездесу, ойда сақтау, сөзде тұру.
Пысықтауыштық:
Мекендік. Мысалы: интернатта оқып жүр, ауылда көрдім, далада ұйықтап жатыр.
Мезгілдік. Оның бұл қылықтары алғашқы кезде ұнамады. Омбы қаласына іңір қараңғысында келіп кірді.
Көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Объектілік және пысықтауышты қатынастарда жұмсалады.
Объектілік:
Құралдық: балтамен шабу, арамен кесу, балғамен соғу, қармақпен ұстау.
Материалдық: балшықпен сылау, былғарымен қаптау, бояумен сырлау.
Заттық: отпен ойнау, сумен жуу, білгіштігімен аты шығу, іспен жауап беру.
Бірлестік: Асқармен сөйлесу, баламен ойнау.
Пысықтауыштық. Көмектес жалғаулы зат есімдер етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатынаста мезгілді, мекенді, себеп салдарды, қимылдың істелу амалын білдіреді. Қожа ертемен кетті. Елек суын жер астымен әкелді. Арман Нева көшесімен келе жатты.
Достарыңызбен бөлісу: |