Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын



бет73/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
синтаксис

58. Салыстырмалы сабақтас.

Салыстырмалы бағыныңқы сабақтас құрмалас. Бұл сөйлем кұрамындағы жай сөйлемдердің баяндайтын іс-әрекет, окиғалары салыстырыла көрсетіледі.

Бағыныңқы комонент пен басыңқы компоненттегi iс-әрекет салыстырыла берiлетiн сабақтасты салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас деймiз.

Компоненттерінде баяндалатын іс - әрекет , жай - күй бір - біріне салғастыру , теңдестіру түрінде айтылатын сабактас сөйлемнің қазақ тілінде де барлығы құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы зерттеулерден , А. Байтұрсынұлы « Тіл құралынан » бері қарай сөз болып келеді . Бірақ терминдік жағынан болсын , жасалу тәсілдерін айқындау жағынан болсын әр автор еңбегінде әр түрлі баяндалып отырылды . Құрмалас сөйлемге байланысты қазақ тілінде жазылған алғашқы еңбек А. Байтұрсынұлы еңбегінде салыстырмалық мәні бар сабақтас сөйлем « сын пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас » деп аталған да , оған « Қалай бақсаң , атың солай жүрмек » деген мысал келтірілген . Дәл осыған ұқсас сабақтас сөйлемді ( Сабыр қалай жүрсе , Мәмет те солай жүреді ) 1936 жылы жасалған « Қазақ тілінің программасында » Қ . Жұбанов « шақтас бағыныңқы » деп атаған . «Салыстырмалы сабақтас» деген атау алғаш рет 1939 жылы С. Аманжолов пен Н. Сауранбаев жазған оқулықта қолданылған . Бұл автордың пікірінше , аталған сабақтас сөйлем екі түрлі жолмен жасалады : а ) бағыныңқы сөйлемі -дай , -дей жұрнақты есімшеге және ә ) сияқты шылауына тіркесе айтылған есімшеге аяқталады .

Салыстырмалы мағына төмендегідей тәсілдер арқылы жасалады .

1. Шартты рай формалы етістікке аяқталған бағынынкы компонент құрамында әрқашан қандай , қанша , қалай деген сұрау есімдіктерінің бірі келеді де , басынкы компонентте сонымен тұлғалас , соған жауап ретінде айтылатын сондай , сонша , солай деген сөздердің бірі айтылады . Сөйтіп , екі компоненттегі жай - күй , әрекет бірдейлік , теңдестік барлығы салыстырыла көрсетіледі . Мысалы : Сіздің үйдегі Сәду ағай маған қандай жақын болса , Келдібай да сондай бауырым еді . Басқалар қандай қуанса , ол да сондай қуанған еді . Бөлекбастың жүрісі қандай паң болса , сөзі сондай паң ( Ә . Әбішев ) . Еңбекті қанша істесең , табысты сонша аласың . Кісі қалай жүрсе , көлеңке солай жүреді .

2. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем , сондай - ақ бағыныңқы компоненттің баяндауышы қызметінде , -дай , -дей жұрнақты өткен шақтық есімше келу арқылы жасалады . Мысалы : Сондай өмір өзіне еліктіргендей , Дәулет ауылдағыдан әлдеқайда сауықшыл болып кеткен сияқты . Құлпырған масаты дала денем шамданбасын дегендей , айнала толқыған сағымнан ақырын ғана сілкінеді.

Грамматикалық тәсілдермен қоса салыстырмалы сабақтастардың жасалуына септігін тигізетін тірек создер болады .

1 ) Бағыныңқы және басынкы сөйлемдер құрамында өзара салыстырыла жұмсалған сөздер . Үлкендер пұшпақ тымақ кисе , соңғы жылдары бозбаланың көбі осындай түлкі тымаққа ауысқан еді . Төлеген жасынан серi жiгiт болса , Сансызбай сауыт киіп , садақ асынған , жаратып ат мінген батыр жігіт болып тәрбиеленеді ( Әуезов ) .

Осындай дәрежедегі салыстырмалык мән кейде бағыныңқы компоненттін баяндауышы - ған формантты есімшенің жатыс септiгiнде тұруы аркылы да беріледі : Ел арасының өзге сөзі бір тобе болганда , Түсіп үшін осы жай өзі бір төбе болатын . Аналар қырық шамалы болғанда , бұлардың бары - жиырмадан артық емес ( Әуезов ) .

2 ) Ендi бiр сойлемдердiң құрамында мағынасы жағынан бір - біріне қарама - қайшы жұмсалған создер колданылып , салыстырмалық мәннің күшін одан сайын айкындай түседі : Надан Малқар ескі әдетімен елді қорқытып ұстамак болса , залым Шолкендер алдап ұстамак ( Мұстафин ) . ... Біреулері әлі маздап тұрса , енді біреулер жер ошақта қалған қозыдай солғын бозарады ( Кекілбаев ) . Біреулері күле келсе , енді біреулер қабақ шытып , ренжи келедi ( Газеттен ) .

3 ) Әр түрлі дәрежедегі салыстырмалы сабақтастың осы жолында да бір - бірімен өзара салыстырыла айтылған создер болады . Сонымен қатар мұнда бағыныңқы компоненттің баяндауышы болса , сиякты болса түрінде аякталып , келесі басынкы компоненттегі оқиға желісімен салғастырыла айтуга жол ашады : Я , мен көк ит болсам , сендер көп итсіңдер ( Әуезов ) . Озық елдің өмірі тармағы көп, құймағы көп өзен сиякты болса , бұл елдің өмірі ойдым - ойдым шалшыктай таяз да , көлемсіз де ( Мүсірепов ) .

4 ) Салыстырыла айтылудың енді бiр түрiнде бағыныңқы компоненттегі салыстырудан басынкының мәні артық, үстемелі дәрежеде түсіп жатады . Мұндай белгінің орындалуына басыңқының құрамында одан да тәріздес күшейткіш үстеуiнiң колданылуы себеп болады : Тән күші олай болса , жан күші одан да керемет . Қазақтың Шоқан естіген музыкалык фольклоры соншалық бай болса , создiк фольклоры одан да бай ( Мұканов ) . Стаханов жер жүзілік рекорд жасаса , Әкімдер одан да асты ( Мүсірепов ) .

Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтасты теңдес салыстырмалы және әр түрлi ыңғайдағы салыстырмалы сабақтас болып бөлінеді.

Жасалу жолдары:

Теңдес салыстырмалы сабақтастар:

а) Бағыныңқы компонетте қандай есiмдiгi қолданылса, басыңқыда сондай үстеу қолданылады. М: Қазiрде Абай көңiлi қандай салқын болса, Дiлдә да сондай салқын (М.Ә.).

ә) Бағыныңқыда қалай есiмдiгi, басыңқыда солай есiмдiгi: Олжабек қалай бұрылса, Жамал да солай бұрылды. (Ғ.Мұст.)

б) Қанша-сонша: Күннiң ұзақтығы қанша болса, еңбек сағаты соншалықты (М.Ә.).

Әр түрлi ыңғайдағы салыстырмалы сабақтастар: а) Бағыныңқы және басыңқы сөйлемдер құрамында өзара салыстырыла жұмсалған сөздер болады. Үлкендер пышпақ тұмақ кисе, соңғы жылдары боз баланың көбi осындай түлкi тұмаққа ауысқан едi.

ә) Мағынасы жағынан бiр-бiрiне қарама-қарсы жұмсалған сөздер қолданылады. М: Надан Малқар ескi әдетiмен елдi қорқытып ұстамақ болса, залым Шәлкендер алдап ұстамақ. (Ғ.Мұст.).

б) Бағыныңқы компонеттiң баяндауышы болса, сияқты түрiнде аяқталып, келесi компонеттегi оймен салыстырылады. М: Я, мен көк ит болсам, сендер көп итсiңдер (М.Ә.).

Ой басқан Шыганақты Мүхит сергітсе, елеске ерген Олжабекті жақсы жора сергітті /Ғ.Мүстафин/.

57. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем


Сабақтастың бұл түрінде бағыныңқы компонент басыңқыда ха-барланған уақиға, әрекеттің қалай орындалу амалын білдіріп тұрады. Бұл жағынан алып қарағанда, ол әдеттегі амал пысықтауыштың жай сөйлемде атқаратын қызметімен астарласып та жатады. Алайда жай сөйлемдегі амал пысықтауыштың қызметін амал бағыныңқылы сабақтаспен тепе-тең қарауға болмайды. Өйткені соңғысының қызметі алғашқыдан анағұрлым кең де көлемді. Бұл көлемділік, ең алдымен, мынада: бағыныңқы компонент тұтасымен алғанда басыңқыда орындалған не орындалып жатқан уақиғаның қалай болудағы амалын білдіреді де, белгілі бір ойдың желісіне қазық болып тұрады. Ал, қазық бола алу — өз алдына арнаулы ойы бар, тиянақсыз болса да сөйлемдік құрылысы бар сабақтастың бір компоненті екендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, [Олар] біріне-бірі күлімдеп қарады (Мұстафин). Жұлығынан аяғы ш ы ғ ы п, алба-жұлба болып бүрсеңдеп бір әйел келді (Майлин) деген сөйлемдердегі сирек терілген сөздер мен сөйлемдердің қызметі тең дәрежеде емес.

Амал бағыныңқы сабақтас көсемше, есімше түрлерінің бірінде келуі арқылы жасалады.

1. Көсемше арқылы құрмаласу. Бұл ретте көсемшенің -п, -а, -е және (ма) -й тұлғалары қатынасады. Әрқайсысын жекелей талдайық.

а) -п формантты көсемше. Бұл — амал бағыныңқылы сабақтастың ең бір басты көрсеткіші. Бұлай дейтін себебіміз — амал бағының-қылы сөйлем жайында әңгіме қылғанымызда, ең алдымен осы жолмен келген түрін түсінеміз де, соған тоқталамыз. Бұл түсінікті де. Өйткені -п формантты көсемшелі баяндауыш амал бағыныңқы-лы сабақтастың кілті, ең қажетті бір түрі (шартты бағыныңқының -са, -се тұлғасымен салыстырыңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет