24-сұрақ
Хабарлы сөйлемдер
Сөйлем болмыстағы қатынастарды білдіру үшін ғана жұмсалмайды. Кісінің тіл арқылы қатынас жасауы пікір, ой айтумен қатар екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе басқа біреуді іске қосу, жұмсау мақсатына байланысты болады. Сөйлеу үстінде сөйлеушінің эмоциясы да көрінеді. Сөйлеудің осы мақсаттары тілде сөйлемнің тиянақты формалары арқылы көрінеді.
Сөйлемдер мөйлеу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер деп топталады.
Хабарлы сөйлемдер. Хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар хабарлы сөйлем деп аталады. Бұл сөйлемдердің негізгі грамматикалық белгілері мыналар:
1. Баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен жасалады;
2. Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады;
3. Белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ);
4. Айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді;
5. Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді;
25-сұрақ
Сөйлем және оның құрамы
26-сұрақ
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлем мүшелері сөйлемде жеке-жеке қолданылумен бірге топ-тобымен де қолданыла алады. Осындай сөйлем мүшелері бір сөз табынан да жасалады, және олардың бәріне бірдей бір-ақ сұрау қойылады. Бұлардың тұлғалары да көбінесе бір формада болып келеді. Бұндай мүшелер сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. Сөйлемнің барлық мүшелері осылай бір сұрауға жауап беріп, бір синтаксистік кызмет атқарып, тобымен бәрі сөйлемнің белгілі бір мүшесімен ғана қатынасқа түсіп, сөйлемнің бірыңғай мүшесі бола алады.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері санамалы интонациямен бөлініп-бөлініп айтылады. Олар бірінен кейін бірі тізбектеле, арасына басқа мүшелі сөз түспей, әрқайсысы дербес интонациялы кідіріспен қолданылады, сонысымен басқа мүшелерден ерекшеленіп, өзара бір топқа бірігеді.
Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.
Бірыңғай бастауыш: Жұрт тарай бастағанда Қабыл, Анар, Балжан үшеуі оңаша қалған еді.
Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім.
Бірыңғай толықтауыш: Бақшадан бақыттан, шаттықтан, қуаныштан тасып шыққан күлкі естілді.
Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім).
Бірыңғай пысықтауыш: Ол хатты асықпай, байыппен, жақсылап тағы бір оқып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |