Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын



бет65/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Байланысты:
синтаксис

Сабақтас құрмалас сөйлем деп ондағы синтаксистік компоненттердің бағыныңқы және басыңқы сөйлем ретінде жұмсалып, алғашқысының тиянақсыз тұлғадағы баяндауышы арқылы басыңқыға тәуелді, бағына жұмсалған құрмаластың түрін айтамыз.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненті бағыныңқы сөйлем деп аталады да, оны өзіне бағындырып, жетектеп тұратын тиянақты компонет басыңқы сөйлемдеп аталады. Басыңқы компонент – сабақтас құрмаласты аяқтаушы сөйлем, тірек сөйлем. Ал оның толық мазмұны бағыныңқы компонент арқылы ашылатын болады.

Бағыныңқы компоненттердің көпшілігі қызметі (функциялық) жағынан сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне ұқсас болады.

Тұрлаусыз мүшелер сияқты олар да өз жетегінде тұрған компоненттегі бір мүшеге меңгеріліп, соны түрлі жағынан анықтап, толықтап, пысықтап тұрады. М.: Жұрттың бәрі колхозға енген соң, көзге түрткі болмайық деп жортып кеттік (Ғ.Мұст.). Бұл мысалда бағыныңқы компонент неге? неліктен жортып кеттіңдер? деген сұраққа жауап беріп, басыңқы сөйлем баяндауыштың (жортып кеттік) себеп пысықтауышы қызметінде тұр. Сөйтіп, сабақтас құрмаласта бір синтаксистік компонент екіншісінің мазмұнын әр түрлі жақтан айқындап, сипаттап тұрады. Айқындалушы компонент құрмалас сөйлемді аяқтаушы болады да, өзгелері соны айқындаушы, толықтаушы мәндегі қызмет атқарады. Мұндай қызмет жеке сөйлем мүшелерінің қызметінен әлдеқайда кең, тиянақты болып келеді, өйткені бұл жерде синтаксистік компоненттер сөйлемнің жеке мүшелерінің рөлінде болып қоймай, өз алдына сөйлемдік қасиетін сақтайды. Өз басыңқысымен сөйлемнің бір тұрлаусыз мүшесі сияқты болып келетіндер – мезгіл, себеп, мақсат, қимыл-сын (амал) бағыныңқылар.

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасауда негізгі ұйымдастырушы – бағыныңқы компоненттің баяндауышы.

Сөйтіп, бағыныңқы компонент баяндауышы қызметін атқарып, оны басыңқымен сабақтастыра құрмаластыратын етістік түрлеріне төмендегілер жатады.

1) Есімше формалы етістіктер. Есімшелер ішінде бағыныңқы компонент

баяндауышын жасауға жиі қатысатын формасы –ған жұрнақты түрі. Ол бағыныңқы компонент баяндауышы ретінде мынадай тұлғаларда және мағыналық қатынастарда қолданылады:

а) өткен шақтық есімше жатыс жалғаулы формада тұрып, екі түрлі мағыналық қатынаста жұмсалады: 1) басыңқы сөйлемдегі іс-әрекетті мезгілдік жағынан айқындайды. М.: Абай қайта-қайта айға қарап таңданып отырғанда, осы ауылдың шетінен ән естілді(М.Ә.); 2) басыңқы компоненттегі іс-әрекет, жай-күйдің болу/болмауының шартын білдіреді. М.: Егер еркек болғанда, Болар ең тұтқа бір жұртқа (Қобыланды батыр).

ә) өткен шақ есімше көмектес септік тұлғасында айтылып, тек қарама-қарсылық мағыналық қатынаста тұрады: Қыз көңілі солғын болғанмен, қыз әкесі Еламанды жылы шыраймен жақсы қабылдаушы еді (Ә.Н.).

б) шығыс септік тұлғасындағы түрі әуелі –дық жұрнағын жалғайды, не болмаса өзінен кейін септеуліктердің қосыла айтылуын қажет етіп отырады: Сырбай мен Дәулетқан осындай достас болғандықтан, олардың үй іштері де бір семьядай араласып кетті (С.М.).

2) Көсемше формалы етістіктер. Құрмалас құрамына енетін жай сөйлемдерді құрмаластыруда көсемшенің үш түрінің үшеуі де қолданылады, бірақ олардың қолданылу дәрежесі біркелкі емес. Көсемшелердің ішінде сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің баяндауышы қызметінде жиі қолданылатыны -ып, -іп, -п жұрнақты түрі. Егер есімшелі баяндауыш тұлғалық өзгерістерге түсіп (барғанда, барған кезде т.т.) жұмсалса, көсемше сол қалпында тұрып-ақ бағыныңқы сөйлем баяндауышын жасай береді. М.: Есік шалқасынан ашылып, бір топ адам сау етіп кіріп келді.

3) Шартты рай тұлғасы. Бұл қызметте шартты рай тұлғалы сөз көсемше тәрізді өзінен кейін ешбір дәнекерді қажет етпей-ақ, екі жай сөйлемді құрмаластыра береді. Осы тұлға арқылы байланысқан сөйлемде бағыныңқының баяндауышы өзара жақ жалғауы арқылы қиыса байланысады.Мезгіл мәні: Көзімді ашып алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен(Ғ.М.); Шарт мәнді: Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер (С.Ерубаев).

4) Шылау не шылау мәндес сөздер арқылы. Шылаулар құрмалас сөйлемнің салалас түрін жасауға да, сабақтас түрін жасауға да қатысады. Салаластыра құрмаластырушылар –жалғаулықтар, ал сабақтастыра құрмаластырушылар – септеуліктер. Ондай септеуліктердің қатарына шейін, дейін, кейін, бері, сайын, соң, үшін шылаулары жатады. Бұл септеуліктер белгілі формадағы арнаулы сөздерге тіркесіп айтылған жағдайда ғана бағыныңқы компоненттің баяндауышын жасай алады. М.: а) жеткенге + шейін, дейін; ә) болғаннан + кейін, бері; б) атау тұлғалы есімше (түскен) + сайын, соң; в) тұйық етістік (қалмау) + үшін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет