Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын



бет68/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76
Байланысты:
синтаксис

53. Қарсылықты сабақтас.

А.Байтұрсынұлы еңбегінен басталады. Онда мұны «Ереуіл бағыныңқы» деп атаған да, шартты рай формалы етістіктің -да, -де шылауына тіркесіп айтылуы арқылы жасалатын бір ғана түрі келтірілген. Мысал: 1) Күні бойы қараса да, таба алмады. 2) Қыс қатты болса да, мал аман шықты. [1,167-168]

Бағыныңкы және басыңкы сөйлемдерде айтылатын ой, баяндалатын іс- әрекет бір-біріне қарама-кайшы келетін сөйлемді қарсылықты бағыныңкылы сабақтас деп атайды.



Жасалу жолдары:

  1. Бағыныңқы компонент да/де шылауына тіркескен шартты рай формалы етістікке аяқталады: Отқа салып ерітсең де, алтын сірә жез болмас. Салт аттылары ме ат шана өтіп кетсе де, Әбдірахман терезеге сүйеніп ұзақ тұрды.

  2. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы етістіктің -ған тұлғалы есімше түрімен беріледі. Ол көмектес септік жалғауында (ған+мен) тұрады. Мысалы: Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Қыс қыстаулары басқа болғанмен, жаз көбіне бірігіп отырады. Ол ақылдарға Масақбай қарсы болғанмен, басқарманың өзге мүшелері көбін қабылдады.

  3. Бағыныңқы компонент шартты рай формаоы етістікке аяқталады да, әр компонент құрамында мағына жағынан бір біріне қайшы келетін сөздер болады. Ондай сөздер антоним сөздер болуы да, етістіктің бірі болымды, екіншісі болымсыз түрі болуы да мүмкін. Мысалы: Зұлымдық тек жалғыз ғана қалада екен десем, ел іші де шылқыған әділсіздік екен. Сақал мұрты бар демесең, түптеп келгенде, осы Омардың өзі де жетім. Төлеубекті мұғалімдердің көбі жек көрсе, Жанат оны жақсы көреді.

  4. Бағыныңқы компонент көсемше формалы етістікке аяқталады да, басыңқы компонентте бағыныңқы компонеттегі негізгі пікірге қайшы мәнде айтылған сөз болады. Мысалы: Кейбір сұраулары бола тұра, Сырбайдың Масақбай туралы айтқан сөздерін Естай бөлген жоқ. Осынша әзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті. Анатолий Сергеевичтің қызына Байжанның жуырда үйленетінін біле тұра, бұл жөнінде ресми кеңес үстінде ыңғайсызданды.

  5. Бағыныңқы компонент ша, ше қосымшалы есімшеге аяқталады да, сөйлем бағыныңқы компонеттегі іс әрекеттің, жай күйдің болғанынан басыңқы сөйлемдегі іс әрекеттің артықтығын көрсетеді. Мысалы: Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас. Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл. Сыртың сайлы болғанша, ішің майлы болсын. (Мақал)

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастар қарсылықты мағынаның берiлуiне қарай реалды қарсылықты бағыныңқылы және ирреалды қарсылықты бағыныңқылы болып бөлiнедi.

Реалды қарсылықты бағыныңқыда қарсы мәндегi оқиғаның орындалғаны не орындалатыны баяндалады. Мысалы:Салт аттылар мен ат шана өтiп кетсе де, Әбдiрахман терезеге сүйенiп ұзақ тұрды(Х.Есенжанов). Қанша ашу шақырдым десе де, Жәуке тыңдап отыр осы әнді. (Б.Майлин)

Ирреалды қарсылықты бағыныңқы сөйлемнiң бағыныңқы сөйлемiнде белгiлi бiр iстi орындау жайында әрекет жасалғанымен, басыңқыда сол әрекеттiң орындалуы терiске шығарылады.Мысалы: Осынша әзiрлiгi бола тұра, ол тойын жасамай кеттi(С.М.). Абылғазының қолындағы Жиреншенің құсы тіленіп талпынса да, Жиренше оны жіберткен жоқ. (М.Әуезов)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет