Түйдекті тіркестер, оның құрылымдық топтары Түйдекті тіркес – сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркестер. Түйдекті тіркес лексика-грамматикалық тұрғыдан өзара байланыста болып, сөз тіркесінің құрамына енеді. Түйдекті тіркес құрамындағы сөздердің лексика-семантикалық дербес мағынасы болмайды. Мысалы, Желідегі екі құлын мен қара ала төбеттен басқа үй маңында жан иесі байқалмайды (Қ.Жұмаділов). Мұндағы үй маңында сөз тіркесі емес, маңы – көмекші сөз, оның дербес мағынасы жоқ. Сондықтан олар сөз тіркесінің құрамында түйдектеліп, сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқарады. Түйдекті тіркес бір сөз табынан да, түрлі сөз таптарынан да бола береді, көмекші сөздің тіркесуі арқылы да жасалады. Оның құрамындағы сөздердің дербес мағыналарының болу-болмауына байланысты үлкен екі топқа бөлеміз:
1) дербес мағынасы бар;
2) негізгі сөз бен көмекші сөз арқылы жасалған.
Дербес мағынасы бар түйдекті тіркес сөз таптарының күрделі түрлері (қара сұр, он жеті, т.б.) мен тұрақты тіркестер (төбе шашы тік тұру) арқылы жасалады. Түйдекті тіркестің екінші тобы негізгі сөздерге көмекші есімдер (қала іші), көмекші етістік (аға деген), септеулік шылау (сәлден соң),модаль сөздер (дала тәрізді), қосарлы сан есімдер (үш рет), т.б. көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.
Түйдекті тіркестің басты белгілері төмендегідей болып келеді:
а) сөз тіркесі сыңарының қызметін атқарады;
ә) сыңарлары бір-бірімен синтаксистік қатынаста жұмсалмайды;
б) Түйдекті тіркес сыңарларында мағына болуы да, болмауы да мүмкін;
в) сыңарлары ортақ бір сұраққа жауап береді;
г) құрылымы мен мазмұны тиянақсыз келеді.
22-сұрақ
Айқындауыш, түрлері Айқындауыш анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол анықтайтын сөзінің заттық не пысықтауыштық сапасын қосымша, жанама қасиет ретінде айқындайды. Бұл жағынан анықтауышқа ұқсас болғанмен, одан кейбір өзгешеліктері бар:
1) Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, онын өзіне тән, басқа заттан ерекше сынын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, көбінесе оның лексикалық мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен дәлдеп толықтырады.
Айқындауыштар құрылысына қарай үшке белікеді:
1. Қосалқы айқындауыш;
2. Қосарлы айқындауыш;
3. Оңашаланған айқындауыш.
Қосалқы айқындауыш - зат есімдердің қосымшасы ретінде жұмсалатын сөздер. Олар анықталатын сөздердің қосымша заттық сапасы болатындықтан анықтауыштардай олармен тығыз байланыста болмайды. Coндықтан олар айқындайтын сөздерімен орын ауыстыра береді: Алпамыс батыр. Жамбыл ақын, Әсет балуан, Жарас қарт, Баян бәйбіше.
Қосалқы айқындауыш сөйлемде айқындайтын сөзімен ұласып, ол екеуі сәйлемнің біртұтас күрделі мүшесі болып жұмсалады. Мысалы: Баян бәйбіше аңтаң. Жақия ақсақалмен сөйлесейін деп едім.
Қосарлы айқындауыш деп анықтайтын сөзімен қосақталып, одан кейін тұратын сөздерді айтамыз: телефон- автомат; инженер-технолог; батыр-ұшқыш. Қосарланған айқындауыштар қазақ тілінде көп кездеспейді. Олар орыс тілінен терминдер алу және орысшадан қазақшаға аудару процесінде тілімізге еніп, қазақ әдеби тілінің де нормасына айналып келеді. Оңашаланған айқындауыш деп өзі қатысты сөзінен соң тұрып, ерекше әуенмен айтылып, анықтайтын сөзінің заттық, шақ ық мағынасын дәлдеп көрсететін айқындауышты айтамыз. Олар айкындайтын сөздерінен жане сөйлемдегі басқа мүшелерден дауыс ырғағы арқылы оқшауланып айтылады да, жазуда көбінесе екі жағынан үтірмен бөлінеді. Мысалы: Біз, студенттер, бүгін емтихан тапсырамыз. Менің қарындасым, Алматыда оқып жүрген Разия, ертең үйге қайтады.
Оңашаланған айқындауыштар айқындайтын сөздерімен тұлғалас, мағына жағынан әуендес болады: айқындалушы бір грамматикалық тұлғада не грамма- тикалық мағынада айтылса, айқындауыш та сонымен қиысып, сондай тұлғада не мағына жағынан онымен үндес келетін басқа тұлғада жұмсалады. Мысалы, біздер дегеннің айқындауышы да, біз дегеннің айқындауышы да пионерлер, оқушылар, колхоз мүшелері сияқты көптік жалғауда айтылады.