Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


-сұрақ Жақсыз сөйлемдер, жасалу жолдары



бет22/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

20-сұрақ

Жақсыз сөйлемдер, жасалу жолдары

ЖАНАМА ЖАҚТЫ (ЖАҚСЫЗ)

Бір құранды сөздердің басқа түрлеріне қарағанда бұл сөз ертеден зерттелді. Басты белгілері:

1) тек предикаты ғана болады;

2) предикатының арнаулы тұлғадағы өзгеше құрылымы граматикалық субьектінің болуына мүмкіндік бермейді;

3) субьект-жақтық мән арнаулы септік жалғаулы сөздерден не контекстен логикалық ыңғайда аңғарылып тұрады. Кейде предикаттағы ырықсыз етіс тұлғасы арқылы іс-әрекет ешбір субьектіге қатыссыз модальдік мағына береді: Ол туралы естігенім бар едім. Оны көруге болмайды.

Жақсыз сөздердің предикатының түрлі-түрлі модальдік тұлғаларда келуі оның қолданылуында мол мүмкіндіктер ашады. Сонымен, граматикалық субьектысы жоқ, субьект мәні арнаулы септік және тәуелдік жалғаулы сөздер арқылы логикалық ыңғайда байқалатын не мүлде көрінбейтін бір құрамды сөздерде жақсыз сөйлемдер дейміз.

Предикатының жасалу жолы:

1. –у тұлғалы қимыл есімі.

а) аналитикалық форманттар ыңғайында құрылған тұйық етістіктер «керек» сөздермен тіркеседі. Маған бару керек.

ә) Тұйық етістік + ма: Оны сүймеуге бола ма?

б) дара, күрделі тұйық етістіктер тәуелденіп + керек:

Менің айтуым керек еді.

в) у + тура келеді: Баруыма тура келді.

г) у +ға + бол мүмкін бол: Айтуға бола ма?

Бүгін қалуға мүмкін емес.

2. предикаты есімшеден болады:

а) –ған + ы: Кімді қорлағаны?

ә) есімше + ма, қой, шамалы, шығар, несі. Бәрінің біткені ме? Шығар,ғой, шамалы.

б) –атын, -ған + бол: Мені ұнатпайтын болғаны ма?

в) тәуелді есімше + бар. Бұл туралы айтқаны бар.

3. –ғы: Сәби болғым келеді. Сол

4. – тәуелденген есім сөздер жеке тұрып және көмекші, модаль сөздермен тіркесіп, үйірлі мүше тәрізденіп тұрады: Айтуға хақың жоқ.

5. құрамында тәуелді зат есім бар фразеологизмдер тұтасымен жақсыз сөздердің предикаты болады: Адамның еті өліп кетеді.

6. сөз субьект мүлде көрінбейді, ол сөз мазмұны керек етпейді. Бұл таза «жақсыз сөздер»:

а) қимыл есімі, олардың жіктелген барыс септікте келген түрлеріне әр түрлі модаль мәнді сөздердің тіркесуі арқылы: Қайта, саған жастарды салу керек.

ә) көсемше ж. Шартты рай + бол. Мұны айтпаса болмайды.

б) –ған және – мақ модаль сөз. Мұны тыңдаған жөн. Адамды түзетпек керек.

в) не? неге? Есім есімдіктің қатысуы: Осыны неге уйренбеске.

г) ырықсыз етіс қатысуы: Хат жазуға тыйым салынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет