Жалғаулықсыз түрінде де алғашқы компонент баяндауышы көбінесе бұйрық райлы етістіктерден тұрады: Осыдан қолыма түссінші, буындырып өлтіремін.
Келтірілген мысалдың бәрінде де бірінші компоненттердегі іс әрекеттер екінші компонеттегі іс әрекеттердің алдағы уақытта болуына шарт ретінде алынған.
Шартты салалас сөйлемдер екінші компоненттегі әрекеттің болу болмауына бірінші компонеттегі әрекет шарт болып келеді.
Екі компонент баяндауышы да бұйрық райда айтылады: Біраз дем ал, тынығып қаласың. Айтқанды істе, зиян таппайсың. Менімен бірге жүр, бәрін де көресің.
Бірінші компоненттін баяндауышы " жедел өткен шақ етістік + бар ғой " ( айтты бар ғой ) типті болып құралады да , шарттық қатынасты бiлдiретiн конструкция ұйымдастырады . Атқанға жығылмай , тек жараланды бар ғой , машинаның тас - талканы шығады ( Мұқанов ) .
Бірінші компоненттін баяндауышы " келер шак есімше + бар " ( айтары бар ) типті болып құралады да , шарттық катынасты бiлдiретiн iргелес салалас сөйлем ұйымдастырады : Қорқатыны бар , коска неге отырады ?
Шарттык конструкцияны ұйымдастыратын баяндауыштық форма “ келмесі бар " ( болымсыз формадагы кимыл атауы + бар ) түрінде де құралып жұмсалады " . Бермесін бар , ол кедейді неге әуре қыласын ( Майлин ) .
Іргелес компонеттің баяндауышы " жедел еткен шак + екен " ( келдi екенсiн ) , " есімше - ған + екен " ( келген екен ) типтi болып құралады да, шарттық катынасты білдіретін салалас сөйлем ұйымдастырады . Өкімет бер дейді екен , бересін ( Майлин ) . Келген екенсін , кондырмай жібермейміз ( Мұратбеков ).
Бiрiншi компоненттіц баяндауышы " өткен шақ етістік + ба " ( айттым ба ) типті болып құралады да , шарттық катынасты білдіретін іргелес салалас сөйлем ұйымдастырылады . Біз осыған жол беріп ал дық па , онда бітті ( “ Жас алаш " ) .
Кейде қарсылық жалғаулықтары арқылы да байланысады: Біз білмеген ақ болайық, бірақ өзі тиіш жүрсінші.
Бірінші компонент баяндауышы III жақта, екіншісі I жақта: Ол тез кететін болсыншы, біз үндемейік.
Шарт мәнді сөйлемдердегі компоненттер арасындағы мағыналық қатынас төмендегіше көрінеді:
1) шарт – орындалатын нәтиже
2) шарт – орындалмаған нәтиже (қимыл-әрекет)
3) шарт – орындалу-орындалмауы белгісіз нәтиже (қимыл-әрекет)
Бұл мағыналық қатынас барлық тілдерде де бар. Осыған орай, шарт мәнді сөйлемдерді, оның ішінде шартты бағыныңқыны мағыналық жақтан кейбір зерттеулерде үш түрге (реалды, ирреалды, болжалды) ажыратылса, ендi бiрде екiге бөлiп (реалды, ирреалды) қарастырады.
Мысалы: Сен келiсiм бер, әйтпесе басқамен сөйлесемін (реалды шартты салалас). Сен келiсiм бер, әйтпесе мен саған жоқпын (ирреалды салала). Сен келiсiм бер, әйтпесе менің кетіп қалуым да мүмкін (болжалды).
Достарыңызбен бөлісу: |